1.1 Оқытушылар туралы мәлімет:
Шалапов Досхан Музаппарханович - оқытушы, «Наркология, психиатрия» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Шизофренияның клиникалық формалары мен диагностикасы»
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 9 мақала, 1 оқу құралы.
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы. Түркістан қ-сы, Университет қалашығы, №3 медицина корпусы, 2-қабат 251 бөлме. Тел. (каб.251. тел.8-725-33 6-36-36 (ішкі 12-96). e-mail: doskhan.shalapov@ayu.edu.kz
Нұрпейсов Нартай Сенбекович - оқытушы, «Наркология, психиатрия» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Маскүнемдік, жасқа байланысты салыстырмалы ерекшеліктері»
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 2 мақала.
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы. Түркістан қ-сы, Университет қалашығы, №3 медицина корпусы, 2-қабат 251 бөлме. Тел. (каб.251. тел.8-725-33 6-36-36 (ішкі 12-96).
Камалов Сабит Алайдаров - оқытушы «Психиатрия, наркология» пәні.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – «Балалардағы аутизм»
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 8 мақала, 3 оқу құралы.
Байланыс ақпараты: Түркістан облысы. Түркістан қ-сы, ХҚТУ клиникасы.
1.2 Пәннің саясаты:
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Білім алушы сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Білім алушы сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Білім алушы семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |