Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Қан алмастырушылар.Анықтамасы, химиялық құрылысы бойынша жіктелу



бет25/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

34.Қан алмастырушылар.Анықтамасы, химиялық құрылысы бойынша жіктелу.
Қан алмастырушы сүйықтықтар физикалық біртекті, организмге барлық
бағытта әсер ететін трансфузионды орта деп аталып, қанның белгілі бір
қызметтерінің орнын басуға қабілетті.
Қан алмастырушы сұйықтықтардыің әртүрлі қоспалары немесе оларды
колданғаннан кейін организмге кешенді әсер етуі мүмкін.
Қан алмастырушы сұйықтықтар келесі талаптарға жауап беруі қажет:
• қан плазмасының физико-химиялық қасиеттеріне ұқсас болу керек;
• организмнен толығымен шығарылады немесе ферменттік жүйемен мета-
болизмге ұшырайды;
• организмге кайталап енгізгенде сенсибилизацияны шақырмауы керек;
• ағзалар және тіндерге уытты әсер етпеуі керек;
• залалсыздандыруға
төзімді, ұзақ уақыт бойы өзінің физико-химиялык
және биологиялық касиеттерін сактауы керек.
Қан алмастырушы сұйыктыктарды коллоидты ерітінділер - декстрандар
(декстран [ор. мол. масса 50 000-70 000], декстран [ор. мол. масса 30 000-
40 000]), желатин препараттары; тұзды ерітінділер - натрий хлоридінің
изотониялық ерітіндісі, Рингера Локк ерітіндісі; буферлік ерітінділер - на-
трий гидрокарбонатының ерітіндісі, трометамол ерітіндісі; қанттар және көп
атомды спирттердің ерітінділері (декстроза, сорбитол, фруктоза); Нәруызды
препараттар (нәруыз гидролизаттары, аминоқышқылдардың ерітінділері);
майлы препараттар - майлы эмульсиялар (мысалы, соя бұршақтарының
майы+үш глицеридтер); оксиэтилкрахмал препараттар (гидроксиэтилкрахмал)
деп бөлу қабылданған.
• Гемодинамикалық (шокқа қарсы).
Төмен молекулярлы
декстрандар - декстран [орт. мол. масса 30 000-
40 000], Декстран [ор. мол.масса 30 000-50 000]+Маннитол+Натрий
хлориді.
- Орташа молекулярлы декстрандар - декстран [ор. мол. масса 50 000-
70 000].
Желатин препараттары.
-
Оксиэтилкрахмал негізіндегі препараттар-гидроксиэтилкрахмал.
• Дезинтоксикациялық.
- Төмен молекулярлы поливинилді спирт.
• Парентеральды коректендіруге арналған препараттар.
- Нәруызды гидролизаттар - Аминқышқылдар+Пептидтер, Аминоқы
шқылдар+Декстроза+ Минералды тұздар+ Пептидтер.
- Аминоқышқылдардың препараттары - полиамин.
- Майлы эмульсиялар - соя бұршақтарының майы+үш глицеридтер.
- Қанттар және көпатомды спирттердің ерітінділері - декстроза, сорби-
тол, фруктоза.
• Су-тұз және қышкыл-негізді жағдайдың реттегіштері.
- Тұзды ерітінділер - натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, Рингер
ерітіндісі.
- Буферлік ерітінділер -- натрий гидрокарбонатының ерітіндісі, троме-
тамол ерітіндісі.
• Оттегіні тасымалдағыштар - перфторан, перфукал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет