14. Операция кезіндегі және операциядан кейінгі кезде болатын асқынулар, оларды алдын алу. Жасанды тыныс алу әдістері және реанимация. ЖАУАБЫ:
Операция кезінде наркоз уақытындағы асқынулар анестезияны жүргізу техникасы мен тіршілік үшін маңызды асқынулар анестезиялаушы заттардың әсер етуіне байланысты болуы мүмкін.
Құсу мен регургитация: құсу – құсу оратлығына наркотикалық заттың тікелей әсері болуы мүмкін. Одан кейін аспирация қауіпті – асқазанның ішіндегілерінің тыныс жолдарына түсуі. Регургитация – асқазандағы тағамның кеңірдек пен бронхтарға белсенсіз лақтырылуы.
Құсу мен регургитациядан өкпеген түскен қышқылдар әсерінен пневмонияға әкелуі мүмкін және жиі летальді ағыммен аяқталады.
АЛДЫН-АЛУ: асқазанды зонд көмегімен шығару қажет. Перитонитті және ішек түйілуі бар болса, зондты наркоз аяқталғанша асқазанда қалдырып, Тренделенбург қалпын ұсынады. Регургитация алдын-алу үшін наркоз басталар алдын Селик тәсіліні пайдаланып, жүзік тәрізді шеміршекті артынан басу арқылы өңештің қысылып тұруын шақырады.
Тыныс алу жағынан асқынуларға: тыныс жолы обструкциясы – ІІІ3 сатыда тілдің артқа тартылуы нәтижесінде болуы мүмкін. Оған қоса, жоғарғы тыныс жолдарына қатты бөгде заттар түсуі мүмкін (тістер мен протездер). Алдын-алу: наркоз кезінде төменгі жағын жылжытып, тістерін қарау керек.
Қан айналымдық асқыну: Артериалды гипотензия – наркозға ену уақытында АҚ-ның төмендеуі, ол жүрекке немесе қантамыр орталығына әсер етуінен болуы мүмкін. Бұл наркотикалық зат мөлшері артық болса, мысалы галотан. Кейде пациентте Айналымдағы қан көлемі (АҚК) аз болуынан болады. Алдын-алу: АҚК кемістігін толтыру, қан алмастырғыштар мен қан құю
Жүрек ырғағының бұзылысы – ОЖЖ гипоксия мен гиперкапниясынан, барбитураттар мен галотанның артық мөлшерінен, галотаннан кейін эпинефринді қолдану. ЭКГ мен қадағалау керек.
Ең қауіпті асқыну – жүректің тоқтауы. Жедел жүрек-өкпе реанимациясын жасау керек.
Нерв жүйесінің асқынулары – наркотикалық заттардың терморегуляторлық орталық механизміне әсер етіп, науқастың дене температурасы түсуі байқалады.
Кейінгі асқынулар:
Созылып кеткен ояну – наркоз көп енсе, кумуляциясы салдарынан гипоксия дамыса не бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігінен болады.
Апноэ – миорелаксанттардың қолданудан ауыр асқынуы. Мұздатылған плазма (құрамында псевдохолинэстеразасы бар) мен электролит пен қышқыл-сілтілі бұзылыстарды реттеу керек.
Құсу – мидың гипоксиясы салдарынан дамиды. Операция алдын сүңгі енгізіп алдын алады. Тоқтамаса, атропин
Реанимация – клиникалық өлім жағдайында жатқан организмнің негізгі тіршілік қызметтерін қайта қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені.
Жүрек-өкпелік реанимацияның 4 кезеңі бар:
Тыныс алу жолдарын қалпына келтіру.