Асембаева эльмира куандыковна



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата21.09.2023
өлшемі7.94 Mb.
#478091
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45
Диссертация Асембаева Э К

Lactobacillus brevis, Lactobacillus. fermentum, Lactobacillus acidophilus және 
Lactobacillus Casei [114, р. 1100]. 
Ересектерге 
арналған 
тағамдарға 
лактулозаны 
қосқанда, 
бифидобактериялар мен лактобактериялар мөлшері 7,5%-дан 57% -ға дейін 
артып, ал ішек таяқшалары мөлшері 100 есе азайды. Бұл пребиотик асқазан-
ішек жолының жоғарғы бөлігінде бөлінбейді және тікелей тоқ ішекке 
тасымалданады. Тоқ ішекке түскен лактулоза пайдалы микроорганизмдер: 
бифидобактериялар мен лактобактериялардың өсуі мен дамуы үшін азық-түлік 
материалы ретінде қызмет етеді [154-156]. Зат алмасудың нәтижесінде 
лактулоза ішектің шіріткіш микрофлорасының дамуын тоқтататын, сірке, сүт 
және басқа да қышқылдарға айналады, осылайша, ақуыздық ыдыраудың улы 
өнімдерін (аммиак, скатол, индол және т.б)
қалыптастыруға жол бермейді, 


34 
зиянды ферменттердің (глюкуронидаза, нитроредуктаза, азоредуктаза) 
мөлшерін азайтады, бауыр мен бүйректерге жүктемені төмендетеді, иммундық 
реакцияларды ынталандырады [157, 158]. Нәтижесінде осмостық қысым 
күшейіп, ішекте сұйықтықтың ағымы ұлғаяды, демек, үлкен дәреттің көлемі 
артып, оның консистенциясы жұмсақтау болып және ішектің босауы 
жеңілдейді. Бұл көмірсулардың бірегейлігі, оның басқа қант алмастырғыштар 
мен қанттарға қарағанда, тісжегінің негізгі себебі болып табылатын, зиянды 
бактериялардың өсуін қолдамайтындығы. Балаларда лактулозаны ағзаның өзі аз 
мөлшерде бөліп шығарады. Жас ұлғайған сайын тоқ ішекте патогенді 
бактериялар басымдыққа ие болады, бифидобактериялардың мөлшерлік 
құрамы төмендей бастайды [159, 160]. Лактулоза қазіргі уақытта классикалық 
бифидус-фактор ретінде танымал [161].
Мечниковтың пайымдауы бойынша, шіріткіш флораның көбеюі, 
қартаюдың басты себебі болып табылады [162]. Сондықтан лактулоза – егде 
жастағы адамдар үшін таптырмайтын зат. Әлемде, бұл энцефалопатияны 
емдейтін жалғыз зат екендігі белгілі. Лактулозаның уытты әсері 
болмағандықтан, бұл дисахарид – ең қауіпсіз іш жүргізгіштердің бірі және ұзақ 
мерзімді пайдалану үшін жарамды [151, с. 46]. 
Лактулоза ДДСҰ-ның негізгі дәрілік заттардың тізіміне енгізілген [163] 
және көбінесе іш жүргізетін құрал ретінде қолданылады, сонымен қатар ішек 
микробиотасының патологиялық бұзылуларымен және ішек қабырғасының 
өткізгіштігімен байланысты ауруларда (бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі 
энцефалопатия, ішек инфекциясы, сальмонеллез, бауыр циррозы) қолданылады 
[152, р. 1245]. 
Лактулозаға жүргізілген көптеген зерттеулер, оның емдік және 
профилактикалық қасиеттерін дәлелдеді, бұл лактулозаны фармацевтикалық 
және тамақ өнеркәсібіне енгізуді дамытты. 
Тамақ өнеркәсібінде лактулозаны қолдану саласы кеңеюде, оның ішінде 
кондитерлік өнімдер, сусындар, диеталық және диабеттік тамақтануға арналған 
тамақ өнімдері, функционалды тамақ ингредиенті ретінде де қолданылады. 
Алайда, лактулозаны тағамдық пребиотикалық компонент ретінде қолданудың 
негізгі бағыты – бұл функционалды сүтқышқылды өнімдерді өндіру [164-167]. 
Лактулозамен байытылған тамақ өнімдері Жапонияда алғаш рет өткен 
ғасырдың 80-жылдарында пайда болды. «Моринага Милк Ко» компаниясында 
20 жылдан астам уақыт бойы лактулозамен байытылған сүт өнімдерін 
шығарды. 2000 жылы Ресейде лактулоза бар тағамдар пайда болды [166]. 
Лактулозаны қабылдау қандағы глюкозаның деңгейін жоғарылатпайды
сондықтан оны қант диабетімен ауыратын науқастарға қолдануға болады [168].
Лактулозаның көптеген басқа пребиотиктерден айырмашылығы сүт 
өнімдері үшін бөгде зат емес. Лактулоза үшін ағзаның барлық табиғи қорғаныс 
тосқауылдарын жеңу қиын емес және кез келген өнімнің бөлігі ретінде 
флораның тіршілік ету ортасына жетеді. Ол өзінің микрофлорасының сандық 
өсуін ынталандырады [169]. 


35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет