Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Есімді сөз тіркесі туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет5/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
синтаксис кітап

Есімді сөз тіркесі туралы түсінік. Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі əр уақытта 
есім, көбінесе зат есім болады. Зат есімдердің жетегінде айтылып, оларға бағынып 
тұратын тұратын сөздер де көбінесе есімдер болады. Ол есімдердің бірқатары сөз 
тіркесін құрау үшін өзара қабыса байланысады. 
Қабысу – түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын 
синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы 
сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып, 
байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар 
тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық
байланыс амалы сөздердің орын тəртібі болады. 
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы əр түрлі; оның бағыныңқы 
сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, есімше, 6стеу болады да, басыңқы 
сыңары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер болады.
Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер;
Зат есім; темір күрек, ағаш күрек, жел диірмен, түлкі тымақ, етікші бала
жұмысшы адам. 
Сын есім; биік тау, қызық өмір, жақсы талап, малды колхоз. 
Сан есім; үш кісі, мың қой, оныншы мектеп. 
Сілтеу есімдігі; бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ. 
Есімше; айтылған сөз, келген кісі, айтар сөзім. 
Үстеу; бүгін бала, ертең оқытушы. 
Бұларды жинақтап, зат есіммен қабыса байланысатын сөздерді схемамен 
көрсетсек болады:
Сын есім мен зат есім: жібек орамал 
Зат есім мен зат есім: балалы үй 
Сан есім мен зат есім: алтыншы арба 
Есімше мен зат есім: Орындалған арман 
Сілтеу есімдігі мен зат есім: мына қала. 
Үстеу мен зат есім: бүгін студент. 
Бұл есімдердің өзара тіркесу қабілеттілігі бірдей емес. Олардың сөз тіркесін құрау 
ерекшеліктерін білу үшін, əр түрін бөлек қарайық. 
Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер. Қабыса байланысатын 
сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі – зат есімдерден құралатын тіркестер. Екі 


зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы 
соңғысына бағынып тұрады; алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т.б. 
Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі сөзден құралады. Олар 
өзара əр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады; қамыс құлақ, бота тірсек, темір 
қанат балапан, шаруа қол товар. 
Осы тəрізді қатар тұру арқылы бірін-бірі анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, 
кейде төрт сөзден құралуы мүмкін; темір қанат балапан, қой көз бала, шоқпар темір 
таяқ. 
Зат есімдерден құралған сөз тірсектері тұрған орнына қарай байланысқанда, əрбір 
анықтауыштық тіркес фразалық бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып 
тұрады. 
Зат есімдерден құралған анықтауыштық топқа кез келген зат есім ене бермейді. 
Оған өзара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай айтылып 
үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темір күрек, қол сағат деп 
айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды. Зат 
есімдерден болған сөз тіркесінің бірінші сыңары көбінесе конкретті, материалды 
заттың аты, кейде солай ұғынылатын басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге , қайрат, 
əрекет, айла, айбат, сес, ұйқы, тəртіп, абырой, кінə, түс, обал сияқты абстракты зат 
есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып айтылмайды.
Бірқатар зат есімдер, жоғарыдай, анықтауыштық құрамда жұмсалу үшін ол 
екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді;
а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар анықтауыштық 
құрамда енеді. Арқа отын деп жалаң айтылмайды, бір арқа отын дегенде оның 
алдында сан есімнен анықтауышы болса ғана, екі зат есім қатар тұрып тіркесе алады.
ə) Сол сияқты, қайнатым шай, үзім нан, асым ет қалпында етістіктің аяғына –ым/-
ім жұрнағы жалғанып жасалған зат есімдер мен басқа зат есімдер сандық 
анықтауышсыз бір топ құра алмайды, бір қайнатым шай, бір үзім нан, екі асым ет 
сияқты құрамда ғана айтылады. Сонда, екі заттың анықтауыштық қатынаста айтылуы 
олардың алдындағы сан есімдерге байланыстан болады. Бұлай болу – барлық затқа 
бірдей шарт емес. 
б) Салпаң, қалқан сияқты бейнелеуіш сөздер қатысқан зат есімдер басқа затпен 
тіркесіп, анықтауыштық құрамда айтыла алады; Қалқан – қалқан құлақ бала, Салпы – 
салпы ерін ат, Бұлаң –бұлаң құйрық түлкі, Сылтық – сылтық аяқ түйе. 
в) Бірқатар зат есімдер өзара тіркесу үшін олардың алдында келте, қысқа, биік, 
ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын есімдер болады; ұзын құйрық түлкі, биік 
өкше етік.
г) Бірқатар зат есімдер тек қосарланып айтылғанда ғана басқа зат есімдермен 
тіркесе алады; қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, тарам-тарам тамыр, айқыш-айқыш жол 
т.б. 
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері түрлі-түрлі мағыналық қатынаста 
жұмсалады. Ол жағдай анықтауыштық топтағы заттардың семантикалық 
өзгешеліктерімен байланысты. Мысалға қамыс қора, қамыс құлақ дегенді алайық. 
Бұлардың сыртқы құрылысы бірдей, бірақ мазмұны бірдей емес; қамыс деген зат есім 
қораның алдында тұрып, қораның қамыстан істелгенін білдірсе, құлақ деген сөздің 
алдында тұрып, құлақтың қамыстай екенін білдіреді. Соңғының орнына қамыс сырнай 
десек, мұнда да сырнайдың қамыстан істелгендігін білдіреді. Сол сияқты: Тас үй – 
тастан салынған үй. Тас еден – тас төселген еден.Тас балға – тасты сындыратын 
балға.Бұл мысалдарға қарағанда, есімді сөз тіркестерінің мазмұны, бір жағынан, 


басыңқы сөздің мағынасымен байланысты болса, екінші жағынан, оның анықтауышы
болған бағыныңқы сөздің заттық мағынасымен байланыста болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет