1.5 Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған тренинг жаттығулар
Тірек- қимыл аппарты бұзылған балаларға арналған психологиялық тренингтер
Сөз арқылы жаттығулар
Бірінші нұсқа
Тренингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Олардың дәл ортасында жүргізуші доппен тұрады. Жүргізуші кез келген қатысушыға допты лақтыра отырып бір сөздің бастапқы буынын айтады. Ал допты тосып алушы допты тосып алып, лезде сөзді ары қарай аяқтауы қажет.
Екінші нұсқа
Тренингке қатысушылар дөңгелек жасап тұрады, жүргізуші – дөңгелектің ортасында. Ол кез келген қатысушыға лақтырып, алфавиттің бірінші әрпін айтады. Допты жүргізушіге қайтара отырып қатысушы екінші әріпті атайды. Ал жүргізуші үшінші әріпті атай отырып келесі қатысушыға допты лақтырады. Допты тосып алушы төртінші әріпті, тағы сол сияқты жалғаса береді. Егерде кімде кім шатасып қалса, ол айыптық ұпай алады.
Берілген әріпке сөз құрау
Жүргізуші ойын кубигін лақтырып неше деген сан түскенін бақылайды. Мысалға, 2 саны түсті. Онда ол «Бір, екі» деп санайды да, мәселен, «жануарлар әлемі» тақырыбын хабарлайды. Қатысушылар осы тақырыпқа сәйкес б,е әріптерінен бсталатын екі сөз атаулары қажет. Мысалы: бұғы, есек. Содан кейін жүргізуші қайтадан кубикті лақтырып, түскен санға байланысты басқадай тақырыпқа сөз құрастыртады. Берілген тақырыпқа толықтай сөз ойластырып айта алмаған тренингке қатысушы жүргзуші орнына ауысады.
Қозғалыс жаттығулары
«МҰРЫН – ҚҰЛАҚ – МҰРЫН»
Жүргізуші оқушыларға қарап: «Сұқ саусақтарыды мұрындарына тақата отырып, «Мұрын» деп айтыңдар. Тағыда қайталаймыз, тағыда. Жүргізуші де дәл солай қайталап отырады. Егерде мен мысалға, маңдай десем сендер тез арада маңдайды ұстау қажетсіңдер. Түсіндіңдер ме? Онда бастадық. Мұрын- мұрын- мұрын- құлақ!» (осы кезде жүргізуші саусағымен иегін көрсетуі мүмкін, сол кезде ойыншылар шатасып иектерін ұстайды). Ойын бірнеше рет қайталанады. Егер ойыншылардың бірі шаталасып кетсе айыппұл төлеуіне тура келеді. Зейінділік, байқампаздық және жылдамдылық өте қажет [7].
Достарыңызбен бөлісу: |