Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


үрейін ұшырып, есінен тандырды



Pdf көрінісі
бет3/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
синтаксис кітап

үрейін ұшырып, есінен тандырды. Бұл сөйлемдегі үрейін ұшырып, есінен 
тандырды деген тіркестер олардағы жеке сөздердің тіке мағынасына сəйкес ұғымда 
жұмсалмаған, сол тобымен өзгеше мағынада жұмсалған: үрейін ұшыру – қатты 
қорқыту; есінен тандыру- есін шығару. Бұлардың бір сөзін мол мағынасында, сол 
тұлғада кез келген басқа сөздермен тіркестіріп айта беруге болмайды (болса, үрейім 
қалмады, зəрем ұшты (қатты қорықтым), есінен шығып кетті.(ұмытып кеттім) сияқты 
өте аз кездеседі). Бұл жағынан ол тіркестерді құс ұшты, балапан ұшты, қарға ұшты
самолет ұшты; үйден шықты, кеңседен шықты, есіктен шықты деген сөз тіркестерімен 
тең қоюға болмайды; алдыңғылар тұрақты тіркестер де, соңғылар – еркін тіркестер. 
Тұрақты тіркестердің құрамындағы жеке сөздер де сөйлемнің бөлек-бөлек мүшесі 
болмай, сол тобымен бір-ақ мүшенің қызметін атқарып тұрады. Сонымен қатар олар 
сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып, күрделі сөз тіркестерінің де құрамында айтылады; 
Жаудың үрейін ұшырды, айтқаның есімнен шығып кетті. 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Сөз тіркесінің синтаксисі туралы түсінік 
2. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем туралы жалпы сипаттама 
3. Сөз тіркесі дегеніміз не? 
4. Сөз тіркесінің құрамы мен құрылысы
5. Түйдекті тіркес дегеніміз не? 
Пайдаланатын əдебиеттер 
1. Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы. 1992. 
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997 
4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
5. Бектұров Ш.Қазақ тілі. Алматы. 2006 
6. Cайрамбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем синтаксисі. 1991.
 
 


Сөздердің байланысу тəсілдері мен түрлері 
Жоспары 
1. Сөздердің байланысу тəсілдері туралы түсінік 
2. Сөздердің байлансу тəсілдерінің түрлері 
3.Сөздердің байланысу формалары 
Тірек сөздер: сөздердің қосымшалар арқылы, шылаулар арқылы, интонация арқылы, 
орын тəртібі арқылы байланысуы, қиысу, матасу, меңгеру, жанасу, қабысу т.б. 
Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік қызмет атқару үшін өзара 
бері байланыста болуылары керек. Мысалы: мен жазба, өлең, ермек дегендер 
бытыраңқы сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына 
енгенде. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…. дегендей синтаксистік байланысқа еніп, 
өзара тіркесіп тұруға тиіс. Сонда мен деген сөз жазбаймын деген сөзбен жіктік 
жалғауы арқылы байланысып, бір тіркес болса, өлеңді деген сөз табыс жалғауы 
арқылы жазбаймын деген сөзбен байланысып, үшінші тіркес жасалады.
Сөздер, осылай өзара тіркесіп барып бір тұтас сөйлем болғанда , олар əр алуан 
синтаксистік тəсілдер арғылы байланысад. Сөз бен сөзді байланыструға дəнекер 
болатын синтаксистік тəсілдер , негізінде, мыналар: 1. Жалғаулар (септік, тəуелдік, 
көптік, жіктік). Мысалы: жастардың міндеті деген сөз тіркесіндегі екі сөздің 
алдыңғысы ілік жалғауда, сңғысы тəуелдік жалғауда айтылу арқылы байланысқан. 2. 
Шылаулар (демеулер, жалғаулықтар). Отаным үшін аттанам, көрген сайын сұрайды 
дегендер шылаулар арқылы байланысқан. 3. Сөздердің орын тəртібі биік тау, темір 
күрек, хат жаз, білім ал деген сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз тек қатар тұру арқылы 
байлангысқан. 4. Интонация. Бұл – кітап. Жақып – бригадир – интонация арқылы 
байланысқан. 
Сөз тіркесідегі сөздердің қосымшалары арқылы байланысуы – синтетикалық 
байланыс, қосымшаларсыз, орын тəртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы 
аналитикалық байланыс болады. 
Сөздердің өзара байланысу тəсілдері негізінде қалыптасқан синтаксистік
байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дйміз. 
Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары мыналар: 1) қиысу, 
2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5)жанасу. 
Қиысу - синтаксистік байланыстың көп қолданылатынт түрі. Қисыу да -
сөйлемдегі бағыныңқы мүше басыңқы мүшенің грамматикалық тұлғасына не 
грамматикалық мақынасына қарай тұлғаланады. Мысалы: Мен көрдім ұзын қайың 
құлағанын деген сөйлемде мен көрдім –қиыса байланысқан сөздер. Онда мен деген 
бастауыштың I жақтық грамматикалық мағынасымен үйлесіп, көрдім деген баяндауыш 
та бірінші жақтық жіктік жалғауда айтылған. Сіздер талапты жеткіншектерсіздер 
дегенде, баяндауыш сіздер деген бастауыштың II жақтық грамматикалық мағынасына 
жəне –дер деген грамматикалық тұлғасына қарай, дəл сондай жалғауларда айтылып 
қиысып тұр. 
Матасу - сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің басыңқыға жəне 
басыңқының бағыныңқыға қарай тұлғаланып байланысуы. Осылайша бірімен-бірі 
қарама-қарсы, матаса байланысатын сөздердің бірі ілік жалғауда, екіншісі тəуелдік 
жалғауда айтылады. Мысалы: ағаштың бұтағы, сенің кітабың, колхозшылардың 
табысы. 
Меңгеру-сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен мағыналық үйлесімі 
негізінде септік жалғауларының (іліктен басқа) бірінде тұрып байланысуы: 
меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады 
да, меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы болады. Осыған қарап 


меңгеруді үшке бөлеміз: етістікті меңгеру (терезені ашты, жайлауға шықты, 
қалтасынан алды, жолда жатты, түнімен жүрді), есімді меңгеру (қойдан жуас, оқуға 
ықыласты, қалада көп), ортақ меңгеру (айтуға тілім жетпейді, сөзін мақұл көрдік, 
жұртқа күлкі болғанмен, маған күлкі емес). 
Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар 
тұру арқылы байланысы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын 
өзгертпейді, жұбын жазбайды. Ал бірқатар қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі 
орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап та тұрады. Ондай алшақ 
байланыс жанасуға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет