Егер адам баласы бір-біріне зорлық жасамай, барлық адам бір-біріне бір бауырдай болып, өнер-білімімен, таза еңбекпен табиғаттың байлығынан пайдаланып отырса, дүние пейіш болуында сөз жоқ. Ш.Құдайбердіұлы
Қай жерде саған қайшы келетіндей талас туындаса да, сен оған сүйіспеншілікпен жауап қайтар. Қиянат жасамау күші табиғи материалдық күшке қарағанда анағұрлым шексіз нәзік және ғажайып дүние. М.Ганди
Қиянат жасамау–түсіну ретіндегі Сүйіспеншілік. Түсіну–барлық тіршілікті қиянат жасамауға алып келудің тұтастығы. Қиянат жасамау–Ақиқат,Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және Жан тыныштығының іс жүзіндегі тәтті жемісі.
Бәрінің бірлікте болуының мәнін жете түсіну;
Қиянат жасамау барлық заттарға сүйіспеншілікпен қарауды қажет етеді;
Қиянат жасамау барлық адамгершілік істерді өзіне қосып алады;
Қиянат жасамау тек қатыгездік жасамауды ғана білдірмейді, сонымен қатар басқа адамдардың қайғысын жеңілдету үшін де әрекет етеді;
Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді.
Өзіңе қатысты қиянат жасамау – бұл өз сезім мүшелеріне
қиянат жасамау: Өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат; Жаман сөз есту – құлаққа қиянат;
Барлығынан жамандық көру – көзге қиянат; Жаман иіс иіскеу – мұрынға қиянат;
Жаман әрекет жасау – тәнге қиянат ; Жағымсыз ойлар – бүкіл әлемге қиянат
Қиянат жасаудың себептері:
Сүйіспеншіліктің жетіспеуі;
Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі;
Өзгеріске қарсылық ретіндегі қиянат;
Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес әлемді өзгерту ниетінен туындаған қиянат.
Өзін-өзі тану пәнін оқыту үдерісінде қинат жасамау
Егер оқушыда өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысы болмаса, онда , түрлі өсімдіктердің гүл жаруының өз мезгілі болатыны сияқты әрбір адамның өзінің шынайы табиғатын түсініп, мойындауы үшін өз уақытының болатынын міндетті түрде ескеру керек. Мұндай кезде жағдайды жылдамдату емес, ұстаздың ролін өмірдің өзіне жүктеу әлде қайда тиімдірек болады. Өзін-өзі танудың өзін сынақтан өткізу жолы арқылы біз бірегей, ерекше тәжірибе жинақтаймыз.
М.Мамардашвили «кейде қиыншылық жолынан өту де қажет» деген, себебі адам басынан кешпей ештеңенің қадірін білмеуі де мүмкін ғой.
Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді.
Мен өзімді құрбан ететін көп нәрселер бар, бір-ақ мен құрбандыққа шалатындай ешнәрсе жоқ.
Мен өмірдің апаттар қоршауында өтетінін түсіндім, тиісінше қирау заңдылығыннан да жоғары заң болуы қажет. Тек осындай заң болғанда ғана қоғам дұрыс және орынды құрылады, сондықтан да өмір сүруге тұрады. Егер ол
өмір заңы болса, біз күнделікті өмірде осы заңды ұстануымыз қажет. Қандай ұрыс-керіс, қарсылық жанжал болмасын, қандай қарсылас кездессе де, оны сүйіспеншілікпен жеңіңдер...
Риясыз сүйіспеншілік қайтарымына не аларын ойланбастан-ақ, басқалардың керегін бере алады.
Қиянат жасамау - күштілердің қаруы.
Қиянат жасамау – тек рухы күшті адамдардың қолынан келеді. М.Ганди Жүректен шыққан жылы сөздер
Жақсы сөз- жарым ырыс дейді халқымыз.
Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді.
Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, қуанышқа бөлейді.
Жылы сөз, адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға септігін тигізеді.
Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау екенін ұмытпайық.
Достарыңызбен бөлісу: |