Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр



бет2/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#138341
1   2   3   4   5   6

Философия пәні.

Философияның дүниеге деген ерекше көзқарастық мәнін ашқаннан кейін, мәселені нақтылай түсіп, келесі сатыда оның пәнін анықтауымыз керек.

Бұл мәселе бір қарағанда оңай сияқты болғанымен, бірақ жаратылыстану мен жеке гуманитарлық білім салаларының тез дамуы, жыл сайын жаңа ғылым турлерінің пайда болуы философия пәнінің өрісін тарылтып, тіпті оның керегі де жоқ,- деген пікірді туғызуы мүмкін. Ағылшын драматургы У.Шекспирдің "Король Лир" кейіпкері өзінің барлык байлығын үш қызына бөліп беріп, өмірінің соңында қайыршы болып қалғанындай, философия шеңберінен бөлініп шыққан жеке ғылымдар оны пәнсіз қалдырмас па екен,- деген сұрақты неміс, философы В.Виндельбанд қойған болатын. Ал француз философы О.Конт философия өз дамуында 3 сатыдан өтеді дейді. Олар -теологиялық ( theos- грек сөзі, - Құдай), метафизикалық (meta phisika - грек сөзі -табиғаттан кейін - болмыстың алғашқы құдіретті бастамалары жөніндегі ілім) және позитивтік. Соңғы сатысында философия тек қана жалпы ғылым және таным методтары (method - грек сөзі, -әдіс) женіндегі пәнге айналмақ, қалған мәселелердің бәрі жеке ғылымдардың үлесіне кете бермек.

Философия пәніне деген мұндай көзқарасты сынға алу үшін, біз бұл ғылымның шығу тарихына көз жіберуіміз керек. Онда біз тарихи өндіргіш күштердін дамуы, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінудің негізінде алғашқы ғылыми түсініктердің пайда болып (жер өндеу, оған су әкелу, геометриялық, математикалық түсініктерді, мал бағу, көшіп-қону, жұлдыздар мен планеталарға, айға карап, олардын қозғалуы, жерге тигізетін әсерлері жөніндегі білімдердің негізінің пайда болуына әкелді), мифологиялық және діни көзқарастың бірте-бірте алшақтап, дүниеге деген ақыл-ойға негізделген білімді тудырғанын атап өтуіміз керек. Негізінен алғанда, бұл алғашқы өмірге келген білімнің синкретикалық табиғатын атап көрсеткен жөн - ол әлі философия, не болмаса физика, психология т.с.с.ғылым салалары емес, оның ішінде барлық кейін пайда болған ғылымдардың ұрығы болса керек.

Көне грек топырағында бұл алғашқы білімге философия деген атақ беріліп, ол шынында сол кездегі барлық дүние зерттеудегі пайда болған ғылымнын алғашқы деректері мен тұжырымдамаларын өз бойына сіңірді. Сонымен қатар, философияның өз табиғатына тән сұрақтары да пайда бола бастайды. Олар - дүниенің негізінде не жатыр? Адам - ол кім? Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік дегеніміз не? т.с.с. сұрақтар. Бұл дүние жөніндегі шегіне жеткен ең жалпы сұрақтар пайда болып, өзінің мазмұнын ғасырлар өткен сайын тереңдете түсті. Көне заманның ұлы ойшылы Аристотель бүкіл философияны үлкен 3 бөлікке бөлді: ол теоретикалық философия (ой-өрісінен шығады), практикалық (адамның өмірдегі жүріс-тұрысы мен іс-әрекетін зерттейді) және көркемөнерлік (шығармашылыкты зерттейді).

Аристотель өз заманының ғүлама ғалымы ретінде ғылымның жеке мәселелерімен де айналысты, мысалы - жануарлардың дене құрылысы, не болмаса, риторика т.с.с. (rhetorike - грек сөзі, - әсем сөйлеу өнері). Бірақ, бұл ғылым салаларын ол кісі философиядан бөлек ажыратып қараған жоқ.

Орта ғасырларда дінге, діни сезімге басым орын берілгенімен, философия пәні жөніндегі Көне Замандағы қалыптасқан көзқарас сол күйінде қала берді.

Алайда, бұл жағдай дүниеге Жаңа дәуір келе өзгере бастайды. Ол, біріншіден, философиялық ой-өрістің діннен бас дербестік алуы; екіншіден, капиталистік қарым-қатынастардың дамуының арқасында өндіргіш күштердің жаратылыстану ғылымдарын жандандырып, олардың дербес сала ретінде қалыптасуына әкелді. Әсіресе. бұл үрдістер XV-ХУП ғасырларда белсенді жүріп жатты. Механика, астрономия, математика ғылым салалары өздерінің пәндік дәрежесіне көтерілді. ХУ ғасырда химия өзінше дербес ғылымға айналды. XІXғ. биология мен бірге антропология дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады (сонымен қатар, қоғамдық-экономикалық пәндер). XX ғасырда философияға өте жақын ғылым салалары - психология, этика, эстетика, саясаттану, әлеуметтану пәндері дербес ғылым саласына айналды. Ал XX ғасырдың екінші жартысында ҒТР күрт дамуы жеке ғылымдардың өзінің көп салалы пәндерге айналуына, сонымен қатар, "екі саланың қиылысуынан пайда болған биофизика, астрофизика, биохимия сияқты жаңа ғылым салалары дүниеге келді.

