Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Ми-жұлындық анестезия, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жүргізу техникасы,асқынудың алдын алу



бет11/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

21. Ми-жұлындық анестезия, көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Жүргізу техникасы,асқынудың алдын алу.
ЖАУАБЫ:
Өткізгіштікке жатады. Жұлынның субарахноидалды кеңістігіне енгізу жолымен қамтамасыз етіледі.
Көрсетілімі: Диафрагмадан төмен ағзаларға: асқазан ішектер, бауыр мен өт жолы, көкбауыр, кіші жамбас қуысындағы ағзаларға, және аяқтарға жасалатын операцияларда қолданады.
Қарсы көрсетілім: жарақаттық шок, артериалды гипертензиямен жүретін перитониттағы интоксикация, арқаның терісінің қабынуы аурулары, омыртқа деформациясы.
Жұлындық анестезия үшін арнайы мандрені жақсы бекітілген, миллилитрдің он үлесіне градиуирленген, жақса піскегі мен шприцтер қажет. 2% лидокаин, 0,5 % бупивакаин, 5% прокаин, 0,75 % бупивакаинның декстрозадағы ерітіндісі қолданылады.
Науқас көлденеңінен үстелге отырғызылады, аяқтары табуретке бекітілеід, тізені көтеріп, арқаны максималды бүгеді. Мейірбике науқастың алдында тұрып, оның иығын төмен иеді және сол қалпында сақтауға көмектеседі. Пункция жатқан қалпында жүргізілсе, науқас бүйірімен жатып, арқасы үстел жиегінде, тізені ішке тартып, иегі кеудеге тиеді, арқа макс бүгіледі. Көмекші алдында тұрып, бір қолмен мойнынан, екіншімен жамбасынан ұстап тұрады.Пункция LІІІ мен LІV не LІІ мен LІІІ қылқан өсінділері арасынан жүргізіледі. Операциялық алаңды диэтилді ээфирмен және спиртпен өңдейді. Инъекция орнындағы теріні 0,25% прокаин ерітіндісмен инфильтрациялайды. Инені қылқан өсінді арасымен ортаңғы сызық бойымен (5-10градус) көлбеу төмен қарай енгізеді.
Инемен қылқан арасынан, қылқан үстінен, сары байламнан өткенде қарсылық байқалып, тесіп өткен соң жойылады. Кейін мидың қатты қабығында жеңіл қарсылық байқалып, инені жылжыту тоқтатып, мандрен алынады, қатты қабықтың ішкі жапырақшасын тесіп өтіп, инені айналмалы қозғап 2-3 мм жылжытады. Мөлдір цереброжұлындық сұйықтық бөлінуі дұрыс пункция жасалғанын көрсетеді. Сұйықтық болмаса не қан көрінсе, инені алып, басқа өсінділер арасынан қайталайды. Пункция жасалған соң, шприцке 2-3 мл цереброжұлындық сұйықтық алып, анестетикпен араластырып, мижұлын өзегіне енгізеді. Науқас опер столға, басын төмен 15 градус түсіріп (лидокаин не 0,5%бупивакаин) не көтеріп (прокаин не 0,75% бупивакаин) жатқызады.
Асқынуы: АҚ төмендеуі. Алдын-алу үшін операция алдын тамыртарылтқыштар енгізу, асқыну байқалса, шокка қарсы қаналмастырғыштарды біріктіріп құяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет