Екіншісі - өз жетістіктеріңізге қуана білу.
Біреуге еліктемеңіз. «Еліктеу - өзіңізді өзіңіз қинау».
Өмірде ең бастысы - өзіңіздің табыстарыңызды барынша пайдалану емес. Бұл кез- келген ақымақтың қолынан келеді.
Ең бастысы-өзіңіздің жоғалтқан нәрсеңізден пайда табу. Ал бұған ақыл керек, ақылды мен ақымақтың айырмашылығы осында. Егер сізге тағдыр лимон сыйласа, лимонад жасауға тырысыңыз!
Өзіңізді жабықтыратын оқиғаларды ұмытыңыз, басқаларға бақыт сыйлауға тырысыңыз. «Біреуге – жақсылық жасағаныңыз - өзіңізге көмектескеніңіз».
“Сүйіспеншілік,қуаныш, шыдамдылық, қайырымдылық, кеңпейілділік, сенімділік, ілтипаттылық, ұстамдылық” көрсеткен адамдарда тыныштық орнайды. Сүймейтін, қуанбайтын, шыдамсыз, қайырымсыз, пейілі тар, сенбейтін, ілтипатсыз, ұстамсыз адамдарда тыныштықтың болуы мүмкін емес.
Мен жан тыныштығын қалаймын. Мен-өзімшілдік
Қалаймын-қалаулар,тілек – Тыныштық
Жақсы болыңыздар Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар Жақсы нәрсе айтыңыздарЖақсы нәрсе тыңдаңыздар Жақсы нәрсе көріңіздер. Жақсы нәрсе жасаңыздар. Адамдарды бақытқа жеткізер жол осы.
Ізгілік- білім үшін Білім-өмір үшін
Өмір-сүйіспеншілік үшін Сүйіспеншілік-адам үшін Адам-руханилық үшін Руханилық-тыныштық үшін Тыныштық-бейбіт өмір үшін
Құдықтың тереңдігі ұлғая берген сайын оның суы тазара береді, сол сияқты жан-дүниеңе көбірек үңіле берген сайын, қателіктерің азайып, жақсы жаққа бет бұрасың.
Бақыт құсын қолмен ұстау мүмкін емес, егер де сіздің ішкі тыныштығыңыз орнаған болса, ол өзі келіп иығыңызға қонады
-Бүгінгі өмірдің парадоксі туралы тағы да бір рет еске алайық. Бізге сыртқы әлемді зерттеуден және өзіміздің ішкі әлемімізді, яғни өзімізді түсінгеннен гөрі, неғұрлым оңай тануға және игеруге болатын сияқты.
-Горький ғажайып шешен адам болды, ғажайыптар және ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктері туралы айтқанды ұнататын. Бірде түпкірдегі ауылды жерге бара жатқанда, бір топ шаруаның алдында сөз сөйледі. Лекция кезінде ол адамдарға құс сияқты әуеде ұшуға және балық сияқты теңізде жүзуге мүмкіндік берген ғылымның ұлылығын түсіндірді. “... Біздер құстар мен балықтардың істегенін жасай алатын сияқтымыз, бірақ адамға тиістіні ешбір жасай алмаймыз!”Бүгінде әлемде болып жатқан қиындық та осында! Біздің балаларға беретін ең бағалы сыйымыз –бұл ішкі қанағат пен жан тыныштығын табуға қабілеттілік.
Бұрынғы даналар айтқандай: “Жер бетінде тыныштық болсын және ол менен басталсын!”деп әрбір адам өз жүрегіне тұжырым жасаса. М.Горький
Достарыңызбен бөлісу: |