Бала дамуы бұзылуының түрлері.
Адамның даму үрдісі бүкіл өмір барысында жүріп отырады. Әсіресе, ол балалық шағында қарқынды дамиды. Міне, сондықтан қазіргі уақытта «балалық шақ» қоғамның рухани байлығы болып саналады және осы жас шамасындағыларға әр түрлі ғылым мамандары көп көңіл бөледі. Бала кезінде адамның қоршаған ортаны тануға деген ұмтылысы белсенді болады. Даму әрқашанда дәл және баяу жүрмейді. Ол жылдам темппен, мақсатқа жетушілікпен мазмұндалуы мүмкін. Л.С.Выготский бала дамуының дөңгелек кезеңі деген атауды бөліп көрсетті:
Нәрестелік дағдарыс;
Бір жас дағдарысы;
Үш жас дағдарысы;
Жеті жас дағдарысы;
Он үш жас дағдарысы.
Қазіргі уақытта балалардың дамуының бұзылуы көп жағдайда өмірдегі, елдегі, отбасындағы тұрақсыздықпен байланысты. Инфекциялық аурулармен ауыратын және орталық жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын балалар саны көбейіп келеді. Отбасындағы экономикалық жағдай төмендейді, рухани және мәдени құндылықтарға әрқашан бағдарлана бермейді. Ата – аналардың өз балаларына қамқор болуы уақыттары жетпеуіне байланысты төмендейді. Олар ең алдымен нан табуға тырысады. Баланың денсаулығы мен дамуы мәселесін кеінші орынға ысырып тастайды. Сондықтан дағдарыс шағындағы балаларға аса көңіл бөлу керек, көп ата – аналар әр түрлі себептермен көңіл бөле бермейді.Көптеген зерттеушілер бала дамуының және бұзылуының түрлерін былайша топтастырады:
Құлағы естімейтін, көзі көрмейтін, сөйлей алмайтын, тірек қимыл аппаратында ауытқуы бар балалар;
Психикалық дамуы тежелген балалар;
Астеникалық жағдайдағы және конфликтілі қайғыруы бар балалар;
Психопатиялық мінез-құлық формасы бар балалар;
Ақыл-ойында ауытқушылығы бар балалар(деблиьдік, имбецильдік, идиотия дәрежелеріндегі олигофрендер);
Психикалық аурлардың бастапқы көрінуі бар балалар.
О. Н. Усанова ауытқушылықтың басқа классификациясын ұсынады:
Ағзалық бұзылуларға байланысты дамуында ауытқушылығы бар балалар;
Функционалды жетілмеушілікпен байланыс салдарынан туындаған ауытқушылығы бар балалар;
Психикалық аурулар әсерінен дамуында ауытқуы бар балалар.
В.А. Лапшин және Б.П. Пузанов дамуында ауытқушылығы бар балалар тобын төмендегідей бөліп көрсетеді:
Сенсорлық бұзылуы бар балалар (есту және көру қабілеті бұзылған);
Интеллектуалдық бұзылулары бар балалар (ақыл-есі кем және психикалық дамуы артта қалған балалар);
Тіл кемістігі бар балалар;
Тірек-қимыл аппаратында кемістігі бар балалар;
Дамуында кешенді дефектісі бар балалар;
Дисгармондық дамуы бар балалар;
В.П. Кащенко барлық дамуында бұзылуы бар балаларды үлкен екі топқа бөлді:
1. Мінез- құлқында кемшілігі бар, ерекше эмоционалды сипаттағы балалар:
тұрақсыздық, қайшылықтылық;
ашуланшақтық, аффектіге бейімділік;
адамдарды ұнатушылық пен жек көрушіліктің жітілігі;
әрекет қылығының импульсивтілігі;
ызақорлық;
қорқақтық;
ақ көңілділік, енжарлық;
енжарлық және шектен тыс көңілді болу;
педантизм;
аса қызығушылықпен оқу.
2. Мінезінде кемшілігі бар, белсенді-еріктік сәттерге негізделген балалар:
интенсивті езбелік;
үнемі рахаттануға құмартушылық;
нақты мақсаттың жоқтығы;
тұрақсыздық;
алаңғасарлық;
мақсатсыз өтірік;
мағынасыз ұрлық;
жан-жануарларды азаптау;
қоршаған адамдарға қиянат көрсету;
негативизм;
диспотизм;
шектен тыс салақтық;
тұйықтық;
кезбелік, қаңғыбастық;
Балалардың дамуына баланың құрсақта дамуы кезінде, туғаннан кейін және туғанда әр түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Оларға генетикалық ауытқушылықтар, жүкті ананың ішімдік, есірткі қолдануы, жүйелі шылым шегуі, психикалық және физикалық түрлі жарақаттар алуы, жұқпалы немесе созылмалы аурулармен ауруы, тұрмысы жағдайынының нашар болуы жатады. Бала дамуының бұзылуы ми ауруларына, бас сүйегінің зақымдануына, жүйке жүйесінің ауытқуына әкеп соқтыруы мүмкін. Баланың өсіп, дамуына тамақтану режимінің бұзылуы, анасының ұйқысының дұрыс қанбауы, отбасындағы түрлі жағымсыз атмосфералар (күнделікті ұрсыс керістер, айғай-шулар) кедергі келтіреді. Балалар мен жасөспірімдердің дамуына әсер ететін жағымсыз әрекеттердің көрінуі ата- аналардың, үлкендердің тарапынан көңіл бөлмеушіліктерінің салдарынан болады. Мысалы:
балаға жүйелі түрде бақылау жасамау;
дәрігерлердің нұсқаулары мен кеңестеріне жүгінбеу;
моральдық сапаларды қалыптастырмау;
эмоционалды еріктік сфераны дамытпау;
балаларға рухани және физикалық қиындықтар туындату;
баланың жеке мәселесіне көңіл бөлмеу;
тіл кемістігі бар балалармен арнайы жұмыстар жүргізбеуі жатады[1,20]. Сол себептен бала дамуындағы бұзылуларды ерте кезден анықтап, оның пайда болу себебін бейтараптандыру қажет.Сонымен қатар күнделікті өмірде «қиын бала» ұғымы да кеңінен таралған. «Қиын» оқушылар классификациясын Ростов мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті А.И. Белов ұсынған болатын. Оның жүйесі «қиындық» түсінігін түсінуге және де педагогикалық коррекцияның адекватты формасын таңдауға аса көп негізделген.
Схема 1
Мінез-құлқындағы қиындықтар
Оқудағы қиындықтар
Әлсіз балалар
Психикалық қасиеттері дұрыс жетілмеген балалар
Ақыл – ой дамуындағы кедергісі бар балалар
Астеникалық балалар
Инфантильді балалар
Психопатикалық балалар
Нашар еститін балалар
Нашар көретін балалар
Тіл кемістігі бар балалар
Ақыл – ойы дамымаған балалар
Дебильді балалар
Имбецильді балалар
идиоттар
Девиатты мінез-құлықты балалар
Деликвентті мінез құлықты балалар
мінез-құлқы қауіпсіз балалар
Асоциольды мінез- құлықты балалар
Криминалды мінез – құлықты балалар
Қараусыз қалған балалар
Ашушаң балалар
Дене бітімі дұрыс жетілмеген балалар
Дене бітімінің дамуы артта қалған балалар
Достарыңызбен бөлісу: |