Ертегі. Ертегі – арман-қиялға жетеуші. Балаға алғаш рет ерлік, батылдық сезімін оятатын, қауіп-қатер, қиыншылықты бастан кешіру, сыннан өту, айла- күш жұмсауға баулитын, арманы орындалу, мұратына жету дәмін таттыратын – ертегілер. Адам тағдырын, дүниенің саналуандығын, мейірімділік пен қатігездік, әсемдік пен ұсқынсыздық туралы да осы ертегілерден танып біледі. Әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін ертегіден алады.Ендеше, осындай адамзат баласының рухани тәжірибесінен туындаған, халықтың қалпынан шыққан, ұлттың жан-дүниесін ашатын рухани игіліктер жаны мен тәні сау, бақытты ұрпақ өсіріп, дәулетті елде өмір сүретінімізге сенім мол.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі, әлемдік деңгейдегі саяси беделі және әл–ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру көзделген. Білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс–тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру, жас өскелендерді ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажеттілігі көрсетілген. Елбасымыздың келешек ұрпақ болашағы жайлы айтқан осы ой түйіні, жаңа заман талабына сай жаңаша оқыту технологиясын игеру міндетін жүктеп отырғаны белгілі. Ендеше ақпарат ғасырында, ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда, ұстаздардың ортақ мақсаты заман талабына сай, білімді, жан – жақты ойлай білетін, өз елінің, халқының қамын жейтін, сүйе білетін, қоғамды алға қарай дамытатын ұрпақ тәрбиелеу екені даусыз. Ұлттық тағылымдардан сусынданған ұстаз ізденіссіз сапалы білімге қол жеткізу мүмкін емес. Жастарға рухани- адамгершілік тәрбие беру–қазіргі мектептердің ең маңызды міндеттердің бірі.
Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді. Ұлттық мәдениет тарихының қайта жаңғырып өркендейі, халықтың рухани мұрасын дәстүрлерін қастерлеу–оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігінің көрсеткіші. Осы өркениетті өзгертіп, оны дәріптеп, дамытатын адам болып табылады. Рухани-адамгершілік құндылықтар педагогиканың тарихы мен теориясында кеңінен зерттеліп жүрген мәселелердің бірі. Рухани- адамгершілік құндылықтарының мәні, тәрбиелік маңызы туралы қоғам қайраткері,ғұламалар,ұлы педагогтар,ақын-жыраулар өз еңбектерінде ой- пікірлерін қалдырып кеткені белгілі.Халықтың тәрбие тұрғысын рухани- адамгершілік құндылықтарды негізденген ғалымдар ұлттық педагогиканың теориялық негізін айқындаумен қатар, мектептегі тәрбие жұмысын жетілдірудің практикалыжақтарын, тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын және олардың ерекшеліктерін ашып көрсетті.
Халық педагогикасының дәстүрлері негізінде бастауыш мектеп оқытушыларының және оған дейінгі ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде тәрбиешілерді, болашақ мұғаімдерді даярлау мәселелері ең басты назарда болуы қажет… Білім берудің басты құндылығы ретінде тұлға, рухани- адамгершілік, ізгілікті қағидалар:бірлік, теңдік, өзара ықпалдастық және төзімділік бекітілген.
Оқушы тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениетті түсіну және бағалай білу үшін адамдармен құндылық – саналы ынтымақтастық әрекет жасай алуы тиіс. Осы ұстанымды жүзеге асыру ізгіліктің тұжырымдамасына негізделген, мақсатты ұйымдастырылған, өзара байланысты әркеттер және мұғалім мен оқушының арасында өзара ынтымақтастығы үдерісін қажет етеді. Педагогика мен тәжірибенің адамға, оны дамытуға, ізігілікті дәстүрді қайта жаңғыртуға бағытталуы-өмірлік мақсат ретінде танылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін педагогиканы патриотизммен байланыстыра оқыту керек сияқты.. Аталған адамзаттық және ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады. Рухани байлыққа халқымыздың мәдени-мұралары, ата- баба салт дәстүрлері, танымдағы және эстетикалық ләззаттағы қажеттіліктер жатады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Елінің бүгіні мен ертеңін алыстан болжап, халық үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып саналады. Бабалардан қалған қасиет пен құрмет, тіл мен діл, ел мен жер–бәріде біздің рухани байлығымыз. Рухани байлық – адамның өмірін, қоршаған орта, тіршілік аясымен тұтастыратын және оның бар мақсат мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады.
Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқы жеке өсиеттерді қамтиды. Кеңпейілдік, адалдық,
шыншылдық та адамгершілікке жатады. Адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттілігінің нәтижесі. Адамгершілік дегеніміз үлкенді үлкен, кішіні кіші деп қадірлей білуде, тектіліктің тірегін қалайтын тәлім тәрбиеде. Ал тәрбие қуаты отбасында. Қазіргі таңда еліміздегі оқу–тәрбие жұмысында болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысына көп мән беруді міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде жеке тұлғаға ұлттық тәрбие және адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты алға қойылатын негізгі мақсат–өркениет, прогресшіл бағыттағы ұлттық бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тәлімін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастары мен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі білімді, тағылымы мен тәлімі келіскен ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен бірге жеке тұлғаның сапасын көтеру. Тәрбие–қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы білімі мен пайымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес ұлттық сезімін және сенімін тәрбиелеу әрбір тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты. Тәрбиенің негізгі міндеті:қоғамның қажетті талаптарына әрбір баланың борышы, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сияқты қасиеттерін биік рухани адамгершілікке айналдыру.
Білім беру жүйесіндегі бірінші міндет–ол дүние жүзі елдерінде жастарды бейбітшілік рухқа ынтымақтастыққа, руханилыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен әр халықтың ұлтық мәдениетін кіріктіре меңгеру. Екіншіден, жастардың бойындағы адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті қалыптастыру және тәрбиеге негіздей отырып оқыту. Үшіншіден, білім беру жүйесінің бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып, басым бағдарын жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне бағыттау. Ендеше жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни жан дүниесін рухтандыру, кемелдендіру-заман талабы. Егер адам руханилығынан айырылса, онда ол эмоция мен мінезінен айырылады, жалаң рационализм мен прагматизмнің құлына айналады. Сөйтіп, материалдық табысты негізгі мақсатқа айналдырған қоғамдық даму адамзатты рухани жұтаңдыққа душар етіп, құндылық бағдарын өзгертіп жеберуі мүмкін.
Жетілген өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылған жөн. Олай болса, басты мақсат–жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтарды, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды, жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйіндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және дені сау, білімді, ұлтжанды, еңбекқор,сыпайы,кішіпейіл болып өсуін қамтамасыз етеді. Сондықтанда ұлттық тәрбие-ел болашағы десек біз болып, сіз болып жастарымызды ұлттық тәрбиемен үздіксіз жетілдіре беруіміз қажет деп ойлаймын.
“Білімнің ең биік мұраты- теория емес, тәжірибе, яғни өмір сүру өнеріне үйрету”-деп Сократ адамды жақсы көре отырып тәрбиелеу нәтижелі жұмыстың бастамасы екенін ұғындырады.
“Барлық адамға өзін-өзі танып, ақылды болу қабілеті берілген”. Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңді-өзің зертте. Өзіңді-өзің таны. Өзін-өзі тану өте қиын. Ар-ождан алдындағы адалдық-өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс әрекетіңе байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |