Барлық адамдар жан тыныштығына ұмтылуда: біреулер үндестікті жұмыстан қанағат алу десе,енді біреулері отбасынан, ақшадан, саяхаттан іздейді. Адамдар қуаныш пен қанағатты айналадағы заттардан аламыз деп ойлайды, бірақ бұл олардың өздерінде жасырынып жатқан қуаныштың көлеңкесі ғана. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде оның жан дүниесінде ішкі тыныштықтың хош иісті гүлі шешек атады. Жапырақ, ағаштан үзіліп бара жатып, «Қалықтап жүрген қандай керемет!»,-деп ойлайды, оны жерге қонғаннан кейін не күтіп тұрғанын түсінбестен, артынан не боларын кейіннен ғана түсінеді.Жан тыныштығы таза жүректен туындайды. Жан тыныштығы- бұл өмірді үндестікпен басқару.Жан тыныштығына жету ешқашан кеш болмайды.Адамда кездесетін ең үлкен бақытсыздық–бұл ішкі жан тыныштығын жоғалту .
Ақыл дегеніміз терең ой, ой біздің мінезімізді бақылайды. Біз ақылмен жұмыс істеп, ақылды бақылап отыруымыз керек. Ақылдың міндеті- сезімдерді бақылау.
Ақыл-кілт, жүрек-құлып, егер ақылыңды рухани құндылықтарға бағыттасаң, онда жүректе жан тыныштығы орнайды.
АҚЫЛ-адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет
Ақылды айға теңеуге болады. Себебі ай өзінен жарық шығармайды. Ол басқалардан қуат алады.Сол сияқты ақыл да рухани деңгеймен біріккенде парасатқа ұласады. Ақыл толассыз ой, пікірлер, қалаулар мен мазасыздықтардан тұрады. Сондықтан ақыл парасатқа бағынуы керек.
-Ақыл жақсыны жаманнан, дұрысты бұрыстан ажырата алмайды, сондықтан ақылды Жоғарғы санаға бағындыру керек.
-Ақыл міндеті–шешім қабылдау.Аллегория түрінде оны жалпыадамзаттық құндылықтар қобдишасының кілті, ал жүректі – құлпы ретінде қарастырайық:
-Кейде сана мен сезім қабаттасып, адам қандай шешімге келерін білмей, қатты қиналатын кездері де болады. Ең бастысы –жүрегіңе сен.
-Егер адам өзін кіші “мен” емес,рух ретінде қабылдай алса, онда оны қоздыратын адам немесе жағдаяттармен кездескенде қырағы болып, ешбір мазасыздық танытпайды.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс- тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады.
Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады.
Достарыңызбен бөлісу: |