Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Операция кезіндегі және операциядан кейінгі кезде болатын асқынулар, оларды алдын алу. Жасанды тыныс алу әдістері және реанимация



бет8/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

14. Операция кезіндегі және операциядан кейінгі кезде болатын асқынулар, оларды алдын алу. Жасанды тыныс алу әдістері және реанимация.
ЖАУАБЫ:
Операция кезінде наркоз уақытындағы асқынулар анестезияны жүргізу техникасы мен тіршілік үшін маңызды асқынулар анестезиялаушы заттардың әсер етуіне байланысты болуы мүмкін.

  1. Құсу мен регургитация: құсу – құсу оратлығына наркотикалық заттың тікелей әсері болуы мүмкін. Одан кейін аспирация қауіпті – асқазанның ішіндегілерінің тыныс жолдарына түсуі. Регургитация – асқазандағы тағамның кеңірдек пен бронхтарға белсенсіз лақтырылуы.

Құсу мен регургитациядан өкпеген түскен қышқылдар әсерінен пневмонияға әкелуі мүмкін және жиі летальді ағыммен аяқталады.
АЛДЫН-АЛУ: асқазанды зонд көмегімен шығару қажет. Перитонитті және ішек түйілуі бар болса, зондты наркоз аяқталғанша асқазанда қалдырып, Тренделенбург қалпын ұсынады. Регургитация алдын-алу үшін наркоз басталар алдын Селик тәсіліні пайдаланып, жүзік тәрізді шеміршекті артынан басу арқылы өңештің қысылып тұруын шақырады.

  1. Тыныс алу жағынан асқынуларға: тыныс жолы обструкциясы – ІІІ3 сатыда тілдің артқа тартылуы нәтижесінде болуы мүмкін. Оған қоса, жоғарғы тыныс жолдарына қатты бөгде заттар түсуі мүмкін (тістер мен протездер). Алдын-алу: наркоз кезінде төменгі жағын жылжытып, тістерін қарау керек.

  2. Қан айналымдық асқыну: Артериалды гипотензия – наркозға ену уақытында АҚ-ның төмендеуі, ол жүрекке немесе қантамыр орталығына әсер етуінен болуы мүмкін. Бұл наркотикалық зат мөлшері артық болса, мысалы галотан. Кейде пациентте Айналымдағы қан көлемі (АҚК) аз болуынан болады. Алдын-алу: АҚК кемістігін толтыру, қан алмастырғыштар мен қан құю

  3. Жүрек ырғағының бұзылысы – ОЖЖ гипоксия мен гиперкапниясынан, барбитураттар мен галотанның артық мөлшерінен, галотаннан кейін эпинефринді қолдану. ЭКГ мен қадағалау керек.

  4. Ең қауіпті асқыну – жүректің тоқтауы. Жедел жүрек-өкпе реанимациясын жасау керек.

  5. Нерв жүйесінің асқынулары – наркотикалық заттардың терморегуляторлық орталық механизміне әсер етіп, науқастың дене температурасы түсуі байқалады.

Кейінгі асқынулар:

  1. Созылып кеткен ояну – наркоз көп енсе, кумуляциясы салдарынан гипоксия дамыса не бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігінен болады.

  2. Апноэ – миорелаксанттардың қолданудан ауыр асқынуы. Мұздатылған плазма (құрамында псевдохолинэстеразасы бар) мен электролит пен қышқыл-сілтілі бұзылыстарды реттеу керек.

  3. Құсу – мидың гипоксиясы салдарынан дамиды. Операция алдын сүңгі енгізіп алдын алады. Тоқтамаса, атропин

Реанимация – клиникалық өлім жағдайында жатқан организмнің негізгі тіршілік қызметтерін қайта қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені.
Жүрек-өкпелік реанимацияның 4 кезеңі бар:

  1. Тыныс алу жолдарын қалпына келтіру.

  2. ӨЖЖ

  3. Жүрек массажы

  4. Дифференциалды диагностика, дәрілік терапия, жүрек дефибрилляциясы

Жасанды тыныс алдыру: ауыздан ауызға, ауыздан мұрынға, ауыздан ауызға және мұрынға деген түрлері бар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет