Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Негізгі интраоперациялық асқынулар және оны алдын алу. Операциядан кейінгі кезең түсініктемесі, оның мақсаты



бет88/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
хирка ответ 1-135 (1)

134. Негізгі интраоперациялық асқынулар және оны алдын алу. Операциядан кейінгі кезең түсініктемесі, оның мақсаты
Операциядан кейінгі кезең-операция аяқталғаннан бастап,науқастың жазылып
шығуына немесе мүгедектікке ауысуына дейінгі уақытты айтады. Операциядан кейін науқасқа дұрыс,дұрыс күтім жасалса,осы атқарылған жұмыстардың маңызы жасалған операциядан кем болмайды. Операцияның ауырлығы дұрыс бағаланбаса, операциядан кейінгі ем жүргізу мен күтім жасауда қателіктер жіберілсе, асқынулардың дамуына,тіпті науқастың өліміне себепші болуы мүмкін.
Операциядан кейін, науқас белсенді ем қабылдау бөліміне немесе операциядан кейінгі бөлмеге жатқызылады.Науқасты тасымалдау кезінде жылы орап қойған жөн.Операциядан кейінгі бөлімде 1-2 тен артық науқас жатпауы керек. Осы бөлімде науқас 2-3 тәулік жатқаннан кйін,жалпы бөлімге көшеді. Науқас жататын бөлмедегі жаймалар таза болуы қажет.Оны төсекке жатқызғаннан кейін жылы орап қояды.Егер операция наркозбен жасалған болса, науқас ұйқылы ояу күйінде жеткізіледі. Бұл жағдайда, оның басының астына жастық қойылмайды және науқас ұйқысынан толық оянғанша науқас мейірбикенің немесе дәрігердің қарауында болуы қажет.Себебі, осы мезгілде наркоздан кейінгі асқынулар дамуы мүмкін:тілдің тыныс жолдарын жауып қалуы,құсу,тыныысы мен жүрегінің тоқтап қалуы және т.б.Сондықтан,күрделі кеуде жәнеқұрсақ қуысына жасалған операциядан кейін,алғашқы 3-4 сағат ішінде әрбір 15-20 минут сайын, албірінші тәулікте әрбір 35-40 минут сайын жүректің соғуы мен тыныс алу қозғалысын,артериялық қан қысымын өлшеп тұру қажет.
135. Операциядан кейінгі ерте және кеш асқынулар.
Асқынулар
Ерте операциядан кейінгі кезеңде асқынулар әртүрлі мерзімде пайда болуы мүмкін. Операциядан кейінгі бастапкы 2 тәулікте кан кету (ішкі немессыртқы), жедел кантамыр жетіспеушілігі (шок), жедел жүрек жетіспеушілігі асфиксия, тыныс алу жетіспеушілігі, наркоздың әсерінен аскынулар, сулы. электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы, несеп бөлінуінің азаюы (олигурия анурия), асқазанның, ішектің салдануы сияқты асқынулар болуы мүмкін. Операциядан кейінгі келесі күндері (3-8 тәул.) жүрек-кантамырлық жетіспеушіліктің, пневмонияның, тромбофлебиттің, тромбоэмболияның, жедел бауыр-бүйрек жеткіліксіздігінің, жараның іріңдеуінің дамуы мүмкін.Операцияны және наркозды өткізген науқаста операциядан кейінгі кезеңде, организмнің негізгі қызметтерінің бұзылуына байланысты асқынулар дамуы мүмкін. Операциядан кейінгі асқынулардың себебі, наркозды операциямен орындалған жедел араласуды өткізуге себепші негізгі аурумен, косымша аурудың өршуімен болуы мүмкін.
Барлық асқынуларды ерте және кеш деп ажыратуға болады.
Ерте асқынулар операциядан кейін бастапқы сағаттарда және тәуліктерде пайда болуы мүмкін, олар наркотикалық заттардың тыныс алу және қанайналымға тежегіш әсерімен, теңгерілмеген сулы-электролиттік бұзылыстармен байланысты. Организмнен элиминацияланбаған наркотикалық заттар және өзгеріске ұшырамаған бұлшықеттік релаксанттар тыныс алудың тежелуін, оның тоқтауына дейін әкеледі. Бұл гипожелдетілумен (сирек беткей тыныс, тілдің тартылуы) көрінеді, апноэ дамуы мүмкін.Тыныс алудың бұзылуының себебі, науқастың наркотикалық ұйқыдағы жағдайынан толық шықпаған уақытындағы құсу және регургитация болуы мүмкін. Сондықтан ерте операциядан кейінгі кезеңде науқастарды бақылау өте маңызды. Тыныс алудың бұзылуы кезінде Амбу қапшығымен ӨЖЖ бірден ретке келтіру, тілдің тартылуы кезінде тыныс жолдарының өтімділігін қалпына келтіруші ауа өткізгішті пайдалану қажет. Наркотикалық заттың жалғасып жатқан әсеріне байланысты тыныстың тежелуі кезінде, тыныс алуанальгетиктерін (налорфин, бемегрид) пайдалануға болады.Қан кету -- операциядан кейінгі тым қауіпті асқыну. Ол сыртқы (жара-дан) және ішкі тіндерге, қуыстарға (кеуде, іш) қан құйылу болуы мүмкін.
Кеш асқынулар
Науқасты стационардан шығарғаннан кейін - кеш операциядан кейінгі кезеңде - операция жасалған ағзалар жағынан (операция жасалған асқазанның ауруы, постхолецистэктомиялық синдром, қол-аяқтың ампутациясы кезіндегі фантомдық ауырсыну, посттромбофлебиттік синдром, жабысқақтық (спайкалы) ауру) асқынулар болуы мүмкін. Лигатуралық жыланкөз, операциядан кейінгі жарықтар, колоидты тыртық түріндегі асқынулар пайда болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет