Субатомдық бөлшектер физикасы мен рухани ілімдері ғаламдағы даму, тәртіп сақтау, тепе-теңдік жағдаяттар туу үдерістерін үзіліссіз қамтушы қандай да бір күштің бар болуын айтады.
Ақиқат – ол Күн мен Айды өз орбиталарымен қозғалуға итермелеуші Ғалам заңы.
Ақиқат абсолютті, ал білім салыстырмалы. Ақиқаттың салыстырмалы аспекті
Ақиқаттың салыстырмалы аспекті материалдық әлем заңдылықтары-мен, қандай да бір құбылыстарға қатысты ғылыми жаңалықтарымен, адам көріп- білгенін өз сөзімен жеткізгендегі шыншылдық сияқты қасиетпен айқындалады.
Бұл аспекті сезімдер (логика) деңгейінде орын алған.
Ақиқаттың абсолютті аспекті.Ол–барлық тіршілік иелерінің негізін құраушы басты себебші,Жаратылыстың негізгі қасиеті,адамның кіршіксіз табиғаты.
Абсолютті ақиқат жайлы түсініктің өзі адамның физикалық қабылдау мүмкіндік-терінің сыртында орын алады.
Бұл-ғаламдағы барлығын құраушы көрінбейтін негіз.
Адам үшін шындықты айту өте маңызды.
Жалған сөйлеу адамды қиратушы, келеңсіз әсерге әкеп соғады.Адам тумысынан дұрыс пен бұрыстың айырмашылығын ажырата білу интеллектісіне ие. Баланың бойында келесі деңгейді, яғни сенімді ақпаратты алу –интуицияны дамыту үшін алғышарттар жасай отырып,ажырата білу қабілетін дамыту маңызды.
Салыстырмалы ақиқат Жеке-даралы Құбылмалы
Сезім деңгейінде
Кеңістікпен шектеулі, уақыт шеңберінде Көптүрлілікті айқындаушы
Абсолютті ақиқат
Әмбебап Өзгерусіз Сезімдерден биік
Уақыт пен кеңістіктен тыс Бірлікті айқындаушы
Табиғаттың бес элементіне адамның 5 сезім мүшелерінің сәйкестігі
Кеңістік, эфир Құлақпен есту (дыбыс)
Ауа Сипап сезу (дыбыс, сипап сезу)
От Көзбен көру (дыбыс, сипап сезу, пішін)
Су Дәм сезу (дыбыс, сипап сезу, пішін, дәм)
Жер Иіс сезу (дыбыс,сипап сезу,пішін,дәм,иіс)
«Ақиқаттың өлшемі -адамның ақыл парасаты»
«Ақиқат- айналадағы тіршілікті ұғыну»
Ақиқатты қайдан іздейміз? (аңыз әңгіме)
Бірде құдайлар жиналып адамдар әлемін жасақтау туралы ойласыпты: біреу-даланы,біреуі-тауларды,біреуі-теңізді,төртіншісі-айды,бесіншісі– жұлдыздарды, ал алтыншысының құзырына адамның өзін жарату бұйырыпты. Әлемді жасақтап болған соң барлығы ақиқатты қайда жасырамыз деп қиналады.
Олар ақиқат адамға қол жетімді болса, адамдар апатқа ұрынуы мүмкін. Алғашқы құдай: «Ақиқатты жерге көміп қою қажет, сонда оны адамдар таба алмайды»,- деді.
Екіншісі: «Жоқ, олай етуге болмайды, қу адамдар күрек немесе жер қазатын көлік ойлап тауып, жер қазады ғой. Менің ойымша, ақиқатты жасырудың басқа жолын қарастыруымыз қажет»,-деп жауап береді.
Келесісі:Ақиқатты танудың ең жоғары шыңына жасыру керек», дейді. Басқалары шулап қоя береді:«Жоқ, олай етуге болмайды,ол тіпті шыңға өрмелеу спортын да ойлап тауып, альпинист те бола алады. Адам шыңға жетудің жолын табады, оған сенуге болмайды». «Жарайды,-дейді сенімі таусылған Құдай,- онда біз ақиқатты айға жасырсақ қайтеді?». Басқалары: «Оған да ұшып жетер, алып келер, тіпті бірінен-бірі жасырып қояр», деп жауап береді. «Онда, алыстағы жұлдыздарға жасырсақ қайтеді?»,- деді тағаты таусылған Құдай. «Жоқ, олай етуге болмайды, телескоп ойлап табады, ғарыш кемесін жасақтар, бәрібір ақиқатқа қол жеткізеді»,-деп қарсылық білдірді басқалары.Адамды өзі жаратқан, бағаналы бері үнсіз отырған Құдай ғана қулана жымиды: «Ақиқатты жасырудың қарапайым ғана жолы – оны адамның өзіне жасыру. Адам тауға да өрмелер, теңіз түбіне де сүңгір, көкке де самғар, жерді де қопарар, дегенмен, ақиқаттың өз бойында екенін білер ме екен?!» - депті.
Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар–үш бөлек Керегі жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек деген Ш. Құдайбердіұлы
Достарыңызбен бөлісу: |