«арнайы педагогика және түзету психологиясы»



бет21/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   94
Семей УМК

Бақылау сұрақтары:
1Арнайы педагогиканың сыныптамалары.
2.Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары.
3.Арнайы педагогика мен пәндік салаларының дамуы


4- дәріс. Тақырыбы: Сөйлеу ауытқулары бар адамдарға білім берудің педагогикалық жүйелері (2 сағат)


Жоспары: 1.Сөйлеудің бұзылуы
2. Сөйлеу тілі бұзылыстарының себептері
3. Сөйлеу тілінің патологиялық дамуы
Лекция мәтіні
Логопедия дегеніміз-сөйлеу тілі кенмістіктерін,оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді эр түрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым. Логопедия- «1о§оз» сөйлеу, «рес1ео»-«оқытамын» деген мағынаны білдіреді.Логопедия арнайы психологияның бір саласы болып есептеледі. Логопедияның зерттеу обьектісі-сөйлеу тілінің бүзылуынан зардап шеккен адам.Сонымен сөйлеу тілі дамуымен оның бүзылуын түзету жэне сақтандыру логопедилық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Логопедияның мағынасы тілдің элеуметтік маңызы мен байланысты.Сөйлеу тілі байланыс қүралы ретінде және ойын жеткізіп түсіну үшін қолданылады.
Сөйлеу тілін меңгерудің қағидаларьксөйлеу тілінің жүйелі дамуы (кинестезиялық), барлық қарым-қатынас түріндегі басқа да тілдік қатынастардытүсіну;артикуляцияның синхронды қатысуы,лекцикалық жэне граматикалық әдістер;бала дамуындағы қабылдау мен мэнерлі лекцикалық жэне граматикалық бірліктердің эмоциялық жэне ерік сферасының даму барысы;тілдік сезімді дамыту,сезгіштік жэне сөйлеу тілін ің барлық компоненттері.Баланың элеуметтік қарым-қатынас түрі тілдік және интелектуалдық дамуына байланысты.Баланың тіл кемістігі оның сауат ашуы мен бірге жеке басының дамуына кері эсер етеді.
Жалпы логопедия пэні сөйлеу тілінің кемістігіне байланысты негізгі бағдарламалар мен методикаларды пайдаланып,коррекциялау мен компенсациялау,даму кемістігін элсірету,жою т.б.с.с.оқыту системаларын пайдалану керек.
XX ғасырдың басында немістің белгілі ғалым П. Шуман атап айтқандай «Баланың психикалық дамуы неғүрлым төмен болса, оны оқытатын мүғалімнің білімі соғүрлым жоғары болуы керек». Сондықтан, болашақ психологтар тек қана, теориялық білім алып қоймай, ол білімдерін тэжірибе жүзінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыптастыру үшін қолдана білулері керек.
Психолог - мамандар өз міндеттерін жоғары дэрежеде іске асыру үшін, олар элеуметтік-педагогикалық, реабилитациялық, кеңесші-диагностикалық, психотерапиялық жэне негізгі кемістіктерді түзету эдістерін толық игерулері қажет. Сонымен қатар, бүл мамандар эртүрлі кемістіктері бар балалардың ауытқуларының этиопатогенетикалық ерекшеліктерін толық анықтап, олармен жүргізілетін арнайы түзету, оқыту жэне тэрбиелеу эдістемелерін қолданып, олардың нәттижелерін анықтайды
Кемтарлықтың түрлеріне, этиопатогенетикалық қалыптасу механизмдеріне сэйкес төмендегідей арнайы психолог мамандар түзету, оқыту, тәрбиелеу және қалыптастыру жұмыстарымен айналысады:
• сурдопсихолог-нашар еститін немесе естімейтін балаларды қалыптастыратын арнайы психолог;
• тифлопсихолог-нашар көретін немесе көрмейтін балаларды зерттейтін арнайы психолог;
• олигофренопсихолог - эртүрлі дэрежедегі интеллектуалды дамулары зақымдалған балаларды қалыптастыратын арнайы психолог;
• логопед -эртүрлі дэрежедег ітіл мүкістігі бар балалардың кемістіктерін айқындап, түзететін маман;
• арнайы психолог- әртүрлі дэрежедегі псхикалық дамуында ауытқулары бар балаларға психологиялық көмек көрсететін маман;
Түзете - дамыту және тәрбиелей - оқыту үшін психологтар жан-жақты білімі бар, әр кемістіктің қалыптасу ерекшеліктерін білетін жэне оларды түзететін әдістемелерді игерген мамандар болғаны қажет

Сөйлеу тілінің патологиялық дамуы.



Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек,жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде.Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді.
Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді,ұжымдағы құрбы құрдастарымен қарым қатынасы қиындайды.Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштері,себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз.Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдіріс.Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілденің себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология,есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері.
Тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады:
А)табиғи тіл кемістіктері (органикалық);
Б)функционалды тіл кемістіктері;
Сонымен сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету және сақтандыру -логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Жиі кездесетін күрделі сөйлеу тіл кемістігін түзету үшін арнайы мамандардың кешенді көмегі қажет.Сол үшін баланы жан-жақты,толық тексеру керек.Медициналық,психологиялық және педагогикалық диагностикалар арасында шектес ғылымдар сияқты тығыз байланыстар бар.Сол үшін неғұрлым толық хабар алу үшін кешенді медициналы-психологиялы-педагогикалық диагностика қажет.
Диагностика – бұл диагноз қоюдың теориясы мен тәжірибесі. Біріншісі – диагнозды қою,бұнымен теоретикалық диагностика тығыз байланыста.
Екіншісі–тәжірибелік диагностиканың шұғылданатын диагнозды қою әрекетінің өзі. Диагностың негізгі мақсаты жекеліктен жалпыны, типтік, әдеттегіні көру. Диагностың негізгі мақсаты жекеден жалпылықты,ортақтықты, типтілікті көру, анықтау.
«Диагноз» - бұл әрқашан жалпы сипаттағы нақты жағдайды анықталған құбылысқа, көрініске әкеліп,жеткізіп,қорытындысын шығару. Әдетте жинақы,біртұтас,тұтастық диагноз көптеген жекелікті жинақтау нәтижесі, қорытындысы ретінде пайда болады. Педагогикалық диагностика өзінің мақсаты, міндеті, қолдану саласы бар ретінде қалыптасып, ғылымға дербес,жеке сала ретінде 20 ғасырдың екінші жартысында бөлініп шықты.
Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» Заңына сәйкес Қазақстанда өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ дамуында мәселесі бар балаларға диагностикалық-түзете дамыту көмегін көрсету үшін ерте жастағы балаларға ерте көмек көрсету жүйесі ендіріле бастады.Балалар емханаларында және алғашқы медициналық-санитарлық мекемелерінде балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін анықтауды ұйымдастыру: балалардың кемшіліктерін дер кезінде анықтап, қажет болған жағдайда кешенді түрде терең зерттеу және көмек көрсету үшін оларды ПМПК-ке жіберу.Баланы скринингті тексеруден өткізген дұрыс.
Скринингті тексерудің міндеттері: сөйлеу тіл кемістігі бар балаларды анықтау;оларды терең зерттеп, кешенді тексеру және түзете дамыту,тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешу мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге жолдама береді.Сөйлеу тiлiнiң бұзылуын саралауды, сөйлеу тiлiнiң даму ерекшелiктерi мен деңгейiн, сондай-ақ оның интеллектуалдық даму деңгейiне сәйкестiгiн анықтауды логопед басқа мамандармен жүзеге асырады.Сөйлеу тіл кемістіктерін анықтау үшін невропатолог дәрігердің тексеруінен өткен дұрыс.Себебі бұл сөйлеу тіл кемістіктерінің себептерін анықтап,балаға қажетті емдеу жолдарын көрсетеді.Сөйлеу тіл бұзылымдарының себептерін анықтағаннан кейін, психофизиологиялық еркешелігін,олардың потенциальды (ықтимал,болуы мүмкін) -ішкі мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, мүмкіндігінше кемістігінің орнын толтыруға, қалпына келтіруге жағдай туғызып, түзету жолдарын қарастырады.Тіл кемістігі бар балаларды ПМПК жағдайында диагностикалау және кеңес беруді ұйымдастыруда, жұмысын құрудың жалпы қағидаларына (тәртіпаралық және отбасы-орталық) сүйенеді.Тәртіпаралық тексеру ПМПК пен әр саладағы мамандардың бірлесіп тексеруі, оның нәтижесін талқылағаннан кейін шыққан ақырғы қорытынды мен нұсқауды бекітуді ұсынады.Дамуында кемістігі бар балалармен емдеу және түзету жұмыстары ертерек басталса,соғұрлым жетістіктері сәтті болады.Баланың дамуындағы ерте кезеңінде көрсетілген психологиялық-педагогикалық көмектер кемістіктерді жартылай немесе толықтай жеңуге мүмкіндік туғызып,балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуін дамытып, мүмкіншілігі шектеулі балалардың санын азайтады.Қорытындылай келе ерте коррекциялық араласу медициналық-психологиялық-педагогикалық абилитация және реабилитация көзқараста ғана емес, сонымен әлеуметтік-экономикалық және этикалық көзқараста тиімді демекпін.




 Бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сөйлеудің бұзылуы
2. Сөйлеу тілі бұзылыстарының себептері
3. Сөйлеу тілінің патологиялық дамуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет