«арнайы педагогика және түзету психологиясы»


Есту қабілеті ауытқыған балаларға арналған тренинг жаттығулар



бет26/94
Дата10.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#477065
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94
Семей УМК

Есту қабілеті ауытқыған балаларға арналған тренинг жаттығулар
СӨЗ АРҚЫЛЫ ЖАТТЫҒУЛАР
«Алфавит біздің айналамызда» жаттығуы
Жүргізуші тренингке қатысушыларға алфавит қатары бойынша 5-10 минут ішінде бөлмедегі заттарды жазуды тапсырады. Бір әріпті пайдаланып бірнеше заттарды жазуға болады. Ең қиындығы – алфавиттің барлық әріпіне сай заттарды табу. Кімнің тізімі ең ұзын болған ойыншы жеңіске жетеді.
«Алфавит бойынша» жаттығуы
Үстелдің үстінде алфавит әріптері жазылған карточкалар тұрады. Қатысушылар оларды бір- бірден алады да, жүргізуші белгі берген ойыншылар алфавит реті бойынша тұра қалулары қажет. Егерде қатысушылар толық болмаса, онда алфавиттің тек бір бөлшегін пайдалануға болады.
«Баспалдақ» жаттығуы
Тренингке қатысушыларға кез келген әріп ұсынылады, мысалға, «А» әрпі. Осы берілген әріпке басталатын екі әріптен тұратын сөз жазу керек, ары қарай үш, төрт,бес.......әріптен құралған сөздер құрастыру арқылы баспалдақ орнату керек. Ең ұзын «баспалдақ» құрастырған ойыншы жеңіске жетеді. Мыалы:
А
Ат
Ана
Алма
Алғыс
Алаша
Арыстан
Алшалғыш
Адыраспан
ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС АРҚЫЛЫ ЖАТТЫҒУЛАР
«Тиын» жаттығуы
Тренингке қатысушылардың бірін аңшы қылып тағайындайды. Ал қалған қатысушылардың барлығы – «тиындар». Аңшы оларды тек жерде жүргенде ғана аулайды. Егерде тиын ағаштың үстінде жүрсе, яғни кез келген ағаштан жасалған заттың үстінде ( орындықты, үстелді ұстаса) жүрсе оларды ұстауға болмайды. Аңшы ұстап алған «тиын» аңшының орнымен алмасады.
«Айна» жаттығуы
Балалар қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші дөңгелектің ішінде тұрып қандай да бір қимыл көрсетеді (отырады, бір аяқпен тұру, суда тұрып орынында жүгіру, т.б.). Балалар қолдарын жіберіп жүргізушінің істеген әрекетін қайталаулары қажет [7].


1.6 Дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған ойындар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет