12.Науқасты наркозға дайындау,оны дайындау әдісі. Ингаляциялык наркоздың көрсетіштері мен қарсы көрсеткіштері. Науқасты наркозға дайындау дәрігер анестезиологтың науқаспен жеке қарым-қатынасынан басталады. Операцияның қандай көрсеткіштермен жасалатындығын, жансыздандырудың қандай түрін тағайындау керектігін анықтау үшін, науқастың сырқатнамасымен танысуы қажет. Анестезиолог науқастың жүрек - қан тамыр жүйесінің, өкпесі мен бауыр қызметінің жағдайымен таныс болуы керек. Жоспарлы операция болса, операция алдындағы кезеңде гомеостаз бұзылыстарын қалыптандыру керек.
Жансыздандырудың түрін таңдап, операцияның қауіп дәрежесін анықтайды. Бұлар наркоз ағымының және наркоздан кейінгі алғашқы кезеңнің болжамын көрсетеді. Қауіп-қатер дәрежесі Н.Н. Малиновский әдісі бойынша, балдық қағиданы пайдаланып бағаланады. Олар аз дәрежелі қауіп (I, II), орташа дәрежелі қауіп (III)және үлкен дәрежелі қауіп (IV, V) болып бөлінеді.
Ингаляциялык наркоздың көрсетіштері мен қарсы көрсеткіштері.
Көрсеткіштер:
1. Күрделі және ұзақ мерзімді хирургиялық араласулар, әсіресе кеуде немесе іш қуысының ашылуымен байланысты;
2. Жергілікті анестетиктерге төзбеушілік;
3. Науқастың жергілікті анестезиядан бас тартуы;
4. Психикалық аурулар;
5. Балалар жасы.
Абсолютті қарсы көрсеткіштер:
1. Декомпенсация сатысындағы жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, дәрі-дәрмекпен емдеуге келмейтін айқын гипертензия, шокпен, жедел анемиямен, интоксикациямен байланысты елеулі гипотония немесе коллапс;
2. Айқын тыныс алу жеткіліксіздігі бар тыныс алу ағзаларының аурулары;
3. Функциялары күрт бұзылған бауыр мен бүйрек аурулары-жедел бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі;
4. Бассүйекішілік қысымның айқын жоғарылауымен миаурулары (бассүйек-ми жарақаттары, ми ісігі).
13.Бұлшықет релаксанттары, жіктелуі, қолдану көрсеткіштері. Миорелаксанттар – қаңқа бұлшықеттерінің шеткі холинорецепторларын тежейтін кураре тәрізді заттар (кураре – қаңқа бұлшықеттерінің салдарын туғызатын, өлім әкелетін у). Әсер ету механизмі бойынша олар үшке бөлінеді:
1) үйексізденуге қарсы дәрілер – тубокурарин хлорид, панкурония бромид, пипекурония бромид,
2) үйексіздеуші дәрілер – суксаметония хлорид.
3) араластық түр әсері бар – диоксоний.
Орталыққа әсер ететін миорелаксанттар – мелликтин, баклофен.
Миопаралитикалық ықпалының ұзақтығына байланысты:
1) қысқаша әсерлі 5-10 минут – суксаметония йодид,
2) орташа әсерлі 20-30 минут – атракурий, векуроний,
3) ұзақ әсерлі 30-40 минут – тубокурарин, пипекурония, панкурония.
Көрсеткіштері:
Көкірек және құрсақ қуыстарына операция жасауда; аяқ және қолдарға жасалатын операциялар. Үйексіздену үшін поликлиникалық жағдайларда қысқа операция кездерінде.