2.2 Пәннің мақсаты: негізгі психиатриялық, наркологиялық ауруларға диагноз қою және емдеу шараларының жалпы принциптері, ургентті жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету, сондай-ақ алдын алу және сауықтыру мәселелері бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру.
2.3 Оқыту міндеттері:
науқастар мен сау адамдардың психикалық жүйесін тексеру әдістеріне, статусты бағалауға үйрету;
психикалық аурулардың нейрофункциялық, зертханалық және экспериментальдық психологиялық диагностикасының негіздерімен таныстыру;
психосоматикалық және соматопсихикалық өзара әсерлермен және психогенді бұзылыстармен таныстыру;
дәлелді медицина тұрғысынан психикалық бұзылыстарды және ауруларды қазіргі кездегі емдеу мен реабилитациясымен таныстыру;
психикалық бұзылыстар мен тәуелділік ауруларының психогигиенасы мен психопрофилактикасының негіздерін қалыптастыру.
2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелері:
Достарыңызбен бөлісу: |