Сонымен, ғылымның қалыптасып, сала-салаға белінуі (дифференциация), бірте-бірте ғылыми салалардың түйіскен жерлерінен жаңа пәндердің пайда болуына әкелді (интеграция).

Ғылым саласындағы Жаңа дәуірдегі және ең жаңа XXIғ. мұндай шытырман күрделі өзгерістер философия пәніне өзінің қандай ықпалын тигізді? Расында да, философия жеке ғылымдардың өзінше дербес пәнге айналуымен "жалаңаш корольге" ұқсас болып қалған жоқ па,- деген сұрақ ойға келуі мүмкін. Біздіңше оған негіз жоқ..

Өйткені, жеке ғылымдар саласы қалыптаса бастасымен-ақ философия да бірте-бірте өз шынайы мәселелеріне тереңірек қарап, өз-өзін табуын жеңілдеді.

Философияның ғасырлар бойы "'натурфилософиялық мәселелермен" айналысу себебі - жеке ғылымдардың дербес пән ретінде өмір сүре алмауы; сондықтан философия жаратылыстану мен әлеуметтік ғылыми деректерді бойына жинап, соларды сараптап. өз ішінде бірте-бірте дамытуға мәжбүр болды. Философия өзіне тән шегіне жеткен ең жалпы мәселелерді ешқашанда сырттатқан жоқ. Сонымен жеке ғылымдардың қалыптасу жолында, философия да өзіне жүк болып келген натурфилософиялық мәселелерден құтылып, өз-өзіне келе берді (natura - табиғат,-философиялық ой-өрістегі табиғат жөніндегі тұжырымдар).

Қорыта келе, мына пікірді айтуға болады. Философия өзінің бастауынан, осы заманға дейін - 2,5 мыңжылдық шеңберінде - өзінің пәнін, айналысатын мәселелерін өзгерткен жоқ. Жеке ғылымдардың қалыптасуы философияның өрісін тарылтқан жок және тарылта алмайды. да, өйткені, ешбір жеке ғылым дүниенің ең жалпы байланыстары мен қатынастарын зерттемейді. Керісінше, философия өз пәнін ғылыми деректер өскен сайын дамытып, өз өрісін кеңейтіп және тереңдету үстінде.

Философия пәнінің қайнар көзі - жеке адам, не болмаса әлеуметтік топ, қоғамнын дүние мен адам және олардың ара-қатынасы жөніндегі жалпы мағлуматты қажет етуінде. Басқаша айтқанда, homo sapiens (ақылды адам) дүниені біртұтас ретінде және сол дүниедегі өзінің кім екені, ондағы алатын орны жөніндегі ойлар мен сезім тебіреністерін тудырады.

Философияның пәні дүние мен адам арасындағы жүйедегі шегіне жеткен ең жалпы байланыстар мен қатынастар жиынтығын құрайды. Бұл ең жалпы жақындағанда ғана. Бұл қатынастар мен байланыстарды әрі қарай сараптап тереңдетсек, онда оның көп қырлылығын көреміз.

Біріншіден философия пәнінің метафизикалық, онтологиялық қыр-сырын атап өтуіміз керек (ontos - грек сөзі, барлық, болу; logos - ілім, - болмыс жөніндегі ілім). Оған мынандай сурақтарды жатқызуға болады: дүниенің негізінде не жатыр? Ол шектелген бе, не болмаса шексіз бе? Мәңгілік, не уақытша ма? Дүниенің өмір сүруінің ішкі мақсат-мүраты бар ма, ол не үшін жаратылған? Адамзат не үшін жаратылды? Адам болмысының мәні неде? Қоғам болмысын анықтайтын заңдар бар ма? т.с.с,

Философия пәнінің екінші маңызды жағы - ол оның гносеологиялық жағы ( gnosis -грек сөзі, -тану, білу). Оған мынандай сурақтарды жатқызуға болар еді: Біз кімбіз және

дүниедегі алатын орнымыз кандай? Адамның ақыл-ойы мен зердесінің табиғаты неде және ол дүниенің ішікі сырын аша ала ма? Акиқат, шындық дегеніміз не? Сезімдік пен ақыл-ойдың ара қатынасы қандай? т.с.с.

Философияның маңызды мәселелерінің тағы бір тобы - ол оның аксиологиялык, яғни, құндылық жақтары, құндылық әлемін сараптау. Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, философияда мынадай сурақтар бар: шындық, әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Адам өміріндегі еріктік, әділеттілік, теңдік, жақсылық, өлшем, парасаттылық т.с.с, құндылықтар қандай орын алады? т.с.с.

Философия пәнінің келесі жағы - ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері (prakticos- грек сөзі - белсенді, іс-әрекетшіл; pragmatos- грек сөзі, - іс-қимыл). Өйткені, адам дүниені тану барысында оны тек қана ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, дүниеде бүрын болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды жасайды. Кең түрде алганда, философияның праксеологиялық мәселелеріне бүкіл адамзат тарихындағы материялдық және рухани өндірістегі жетістіктері мен тәжрибесі, соларға жеткізген сан-алуан адамдардың табиғатпен және өз-өздерімен байланыстары мен іс-әрекеттерін жатқызуға болады. Адам, әлеуметтік топ, не болмаса қоғамның дүниетанымы, дүниесезімі мен оның іс-әрекет белсенділігінің байланысы қандай? Адамның іс-әрекетіне түрткі болатын оның қажеттіліктерінің табиғаты қандай? Мақсатқа лайықты іс-әрекет деп нені айтамыз? Адамның іс-ерекетінде мақсат-мүрат пен соған жеткізетін құралдардың ара-қатынасы қандай? Адам өзінің іс-әрекеттерінен шығатын, дүниеге тигізетін барлық салдарды ескере ала ма? Дүниені адамзат қаншалықты өзгертуі керек және де сол өзгертуде қоғам мен басқа тіршіліктің ара-қатынасы қандай болмак?, - т.с.с. сурақтар философияның праксеологиялық мәселелеріне жатады.

Соңында біз философия пәнінің ең нәзік, күрделі, терең ой, телегей-теңіз сезімдер, рухани толғау тудыратын жағын атап өтуіміз қажет. Ол - дүниені өзін-өзі танып білу дәрежесіне көтерген ең әсем күш - адам.

Адам мәселесі әсіресе XX ғасырдағы ойшылардың философиясында аса үлкен орын

алды. Адам - кім? Ол рух па, не болмаса дене ме? Ол не үшін дүниеге келді? Адамның

басқа тіршіліктен айырмашылығы қандай? Адам өмірінің мән-мағынасы неде? Ол өлімнен аттап өтіп өлместікке жете ала ма? Адам ғарышта жалғыз ба, не болмаса басқа рухани пенделердің біреуі ғана ма? т.с.с. сурақтар философия пәнінің антропологиялық жағын көрсетеді.

Орта ғасырдың ойшылы А.Августин айтканындай: «адамның өзі дүниедегі орасан тұңғиық, оның сезім толқыны мен жүрек тебіренісін есептеу- адамның басындағы шашты есептеуден де қиын». Адамды микрокосм (кіші ғарыш) ретінде макрокосмға (үлкен ғарыш) теңеген ертедегі грек ойшылдарының ойында үлкен сыр жатса керек.

Әрине, философия пәнінің жоғарыда көрсетілген жақтары бір-бірімен өте тығыз байланысты болып біртұтас жүйені құрайтынын ескеру керек. Сонда ғана біз күрделі, адам мен дүние арасындағы ең жалпы қарым-қатынастарын толыққанды суреттей аламыз.

Алайда, әрбір адамның философияны оқып-білудегі, әсіресе, оны зерттеудегі ерекше бір салаға деген қызығушылығы болуы мүмкін. Әдетте солай болады да. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының өкілдері көбінесе болмыс философиясына (онтология), тәрбие мөселелерімен айналысатындар адам және құндылық философиясына (философиялық антропология мен аксиология), логика және математика салаларының өкілдері - таным философиясына (гносеология), өндіріске жақын әр-түрлі техникалық мамандар иесі - іс-қимыл философиясына (праксиологиялық философия) ерекше көңіл бөлуі мүмкін. Өйткені, атап өткен философия салалары олардың мамандығына, білім ерекшелігіне сай келеді. Бірақ, мүның өзі философияның басқа салаларын да ешқашанда естен шығармай, әркашанда олардың әзара бір-бірімен байланысы мен біртұтастыгын ескеріп отыруды талап етеді. Сонда ғана біз философиялық ой-өрістің шеңберінде боламыз. Егерде біз философияның белгілі бір саласын толығынан бөліп алып қарасақ, онда ол бірте-бірте жеке ғылымдар саласына қарай жылжып, өзінің философиялык қасиеттерінен айырылып қалуы мүмкін. Философия өзін сақтап қалу үшін "Адам мен дүниенің" шегіне жеткен ең жалпы қарым-қатынастарының шеңберінде әрқашанда болуы керек. Философияның бұл ерекшелігі оның негізгі мәселесін шешу арқылы анықталады.

Философияның негізгі мәселесі. Бірінші жағы.

Философия дүниеге келісімен-ак оның шеңберінде әр-түрлі бір-біріне қарсы бағытталған ағымдар пайда болды.

Философиядағы дүниеге деген кезқарастың әрбір түрінің негізінде осы пәннің негізгі мөселесінің шешімі жатыр.

Философияның негізгі мэселесі осы пәннің терең табиғатынан шығады. Дүниенің біртұтастығын, бірлігін ой-өрісімен қамту үшін біз бірнеше сураққа жауап беруіміз керек. Ол - дүниенің алғашқы негізгі субстанциясы неде? (substantia - латын сөзі, -негізінде, астында жатқан).

Екінші жағынан, бұл дүниені шегіне жеткен жалпылық түрғысынан алып қарағанда, онда біз екі-ақ құбылысты табамыз - оның бірі материя (materia- латын сөзі, -зат) - табиғат заты, екіншісі - сана - адамның ішкі жан-дүниесі, рухы.

Жалпы айтқанда, жоғарыда көрсетілген үш үғымда дүниені зерттеудегі негізгі үш идея берілген. Ол - дүниенің бірлігі, екіншіден, оның заттық субстраты (substratum-негіз), үшіншіден - адамның өз ішінен табатын материалдық емес рухани тебіреністері.

Келесі ерекшеліктері - бұл үғымдардың метафизикалық табиғаты, - яғни, оларды жеке ғылымдардағы ұғымдар сияқты тәжірибе арқылы тексеру мүмкін емес, өйткені. олар бүкіл әлемді өз мазмұнында қамтуға бағытталып, бүкіл адамзат тәжірибесінің сыртына шығып, тек болжамдық мағнаға ғана ие болады.

Олай болатын болса, қайсыбір философиялық ағым, қалай дегенде де, бұл үғымдардың ара-қатынасын өзінше анықтамай әрі-қарай бір қадам аттай алмайды.

Егер дүниенің субстанциясы материя деген пікірге келсек, онда философияда материалистік ағым пайда болады.

Керісінше, субстанция дегеніміз жеке адамның жан-дүниесі, не болмаса дүниежүзілік абсолюттік идея, рух т.с.с. деп болжамдасақ, онда философияда. идеалистік ағым пайда болады.

Егер дүние субстанциясының екі ажырамас материалдық және рухани - жағы бар деген көзқараста болсақ, онда біз философияда реализм бағытын тудырамыз. Тек қана бұл үғымды Орта ғасырлардағы схоластикалық философияның жалпы үғым жөніндегі реализмінен айыруымыз керек.

Философияда сирек кездесетін ағымдардың бірі - дүние субстанциясы екеу -материя және рух, және олар бір-біріне тәуелсіз деген пікір. Мұны алғаш рет философия тарихында француз философы Р.Декарт айтқан болатын. Мұндай көзқарасты біз дуализм бағытына жатқызамыз. (dualis- латын сөзі, -екі жақтылық).

Жоғарыда аталған дүниегекөзқарастың үш түрі монистік бағытта болмак, (monos- грек сөзі, -біреу).

Дүниеге материалистік көзқарас әлемдегі болып жатқан барлық құбылыстарды дене, не болмаса сол материалдық заттардың қасиетттері ретінде қарайды. Сонау көне заманнан бастап осы уақытқа дейін материалистік философиядағы ағым (жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып) материя жөнінде әртүрлі пікірге келгенменен жоғарыдағы көрсетілген көзқарастан тайған жөқ.

XX ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуы, капиталистік қоғамның әлеуметтік саяси қайшылықтарының өршуі маркстік материализмнің дүниеге келуіне әкелді. К.Маркс пен Ф.Энгельс дүниеге деген материалистік көзқарасты қоғам өміріне дейін көтеріп біртұтастық материалистік ілімнің негізін қалады. Сананы, рухани өмірді түсіну үшін олар философияға бейнелеу теориясын енгізді. Материяның ең жалпы қасиеті – бейнелеу. Адамның санасы - бейнелеудің ең биік идеалды түрі- деген пікір айтып, мидағы болып жатқан неше-түрлі бұлдыр көмескі үрдістердің өзі адамдардың материалдық болмысынан шығады,- деген пікірді олар "Неміс идеологиясы" деген еңбектерінде айтты.

Сонымен қатар, марксизм адам. санасының өзін тудырған материалдык үрдістерге белсенді әсерін тигізіп, оны жетілдіретінін мойындады.

Философиядағы материалистік ағым.ең көне, бүгінгі таңда жан-жақты дамыған, жеке ғылымдардың нәтижелерін өз бойына сіңіріп, адамзаттың алдыңғықатарлы бөлігінің дүниеге деген көзқарасы ретінде көрінгісі келеді. Бірақ, бұл көзқарастың сонау тұрпайы материализмнен бастап диалектикалық материализмге дейін осал жері - қоршаған ортаның логикасы қайдан шықты, дүниенің заңдылықтары, оның дамуының қайнар көзі неде?- деген сурақ.. Бүгінгі адамды ол дүниенің ішкі қайшылығында, материяның бейнелеу қасиетімен байланысты,- деген жауап толығынан қанағаттандыра алмайды.

Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы материализмге қарама-қарсы бағыт - идеализм (idea- грек сөзі, -ой, идея). Дүниенін негізінде субстанция ретінде рухани болмыс жатыр,- деген қайсыбір дүниесезім мен дүниеқабылдауды біз идеализм дейміз. Идеализм адам өмірінің рухани жағын бірінші орынға қояды. Бұл ағым қайсыбір белсенділік. шығармашылықтың қайнар көзі - рухта деген пікір айтады. Материя мойындалғанымен, ол енжар, болмыстың төменгі түрі ретінде ғана қаралады.

Идеализмнің қайнар көзі - сонау мифологиялық дәуірдің өзіне барып тіреледі. Өйткені, алғашқы қауымның шеңберінде өмір сүріп жатқан адам бүкіл дүниедегі

құбылыстарды адамға ұқсатып түсіндіреді, оларды жандандырады. Әрі қарай,

адамның абстрактылы ойлау дәрежесі жоғарылаған сайын, идеализмнің дүниеге келуіне толық жол ашылады. Өйткені, қайсыбір дүниедегі құбылыстарды бейнелейтін жалпы ұғымдарда сол заттардың ішкі терең мәні берілген. Сезіммен қабылданатын сол заттар күнбе-күн өзгеріп, тіпті өмірден кеткенмен, ұғымның мағынасы тұрақты болғандықтан, ол өмірде қала береді. Мәселенің екінші жағы - қайсыбір нақты зат, құбылыс өзінің үғымына ешқашанда толық сәйкес келмейді . Олай болса, идеалистердің айтуына қарағанда ұғым шынайы болмысқа жатса, нақты дүниеге келіп, біршама уақыттан кейін дүниеден кетіп жатқан мінді заттар - елес, жалған болмыс ретінде түсіндіріледі.

Идеализмнің ең негізгі мәселесі - адам, оның өмірі мен ой-өрісі, тағдыры мен үміті, зардабы мен қуанышы т.с.с. Сондықтан идеалистік философияның аксиологиялық, праксеологиялық жақтары онтологиялық, гносеологиялық жақтарына қарағанда басымырақ болады. Идеалистік философияның негізгі екі түрін ажыратуға болады: ол объективті және субьективгі идеализм.

Батыс философиясында алғашқы жан-жақты біртұтас жүйелік объективтік идеалистік көзқарас Платонның философиясында қалыптасты.

Платонның Эйдос әлемі - рухани әлем және сонымен қатар, бұл дүниедегі нақты заттардың алғашқы кейпі. (eidos- идея). Философтың ойынша, идеялар заттардың табиғатында көмескіленіп, бүрмаланады. Сондықтан сезімдік заттар әрқашанда толығынан өзінің идеясына сәйкес келмейді. Платонның ойынша, идея әлемі мен заттар әлемін бір-бірімен қосқан Демиург - ол мәңгілік өмір сүріп жатқан енжар материядан идеяларға ұқсайтын, соған сәйкес заттарды жасайды. (demieourgos- грек сөзі, -өнерші, қолөнерші, ұста).

Платонның таным теориясы адамның жан-дүниесінің бұрынғы идеялар әлемінде өмір сүрген кезін анамнезистеуге, еске түсіруіне негізделеді (anamnesis- грек сөзі, -еске түсіру). Оған түрткі болатын адамның сезімдік қабылдауы - өйткені, ол заттың үғымдық мәніне жете алмайды да, адамның ойлау қабілетін оятады. Адамның жан-дүниесі идеялар әлемінен шыққаннан кейін мәңгілік, ол ешқашан өлмейді.

Объективті идеализмнің негізгі қағидалары Орта ғасыр заманында монотеистік (mono- грек сөзі, -біреу; theos- құдай) діндердін қалыптасуына зор әсерін тигізді.

Платонның идеялары христиан дінінде Құдайдың ойына айналады. Егер Платонның Демиургі мәңгілік өмір сүріп жатқан материяға идеалдық бітім берсе, христиан діні Құдайдың қүдіретті сөзі аркылы жоқтан бар дүние жаратылды дейді. Сонымен Платонның мәңгі өмір сүріп жатқан енжар материясы үзілді кесілді теріске

шығарылып, Құдайдан бұрын ешнәрсе жок, дүниенің бәрі соның құдіретті күші арқылы пайда болады деген қағидаға аса үлкен мән беріледі.

Дінде адамның дүние-тануындағы ақыл-ойы теріске шығарылмайды, бірақ ол сенім ақиқаттарымен шектеледі. Адамның ақыл-ойы Құдайдың берген аянынан биік емес, керісінше,- сенімге сәйкес болуы керек.

Платонның көзқарасы бойынша, зұлымдық дүниенің кемшіліктерінен пайда болады, ал оның өзі енжар материя мен идея қосылған кезде, - яғни бұл жалған дүние пайда "болысымен-ақ сонымен бірге өмірге келеді.

Діни философияда керісінше - Құдайдың логосынан (1оgоs - грек сөзі, -сөз, мән-мағына) жаратылған дүние еш- мінсіз, таза, әсем болып дүниеге келеді. Зұлымдықты алатын болсак, ол - тарихи окиға - оның себебі - адамның еркінің алғашқы көрсетілген Құдайдың жолынан ауытқуы. Олай болатын болса, тарихтың соңында Құдайдың жасаған таза, әсем жаратылысына кайтадан оралуға болады.

Жаңа дәуірде Декарттың философиясында идея бөлек материямен қатар өмір сүретін ерекше субстанция ретінде қаралса, Гегельдің философиясында Абсолюттік Идеяның өзін-өзі тану жолындағы белсенділігіне айналады. Ал XX ғасырдағы философияда ерекшс өмір сүріп жатқан құндылық, мән-мағына әлеміне феноменология (phenomenon- грек сөзі, -құбылыс), не болмаса ғылыми идеялар мен теорияларға айналады (ағылшын философы К, Поппердің "үшінші әлем" ілімі).

Сонымен, 2,5 мын жылға созылған объективтік идеализмнін, тарихының негізінде оның әртүрлігіне қарамастан бұлжымаған бір ғана нәрсе бар - ол рухтын, ойдын, жан-дүниенің, Құдайдын біріншілігі мен материаның, жаратылған дүниенің екіншілігі.

Идеализмнің философия тарихындағы екінші түрі - субъективті идеализм. Бұл философиялық ағымның ерекшелігі - тек қана жан-дүниенің өмір сүруін мойыңдау. Өйткені, адам өз-өзіне үңіліп қарағанда өзінің жан-дүниесінен басқа ештеңе таппайды. Субъективті идеализмнің өкілі Дж.Берклидің айтуьшша "Өмір сүру - қабылдауға келетін нәрсе ғана". Ал, адамның санасындағы неше-түрлі үғымдарды алатын болсақ, олар бізді алдайтын жалған елестер, өйткені, біз оларды нақты қабылдай алмаймыз. Әрине, бұл қағида материализмге де, объективті идеализмге де қарсы бағытталған. Мысалы, Дж.Берклидің айтуына қарағанда, материя үғымы - жалған елес, өйткені, біз оны өзіміздің жан-дүниемізден таба алмаймыз. Біз нақты ағашты, үйді, басқа. жанымыздағы адамдарды, машиналарды т.с.с. қабылдай аламыз, ал материяны ешкім өзінің жан-дүниесінде елестете алмайды.

Олай болатын болса, шындықтың өлшемі үғымдар емес- адамның түйсіктері, солардың жиынтығы, жалпы адамның психикалық өмірі ғана (psyche- грек сөзі, -жан-дүние). Мүндай көзқарасты шегіне дейін қайшылықсыз созсақ, онда дүние дегеніміз сол өмір сүріп жатқан субъекттің жан дүниесі ғана, басқа ештеңе де жоқ. Мұндай көзқарасты философияда солипсизм дейді (solus- латьш сөзі, -жалғыз, бір; ірse - өзім, жалғыз өзім ғана деген мағына береді). Әрине, мұндай көзқарас абсурдқа (absurdus- латын сөзі. -беймағыналық) әкеліп тірейді.

Олай болса, адамның дүниесезімінің шындығын қалай дәлелдеуге болады,- деген сурақ пайда болады. Субъективті идеализм оған шарттық тұжырымдама арқылы жауап береді. Егер біздің дүниесезіміміз басқа адамдардың сезіміне сәйкес келсе, онда ол рухани болмыстың шындығын дәлелдейді. Ал рүхани ортақ болмыстың болуының өзі оны тудырған Құдайды мойындауға әкеледі. Сонымен, субъективті идеализм өз шенберінен шығып ақырында объективтік идеализммен үштаса кетеді,

Қорыта келе, идеализмнің қай түрі болмасын рухты алғашқы күш ретінде мойындайдьі. Ал бұл ағымның осал жағы - қалайша жоқтан бар нәрсе туады деген сурақ, өйткені бүкіл адамзаттың тәжрибесі жоқтан барды туғызуға болмайтынын көрсетеді. Әрине, мұндай көзқарас қазіргі сауатты, көзі ашық. ада.мды толығынан қанағаттандырм ай д ы.

Бұл арада біз материализм және идеализм деген үғымдардың жай өмірде де басқа мағынада қолданылатынын атап өтуіміз керек. Қарапайым адамдар материалист деп өмірде .болу емес алуға тырысатын, байлық пен мансап іздейтін, ләззат қуатын адамдарды айтады. Керісінше, идеадист деп үнемі рухани ізденісте, өзінін мүддесінен көрі қоғамдық мүддені жоғары ұстаған, басқа адамдарға риясыз көмек беретін, өзінін ар-ұжданына кір келтірмеуте тырысатын адамды айтады.

Сонымен, бұл ұғымдардың екі мағыналығы толығынан бір-біріне сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, өзінің философиялық көзқарасында материалистік бағытты ұстанған адам нақты өмір салтында идеалист болуы сирек емес. Керісінше, философиялық идеалистік бағытты ұстанып, өзінің нақтылы емірінде өзін металға (алтынға) сататын адамдар да аз емес, ал қазіргі заманда тіпті көбейіп келе жатыр.

Философияның негізгі мәселесін шешудің үшінші жол бар. Ол жол -материализм мен идеализмнің біржақтылығына қанағаттанбай, дүниенің негізінде жатқан субстанцияның екі қасиетін - материалдық және идеалдық жағын бірдей мойындауында. Сонымен, болмыстын өзі қайшылық, оның материалдық және рухани жақтары бар. Бұндай көзқарасқа философияда реализм деген атақ берілген жоғарыда айтып өткенбіз Әрине. Тарихи тұрғыдан реализм материалистік және идеалистік ағымдардан кейін қалыптасады, өйткені бұл ағым аталған бағыттардың біржақтылығын байқап, бұлардан асып, дүниеге деген шынайы көзқарас жасауға әрекеттенеді. Ал, бірак. бұл жол өте қиын және адамның ой-өрісін философиялық біртектілікке, оны аяғына дейін ұстауға деген іңкәріне қайшы келеді. Сондықтан реализм бағыты әрқашаңда материалистер мен идеалистер сынына түседі.

Тарихи алғашқы жақсы дамыған, кемеліне келген реалистік философияның негізін жасаған ұлы Аристотель болды. Оның көзқарасында дүниеге деген натурфилософиялық көзқарас Платонның идеалистік принциптерімен үштасады (naturaга - грек сөзі, -табиғат).

Аристотель натурфилософияның шеңберінде дүниеге келген материя үғымын Платонның бітім (morphe, іdeа - грек сездері,- forma- латын сөзі, -бітім, түр) категориясымен үштастырып, ажыратпай бірге қарайды. Екеуі де бірдей қажетті, бірдей шындықты бейнелейді. Аристотельдің философиясының негізгі қағидасы: "материясыз бітім жоқ, бітімсіз - материя жок". Бұл мәселені нақтылай келе, оларды "мүмкіндік" (dunamic- грек сөзі, -мүмкіндік) пен "іске асу" "шындық" (energeja- грек сөзі, -шындық) категорияларына алмастырады.

Аристотельдің ойына қарағанда, бітім белгілі бір мақсаттың негізінде пайда болады, оны ол "заттың энтелехиясы", яғни ішкі түрткі, мақсатқа лайықты дамытатын рухани күш ретінде қарайды (еntelechia -- грек сөзі, -іске асу, мүмкіндіктің іске асып шегіне жетуі). Алайда заттың энтелехиясы - ол Платонның идеялар әлемінен келген күш емес, ол осы дүниенің өзінің ішкі күші. Субстанция дегеніміздің өзі жалқы заттардан түратын шындық, материя мен бітім әрбір зат пен құбылыстың ажырамас табиғатын құрайды. Ал жалпы идеялар, ұғымдарға келетін болсақ, олар әр-түрлі заттардын ортақ жактарын көрсетеді - оны дүниедегі заттардың тектік қасиеттері дейміз.

Аристотель адамның жан-дүниесін Платонға қарағанда басқаша түсінеді. Егер Платон адамның жан-дүниесінің қайнар көзін аспандағы "идеялар әлемінен" тапса, Аристотелъ адамның жанын - тірі дененің энтелехиясы, өмірді қамтамасыз ететін ішкі күші деп біледі.

Жаңа дәуір философиясының негізін қалаушылардың бірі Р.Декарт реалистік

философия жүйесін жасайды. Оның ерекшелігі - дүниенің екі бір-біріне тәуелсіз

субстанциясы болуы. Олай болса, олар Аристотельдің

философиясындағыдай ажырамайтын бірлікте емес, керісінше бір-біріне ымыраласпайтын дуалистік жағдайда болады. Сондықтан, Р.Декарт мәңгілік ешкім жаратпаған субстанцияны - Құдайды - өзінің философиясына еңгізуге мәжбүр болды. Дене мен жанды адамның табиғатында бір-бірімен байланыстырып ұштастырған - Құдай. Р.Декарттың ілімін дуалистік деп атайды.

Голландия философы Б.Спинозаны Р.Декарттың екі субстанциялық дуалистік көзқарасы қанағаттандырмайды. Сондықтан, Спиноза Жаңа дәуірде өз философиялық жүйесін жасайды.

Б.Спинозанын субстанциясы біреу, ол - шексіз де мәңгілік, өзінің өмір сүруі үшін еш нәрсені қажет етпейтін өз-өзіне жеткілікті, өз себебі өзінде болған (causa sui - латын сөзі, -себебі езінде) Құдай, не болмаса, Табиғат, өйткені, Спиноза оларды бір-бірімен теңеп пантеистік көзқараста болды.

Ал бізді жағалай қоршаған шектелген дүниенің заттары мен құбылыстарын алатын болсақ - олар субстанцияның жеке модустары, көріністері ғана (modus - латын сөзі, -өлшем, тәсіл, кейіп, түр).

Шексіз субстанцияның екі атрибуты (attribuo- латын сөзі, қасиет, тағу) арқылы адам дүниені танып біле алады. Олар - созылу мен ойлау. Әрбір зат субстанцияның модусы ретінде кеңістікте созыльш жатыр және белгілі бір идеяны көрсетеді. Ал адамға келетін болсақ, ол дүниедегі ең күрделі құбылыс -оның ойлау дәрежесі ең дамыған, ол өз-өзін ойлай алатын денелік пенде.

XIX ғасырда реализмнің ерекше түрі дүниеге келеді. Ол неміс философы А.Шопенгауэрдің "ерік философиясы". Оның айтуына қарағанда, дүниенің ең терең сыры оның өмірге деген ессіз, мақсатсыз талпынысында - негізі жоқ ерікте. Дүние ызаға толы, өзін-өзі тіліп аласұрған жыртқышқа ұқсайды. Дүниенің негізінде жатқан өмірге деген мақсатсыз ерік, әрине, нақты өмір сүріп жатқан барлық заттар мен құбылыстарға тән. Сондықтан олардың арасында таусылмайтын мағнасы жок "барлығының барлығына қарсы соғысы" жүріп жатыр.

Адамдарға келер болсақ, дүниежүзілік еріктің оның табиғатындағы көрінісі әр кісінің шексіз өзімшілдігінде (эгоизм) байқалады. Өмірге деген ерік әр адамның үстемдікке талпынуына әкеліп, оларды зардап шегуге, бақытсыздыққа әкеліп соғады.

Мемлекет, заңдық күрес оны жоя алмайды. Жалғыз амал - Будданың жолы - өмірге деген еріктен бас тарту .

XX ғасырда өмір сүрген реалистік философияның ұлы өкілдерінің бірі- француз ғалымы Пьер Тейяр де Шарден. Бұл философ бүкіл XX ғасырдағы жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, әсіресе эволюция теориясына, өзінің реалистік философиясында әлем субстанциясында екі - сыртқы және ішкі күштің бар екенін көрсетеді. Олар: тангенциалды (сыртқы, физикалық), және радиалды (ішкі. рухани) күштер.

Адам Құдайдың жаратқан жетілген дүниесінде өмір сүріп жатыр ма, не болмаса, өзін жағалай қоршаған дүниені әрі қарай жетілдіре ме?- деген сұраққа Тейяр де Шарден терең жауап қайтарады.

Егер дүние дайын түрде адамға берілсе, онда ол тек қана оған табынып сүйсіне қараудан басқа ешнәрсе жасай алмайды.

Ал егер дүниенің басы да аяғы да болмаса, бірақ ол мәңгілік өзгеріс, жаңару арқылы өмір сүріп жатса, онда адам бұл әлемді өзгертуге, жетілдіруге, шығармашылық еңбек етуге мүмкіншілік алады.

Адамзаттың бұл дүниедегі міндеті - өзінің рухани күшін болашақ ноосфера әлемін орнатуға жұмсау (nous- грек сөзі, -ақыл, ой; sphera – аймақ, сала) жер бетіндегі адамзат зердесінің негізінде үйлесімді, бір-бірімен тығыз байланысып дамып жатқан тіршілік әлемінің болашақта пайда болуы.

Әрине, үне бойы реалистік көзқараста болып, материализм, не болмаса идеализм бағытына ауысып кетпеу оңай емес. Мысалы, Тейярдың "материя - рухтың анасы, рух материяның ең биік ақуалы" деген түжырымынан материалистік көзқарас байқалады.

Ал философтың ғарыштағы Омега нүктесін мойындауы және бүкіл рухани радиалды энергияның соған қарай ұмтылуы туралы ойлары - оны идеалистік бағыттағы ойшыл ма,- деген сұрақты туғызуы мүмкін.

Қорыта келе, философияның негізгі мәселесінің онтологиялық жағын үш жолмен шешілетінін байқадық.. Қайсыбір адам, саналы, не болмаса бейсаналық тұрғыдан, өзінің дүниеге деген көзқарасында осы көрсетілген ағымның біреуінің шеңберінде болады.

Әңгіме материалист, идеалист, не болмаса реалистік бағытта болу емес, сол шеңбердегі философияны саналы түрде игеріп, өмірдегі өз орныңды табуда. Философиялық даналықпен. қаруланған адам бүкіл адамзатпен бірге қазіргі рухани ізденіске ат салысып, бүгінгі өркениеттің тамаша жетістіктерін игеріп, сонымен бірге оның қайғылы да аянышты қателіктерін түзету жолында белсенділік көрсете білсе игі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет