Құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөледі :
-Т.И.Петракованың ұсынған құндылықтарды классификациялау жүйесі бойынша оларды үш түрге бөледі:
-Табиғи құндылықтар–бұл жаратылыс күштерінің құндылықтары және жанның қабілеттілігі, яғни, ақыл, сезім мен ерік күші. Табиғи құндылықтарға ақылдың анықтығы, ойдың жылдамдығы, естің беріктігі, сезімнің шынайылығы мен еріктің тұрақтылығы жатады.
-Жүре пайда болған құндылықтар ол–тұлғаның адамгершілік және интеллектуалдық дамуының нәтижесінде меңгерген құндылықтары, оларға сыпайылық, әдептілік, құрмет, адамға мейірімділік, қайырымдылық, ризашылық, ақкөңілділік, төзімділік және т.б. жатады. (өмір бойында өзгереді және тұлғадан тұлғаға)
-Абсолютті жалпыадамзаттық құндылықтар – уақыт ағымында өзгермейтін, қандай да бір адамдардың тобына ғана маңызды емес (әлеуметтік топтар, кластар, партия мен мемлекет, одақтық мемлекет) адамзаттың барлығы үшін мәнді құндылықтар.
Жалпыадамзаттық құндылықтар–Ақиқат,Дұрыс әрекет,Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасаму–бұл ұлтына, нәсіліне, қоршаған ортаға, конфессионалдық жағдайына және уақыт өзгерісіне тәуелді емес.Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бірін-бірі біріктіре отырып, адамның рухани бірлігінің негізі мен оның мәдениетін құрайды
Ақиқат- өзін-өзі танудың мақсаты ретінде:Ақиқатты жарыққа шығарудың оқытудағы мақсаты–баланың шынайы болмысын ізденуіне және бұл ізденіс өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуге көмектесу.Өйткені-Ақиқат адамның шынайы болмысы.
Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады. Адам үшін шындықты айту өте маңызды.
Жалған сөйлеу адамды қиратушы, келеңсіз әсерге әкеп соғады. Адам тумысынан дұрыс пен бұрыстың айырмашылығын ажырата білу интеллектісіне ие.
Баланың бойында келесі деңгейді, яғни сенімді ақпаратты алу– интуицияны дамыту үшін алғышарттар жасай отырып, ажырата білу қабілетін дамыту маңызды.
Ақиқат–әлемнің біртұтастығын түсіну, айналадағы заттардың барлығын да бөлінбейтін бірлік деп қабылдау.
Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана ақиқат бар, ол абсолюттік ақиқат. Сен оны тапқан кезде ғана, сенің іс- әрекеттерің онымен үйлесім табады. Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат–біреу.Ол өзгермейді. Сөз Ар–ұжданды басшылыққа алса,олар Ақиқатқа айналады. Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін.Бірақ қиындықтан қашып,өтіріктің жолына түсуге болмайды. Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін, бірақ мезгілі келген кезде бәрібір ауыр сынаққа кезігесіз.Дұрыс әрекет-Ақиқат жолын ұстау болып табылады. Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат–біреу. Ол өзгермейді. Әр адамзат баласы өмірде өзіне мынандай сұрақтар берсе - Мен кіммін? Өмір мақсаты неде? Мен өз жанымды, Ғалам Жаратушысын қалай танимын? Мен қалайша қазір және осы жерде өмір сүре аламын?
Ақиқатты ұғыну–Өзін тану–Өзінің жоғарғы «МЕН-ін» тану.
Жалпыадамзаттық құндылықтар және адам тұлғасының қырлары Зияткерлік қыры – АҚИҚАТ
Физикалық қыры – ПАРЫЗ АҚТАУ Эмоциялық қыры – ТЫНЫШТЫҚ Рухани қыры – ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ Адамгершілік қыры – СҮЙІСПЕНШІЛІК
Сүйіспеншілік адам тұлғасының барлық қырларын қамтиды.Бір құндылықты ұстанған тұлғада барлық жалпыадамзаттық құндылықтар да қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |