Арттыру ұлттық орталығы акционерлік



бет37/66
Дата10.06.2022
өлшемі237.54 Kb.
#459079
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
«Өзін-өзі-тану»-пәні-бойынша-көмекші

Сүйіспеншіліктің түрлері:


Өзімшіл сүйіспеншілік. Өзінің айналасына ғана, маған ғана көңіл бөл, мені ғана көр, эгоизм, өзін ғана ойлайды.
Өзара сүйіспеншілік.Құбылмалы, уақытша, өткінші, міндетсінген махаббат. Адамдар махаббатын сатады, сен-маған, мен-саған. Есепті.
Риясыз сүйіспеншілік. Бәріне бірдей жақсы-жаман демей шуағын шашады.
Ол Риясыз сүйіспеншіліктің символы.
Ойдағы, сөздегі- Сүйіспеншілік–Ақиқат.
Іс -әрекеттегі -Сүйіспеншілік– Дұрыс әрекет. Сезімдегі- Сүйіспеншілік– Ішкі тыныштық. Түсінудегі- Сүйіспеншілік-Қиянат жасамау
Сүйіспеншілік эмоция емес. Ол дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия. Адам Сүйіспеншілік энергиясын өткізгіш.

Сүйіспеншілік энергиясы қалай беріледі?


-Сөзбен,көзқараспен,күлкімен,көңіл-күймен, іспен, түсіністікпен, ойымен… Ол әлемді жасаушы, өмірді қолдаушы алып күш. Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді, сүйіспеншілік өтіріктен аулақ қашады.

  • Сүйіспеншілік бастан немесе ауыздан шықпайды, ол жүректен шығады.

Сүйіспеншілік-бұл барлық діндердің тамыры, бұл жазбалардың мәні, барлық жолдардың қиылысы, барлық адамдардың шабыты. Адам- сүйіспеншілік күшін таратушы.

Біздің жүрегімізде сүйіспеншіліктің гүлдеуіне не кедергі?


-Өзімшілдік, қанағаттанбау, зұлымдық, көре алмаушылық, шыдамсыздық, қызғаныш, сараңдық.

Жүрегімізде сүйіспеншіліктің гүлдеуіне не ықпал етеді?


-Тап қазіргі кезде болу, ризашылық, шынайылық, мейірімділік, жылу, дағдарыс, денсаулық мәселелері мен бір жаратушының бар екендігіне деген сенім.
Сүйіспеншілік- біздің ізгі істеріміздің жемісі. Егер біз риясыз қызмет көрсетумен айналыссақ,онда жүректе риясыз сүйіспеншілік гүлдейді.

Сүйіспеншілік әр түрлі қалыпты қабылдай алады


Адамдар әркез ойланбайтын, ақылға салмайтын болады. Сонда да сен оларды кешіре біл.
Егер сен жақсы болсаң да, кейде адамдар сені жазықсыз жазғыруы мүмкін. Сонда да сен оларға мейірімді бол.
Егер сен, жетістікке жетсең қасыңнан амал достарыңмен қатар “жауларың” да табылады.
Сонда да сен жетістікке қол жеткіз.
Егер сен адал, шынайы болсаң да, адамдар сені алдауы мүмкін. Сонда да сен адал, шынайы бол.
Жылдар бойы бейнеттеніп қалап тұрғызғаныңды біреулер бір-ақ түнде құлатуы мүмкін.
Сонда да сен қалап тұрғызатын бол.
Жаның жай тауып, бақытқа кенелсең, сол бақытыңды қызғанатындар болады.
Сонда да сен бақытты бол.
Бүгін жасаған жақсылығыңды ертен адамдар ұмытып кетуі мүмкін. Сонда да сен жақсылық жаса.
Әлемге өзіңдегі бар жақсылықты бер, және бұл да ешуақытта жеткілікті болмас.
Сонда да сен әлемге өзіңдегі бар жақсылықты бер деген екен Тереза ана.
Алланың алдында бәріміз бірдейміз.Әрқайсымыздың өз жолымыз бар,бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам болып қалу!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет