«арнайы педагогика және түзету психологиясы»



бет22/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94
Семей УМК

5-6 дәріс. Тақырыбы: Көру және есту ауытқулары бар адамдарға білім берудің арнайы педагогикалық жүйелері. Ақыл-ойы кем және психикалық дамуы бөгелген адамдарға білім беру (2 сағат)


В.П. Кащенко – коррекциялық педагогиканың негізін салушы. Әйгілі орыс дәрігері, әрі педагог В.П. Кащенко өткен ғасырдың 20 - жылдары жеке адамның даму барысындағы кемшіліктердің коррекциясы - үлкен әлеуметтік маңызды мәселе және оны мемлекеттік саясат дәрежесінде қарастыру керек деп айтқан. Бұл үндеу бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. В.П. Кащенко кеңестік дефектологияның негізін салушылардың бірі. В.П.Кащенко 1909 жылы Мәскеуде жалға алынған үйде дефектісі бар балаларға мектеп – санаторий ашқан. Мұндай балаларға арналған мекеме педагогикалық, емдеу және зерттеу функциясын атқарған, өзінің мақсаты мен міндетіне орай, мұндай мекеме Ресейде ғана емес, бүкіл әлемде алғашқы болды. Бұл мекемеде орталық жүйке жүйесінде бұзылуы бар және дамуы артта қалған балалар оқып, тәрбиеленген.
Кащенко өзінің практикалық және ғылыми жұмысында оқыту – тәрбиелеу үрдісінің әдістемелік жағына көп көңіл бөлген. Ол тәрбиелеу жүйесіне және оқыту бағдарламасына бала емес, керісінше олар балаға бейімделу қажет деген. Осыған орай, мектеп мүмкіндігінше оқушының жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет деген талап пайда болды. Талапты орындамаған жағдайда мектеп оқушыға шамасы келмейтін талаптар қойып,оның қабілеттері мен мүмкіншіліктерін толық пайдаланбай, дамытпай, оқушыны жалықтырып жіберуі мүмкін. Осыдан барып әрбір оқушының ерекшеліктерін толық зерттеу қажеттілігі пайда болды. 1918 жылы Кащенконың мектеп – санаторийі Наркомпросса жүйесіне енді. Ол зерттеу үйіне айналды.
Медициналық - педагогикалық кеңес берулер барысында педагогикалық клиника дамыды. Мұндай клиника алғаш қолданыста болды. 1920 жылы І Бүкілресейлік балалар дефектісімен күрес съезді өтті. Сол жылы Кащенко балалар дефектологиясының педагогикалық институтын ашты. 1924 жылдан бастап ІІ Мәскеу мемлекеттік университетінің педагогика факультетінде дефектология бөлімі ашылды.
В.П. Кащенко басқарған институтта келесі бөлімдер жұмыс жасады:

  • Интеллектуалды дефективтік;

  • Қиын тәрбиеленетін балалармен жұмыс;

  • Сурдопедагогика (есту қабілетінде кемшілігі бар, естімейтін не болмаса мүлде естімейтін балаларды оқыту мен тәрбиелеу);

  • Тифлопедагогика (көруінде кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу);

  • Баланы әлеуметтік заң жүзінде қорғау.

Бұл жоғары оқу орындарымен бір уақытта Петроград қаласында қалыпты және дефекивті бала педагогикалық институты ашылды. Бұл екі жоғары білімді педагог- дефектолог мамандарын даярлауға негіз болды.
1928 – 1932 жылы В.П.Кащенко мен Н.А.Семашко профессор Каннабихпен бірге «ашуланшақ бала, жалғыз бала» тақырыбында топтық, көпшілікке арналған клубтар мен радио көмегімен лекция өткізді. 1928 жылдан бастап «Дефектология сұрақтары» журналы жарық көрді. В.П. Кащенконың мектеп-санаторийы дефектологияның кеңестік ғылымның жеке психологиялық-педагогикалық бағыты ретінде мемлекеттік ұйымдастырылуына көп септігін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет