-Ұстаз, Тыныштық тамыры неде? – деп сұрапты шәкірті
-Тыныштық тамыры–қауіпсіздікте. Егер адам өлім мен аурудан қорықпаса, оның жаны тыныш болады, - деп жауап береді Ұстаз.
-Ұстаз, Тыныштық діңі неде?
-Тыныштық діңі – дурыс ой мен қажетсіз құмарлықтан тазартылған әлемнің әсем көрінісінен тұрады, - дейді Ұстаз.
-Ұстаз, ал Тыныштық бұтағы қайда таралады?
-Тыныштық бұтақтары рухани жақын адамдарға таралады,-деп жауап береді Ұстаз.
Тынышытықпен өмір сүрген, ар- ұжданы таза адам ғана тыныш бола алады.
Сөзбен (тек шындыққа тоқтаңыз, көп сөйлемеңіз, басқаларды сынамаңыз, сүйіспеншілікпен сөйлеңіз) АҚИҚАТҚА жүгініңіз;
Іс-тәжірибеңізбен (адал ісіңізбен көмек беріңіз, қиянат жасамаңыз, өз еліңіздің заңына бағыныңыз ) ПАРЫЗЫҢЫЗДЫ ұмытпаңыз;
Ойыңызбен (жақсы нәрсені ойлаңыз, реніштен, ашудан, іштарлық және т/б.) ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫНА жетіңіз;
Мінезіңізбен (өзіңіздің шынайылығыңызды, қайырымдылығыңыз бен бақытыңызды) МАХАББАТТЫ сыйлай біліңіз;
Жүрекпен (өзіңіздің шынайы рухани жаратылысыңызды еске түсіріңіз) ҚИЯНАТ ЖАСАМАЙ бақылаңыз.
ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ ФОРМУЛАСЫ
ОҢ НИЕТ+ ЖАҚСЫ СӨЗ+ АДАЛ, ІЗГІ ІС = БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР.
Адам тұлғасының бес деңгейлік құрылымы және бес жалпыадамзаттық құндылықтар:
Рухани деңгейі – ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
Ажырату деңгейі – АҚИҚАТ
Менталдық деңгейі – СҮЙІСПЕНШІЛІК
Эмоционалдық деңгейі – ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ
Физикалық деңгейі – ДҰРЫС ӘРЕКЕТ .
Достарыңызбен бөлісу: |