Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет19/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
 
3.2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДАҒЫ ФАКТОРЛАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ 
ШҚТ-дағы жүйелі тәсілдемесі ішкі және сыртқы байланыстарын, өзара 
әрекетін және өзара бағыныштылығын ескере отырып, факторлардың өзара 
байланысын зерттеу қажеттілігінен туындайды, оған жүйелеу арқылы қол 
жеткізіледі. Жүйелеу - өзара байланысы мен өзара бағынушылығын анықтай 
отырып, зерттелетін құбылысты немесе нысанды белгілі бір реттілікпен ор-
наластыру. 
Факторлы жүйелер детерминді және стохастикалық түрде болатынын 
ескеру қажет. 
Детерминді факторлы жүйені құру – бұл зерттелетін құбылысты алгеб-
ралық сома түрінде, онымен атқарымды байланыста болатын және оның ша-
масын анықтайтын жеке немесе бірнеше факторлардың бөлінді немесе 
көбейтіндісі түрінде көрсету.
Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорынның жалпы өнім көлемін бірінші реттегі 
екі фактордың - жұмысшылардың ораша тізімдік саны мен бір жылдағы бір 
жұмысшының орташа жылдық өнімділігінің көбейтіндісі түрінде көрсетуге 
болады, өз кезегінде соңғысы жылына бір жұмысшының орташа атқарған 


36 
күн санына және жұмысшының орташа күндік өнімділігіне тәуелді болады.
Соңғысы жұмыс күнінің ұзақтығы мен орташа сағаттық өнімділікке байла-
нысты болуы мүмкін. 
Детерминді факторлы жүйенің жоғары деңгейде пайдалануына, көбіне-
се, кешенді факторларды бөлшектеу арқылы қол жеткізіледі. Элементтері
(біздің мысалымызда жұмысшылар саны, атқарылған күн саны, жұмыс 
күнінің ұзақтығы) көбейткіштерге бөлінбейді, өйткені ол мазмұны бойынша 
біртекті болып келеді. Жүйенің дамуына байланысты кешенді факторлар 
бірте-бірте жалпылығы аз емес бөлшекке бөлінеді, ал олар өз кезегінде тағы 
да жалпылығы аз бөлшекке бөлініп, өзінің талдамалық мазмұны бойынша 
элементке (қарапайымға) жақындай түседі.
Осылайша, факторлардың жүйеленуі, талдаудың келесі кезеңінде, әсіре-
се зерттелетін көрсеткіштердің үлгілеу сатысында мәні маңызды болатын 
зерттелетін көрсеткіш шамасының қалыптасуы кезінде факторлардың өзара 
байланысын терең зерттеуге мүмкіндік береді. 
3.2.1сурет. Жалпы өнімнің детерминделінген факторлы жүйесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет