4.4 Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу
Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу үшін мұғалім ата-аналармен педагогикалық бірлестікте жұмыс атқаруы керек. Алдын алу жұмыстарын ата-аналар, педагогтар мен психологтар бірлесіп атқарады. Мектеп психологының жұмысы ең алдымен педагогикалық үрдістің гуманизациясына, қарым-қатынас мәдениеті мен «оқушы-оқытушы», «оқушы-оқушы», «оқушы-қоғам», «оқушы-ата-аналар» жүйелеріндегі эмпатиялық түсіністікті қалыптастыруға бағытталуы керек.
Педагогикалық тәрбиеден босаңсу отбасындағы, мектептегі және бала бақшадағы тәрбиенің жетіспеушілігіне негізделгендіктен, онымен күресу олардың өзара бірлескен іс-әрекетіне байланысты. Отбасы, бала бақша және педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалардың өзара бірлесіп әрекет етуінің негізгі жолдары мынадай:
ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейін, қарастырылып жатқан мәселе бойынша педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейін жоғарылатуға бағытталған жұмыс;
алдын алу жұмысының құрылымын бірлесіп бағдарламалау;
педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған бірлескен практикалық іс-әрекеттер;
оның нәтижелерін бірлесіп талдау.
Мұндай өзара әрекеттестіктің мақсаты – педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаларға қатысты отбасылық тәрбие және бала бақша мен мектептегі білім беру жұмыстарын қайта құру.
Тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған жұмыстар екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, оның пайда болуының алдын алу, яғни баланы осындай жағдайға әкелетін сыртқы себептерді жою, жағымды қасиеттерді қалыптастыру. Екіншіден, оның дамуының алдын алу, яғни бала дамуындағы кедергілерді жою, мінез-құлқын, іс-әрекетін және қарым-қатынасын коррекциялау, баланың жағымсыз эмоционалды жағдайын түзету.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай үш бағыт бойынша педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған жекелей жүргізілетін жұмыс бағдарламаларының үлгісін ұсынуға болады:
Баланың отбасылық тәрбие жағдайларын өзгерту:
ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын және өзара қарым-қатынас мәдениетін көтеру;
отбасында тәрбиелік жағдайлар туғызу, тәрбелеу үрдісіне ата-аналарды белсенді араластыру;
балалардың бойында жағымды қасиеттерді тәрбиелеп, жағымсызын жоюға ата-аналарға көмектесу, жекелей кеңестер беру;
бала өмірі мен іс-әрекетінің қалыпты ұйымдастырылуын қадағалау;
баланың ақыл-ой іс-әрекетін (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған ортаны тану), отбасындағы қарым-қатынасын ұйымдастыруға көмектесу;
отбасындағы тәрбиенің бұзылуын жоюға, отбасының тәрбиелік потенциалын қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар.
Сыныппен оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіру:
педагогтың балаға деген қатынасын түзету, онымен жұмыс істеу әдістеріне нұсқау беру;
балалар ұжымындағы тұлға аралық қарым-қатынасты гуманизациялау, сыныпта жағымды психологиялық микроклимат орнату;
сыныптағы оқыту-тәрбиелеу үрдісінің рационализациясы;
оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі педагогтар мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеті.
Баланың тұлғалық өсуіне көмек көрсету:
баланы психологиялық тексеруден өткізуді ұйымдастыру және қажет психологиялық көмек көрсету;
интеллектуалдық, адамгершілік, эмоционалды-еріктік сфераларындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған жекелей жұмыстар;
жағымды қызығушылықтары мен бейімділіктерін пайдалану негізінде баланы белсенді әрекетке араластыру;
жағымсыз оқу мотивациясын жою;
баланың мектеп бағдарламасын меңгеруде жетістікке жетуін ұйымдастыру;
баланың құрдастарымен жағымды тұлғалық қасиеттеріне сүйене отырып қарым-қатынас жасауын басқару;
жетістікке жету мотивациясын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |