Арттыру ұлттық орталығы акционерлік



бет3/66
Дата10.06.2022
өлшемі237.54 Kb.
#459079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Отан.


Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетеді.

Ел қорғау – абыройлы іс.


Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата- бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген. Отан қорғау–қолыңа мылтық ұстап, жау қайдалап атойлаудан ғана тұрмайды. Қазіргі заман–білімділердің заманы.Отан сүйер ұрпақтың мұрат-мүддесі – рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіріп, ақыл-ойын жетілдіріп, сезімін сергітіп, жарқын болашаққа батыл қадам басу. Бастысы– ел тарихын, тағдырын білу, өмір салтымызды, болмысымызды бағалап, нығайта беру. Біздің жеріміз–қазақ жері, біздің еліміз–қазақ елі. Біз үшін басқа жер де, ел де жоқ. Қазақ елі, қазақ жері біреу-ақ!Адамгершілікті, тәрбиелі адам-мемлекеттің байлығы, бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі. Мұның бәрі өзің үшін, елің үшін, Отаныңның тәуелсіздігі үшін керек.Ұлтжандылық, отансүйгіштік – әрбір адамға керек қасиет. Адам бойында бұл қасиеттер болмаса, елінің азаматы, өз халқының ұлы мен қызы болу мүмкін емес.Ұлтжандылық дегеніміз–өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрсе де өз ұлтының баласы екендігін ұмытпау.Отансүйгіштік дегеніміз–өз жеріне, өз халқына деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар өз Отанын анам, жаным, жүрегім, өмірім, қаным деп қарау.

Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер


Білімнің басы–бейнет, соңы–зейнет.
Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. Жердің сәні–егін, ердің сәні–білім.
Ғылым – теңіз, білім –қайық. Күш білімде, білім кітапта.
Кітап пен ғылым –тілсіз мұғалім. Кісінің көркі киім емес–білім.
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет