4.Физикалық асептика әдістері. Химиялық асептикада қолданылатын аспаптар.
Физикалық әдістерді термиялық жолмен іске асырады - күйдіру және қайнату,буқысымымен залалсыздандыру (автоклавта), ыстықауамен (құрғақ ауамен), сәулелі залалсыздандыру.
Күйдіру және қайнату
Хирургиялық клиникада құрал-саймандарды күйдіру әдісімен залалсыздандыру қазіргі кезде қолданылмайды. Бұл әдісті тек қана тұрмыстық жағдайда ғана, басқа әдістерді жүргізуге мүмкіндік жоқ кезде, пайдалануға болады. Металлдан жасалған құралдарды оттың жалынында күйдіру арқылы залалсыздандыруға болады. Әдетте, металлдан жасалған тостағанға құралды салып, үстінен этил спиртін құяды да, оны өртеп жібереді. Құрал-саймандарды арнайы электрозалалсыздандырғышта қайнатады. Оларды торға жайып салып (шприцті инесінен бөліп), орналастырады да, дистиллденген суға (оның ішіне натрий- гидрокарбонатын - 2% ерітінді болғанша қосуы да мүмкін) батырып қояды.
Қалыпты жағдайда, 100° С температурада 30 минут қайнатады. Залалсыздандыру аяқталғаннан кейін, құрал-саймандарды арнайы залалсыз білтелермен ұстап алады.
Көп уақыттан бері залалсыздандыруды қайнату арқылы іске асырып жүрді, бірақ бұл әдісте температура 100°С -қа дейін көтеріледі, ол спора түзуші бактериялардың жойылуына мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта клиникаларда залалсыздандыру үшін, қайнату әдісі қолданылмайды.
Бу қысымымен залалсыздандыру (автоклавтау)
Бұл әдісте залалсыздандыруды ыстық бу арқылы іске асырады. Жәй бу арқылы қазіргі кезде залалсыздандыруды пайдаланбайды, себебі қызуы жеткіліксіз (100°С) болады және микробтардың барлығын жоймайды. Автоклавта (бу қысымымен залалсыздандыратын аспап) қысымды жоғарылатып, суды ысыту мүмкіндігі туады. Бұл қайнату нүктесін жоғарылатып, оған сәйкес будың температурасын 132,9°C -қа дейін көтереді (2 атм. қысымда). Қысымды 1,0; 1,5 немесе 2,0 атмосфераға дейін жеткізуге болады.
Химиялық асептикада қолданылатын аспаптар.
Газбен залалсыздандыру.
Газбен залалсыздандыру арнайы герметикалық камераларда жасалады.Залалсыздандыратын агенттер: формалин булары (камера түбіне формальдегид таблеткасын қояды) немесе этилен тотығы. Құрал-саймандарды торға салып, 6-48 сағатқа дейін (ол камерадағы температура мен газдың компонеттеріне байланысты) залалсыздандырады. Бұл әдістің ерекшелігі - залалсыздандырылған заттардың сапасына кері әсері өте төмен, сондықтан бұл әдіспен оптикалық немесе қымбат тұратын құрал-саймандарды залалсыздандырады. Сәулелі залалсыздандырудан айырмашылығы, бұл әдісті стационарларда пайдалануға болады.
Антисептикалық ерітінділермен залалсыздандыру.
Газды және сәулелі залалсыздандыру сияқты, химиялық антисептитказалалсыздандырудың суықәдістеріне жатады және құрал-саймандардың өткірлігіне әсер етпейді, сондықтан кесетін хирургиялық құрал-саймандарды залалсыздандыру үшін қолданады. Көбіне залалсыздандыру үшін, 3 ерітіндіні пайдаланады: үштік ерітінді(96% этил спирті және 6% сутегінің асқын тотығы.
Достарыңызбен бөлісу: |