30.Гемотрансфузиялық шок. Патогенезі, клиникасы және емі. Қанның антигенге қатысты, негізінен АВО жүйесі және Rh-фактор бой-
ынша үйлесімсіздік кұйылған кезде гемотрансфузионды шок дамиды. Оның
патогенезінің негізінде, құйылған қанның қан тамыр ішілік гемолизінің тез
арада орын алуы жатыр. Қан үйлесімсіздігінін негізгі себептері - дәрігер іс-
әрекетіндегі кателіктер, қан құю қағидаларын бұзу.
САҚ төмендеуінің дәрежесіне байланысты шоктың 3 сатысын ажыратады:
• І саты - 90 мм с.б. дейін;
• II саты - 80-70 мм с.б. дейін;
• III саты - 70 мм с.б төмен.
Гемотрансфузионды шоктың ағымында кезеңдерді ажыратады:
меншікті гемотрансфузионды шок;
• диурездің төмендеуімен, уремияның дамуымен сипатталатын олигоурия
және анурия кезеңі; бұл кезеңнің ұзақтығы 1,5-2 апта;
• диурездің қалпына келу кезеңі - полиурия және азотемияның азаюымен
сипатталады; оның ұзақтығы - 2-3 апта;
• сауығу кезеңі, 1-3 ай бойына созылады (бүйрек жеткіліксіздігінің
ауырлығына байланысты).
Шоктың клиникалық симптомдары трансфузияның басында, 10-30 мл
қанды кұйғаннан кейін, трансфузия соңында немесе одан кейінгі жуық
уақыттарда пайда болуы мүмкін. Науқас мазасызданып, төс артындағы
ауырсынуға және тыныстың тарылуын сезінуіне, беліндегі, бұлшық еттердегі
ауырсынуға, кейде қалтырауға шағымданады. Ентігу, тыныс алудың қиыңдауы
байкалады. Беті гиперемияланған, кейде бозғылт немесе цианозды. Жүрек
айну, құсу, еріксіз несеп бөлінуі және дефекация болуы мүмкін. Пульс жиі,
толымдылығы әлсіз, АҚ төмендейді. Симптомдардың жылдам өршуінде өлім
тууы мүмкін.
Наркоз астындағы операция уақытында сәйкес емес қан құйған кез-
де шоктың көріністері көбінесе байқалмайды немесе әлсіз білінеді. Мұндай
жағдайда қанның сәйкессіздігі АҚ жоғарылауымен немесе төмендеуімен,
операциялық жарада тіңдердің қанағыштығы жоғарылауымен көрінеді.
Науқасты наркоздан шығарғаннан кейін, тахикардия, АҚ төмендеуі білінеді,
тынысалу жеткіліксіздігі болуы мүмкін.
Гемотрансфузионды шоктың қан құйған кезіндегі клиникалық көрінісі,
Rh-фактор бойынша сәйкессіздігінде, 30-40 мин. кейін, кейде қан құйғаннан
кейін бірнеше сағаттарда, қанның көп мөлшері құйылғаннан кейін дамуы
мүмкін. Мұндай асқыну ауыр өтеді.
Науқасты шоктан шығарғаннан кейін, жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуы
мүмкін. Алғашқы күндері диурездің төмендеуі (олигурия), салыстырмалы
төмен тығыздықты несеп, уремияның көріністерінің үдеуі байқалады. Жедел
бүйрек жетіспеушілігі үдеген кезде, несеп бөлінуінің толық тоқтауы (анурия)
орын алуы мүмкін. Қанда қалдық азот және мочевинаның, билирубиннің
құрамы артады. Ауыр жағдайда бұл кезеңнің ұзақтығы 8-15 тіпті 30 тәулікке
созылады. Бүйрек жетіспеушілігінің қолайлы ағымында диурез біртіндеп
калпына келеді және сауығу кезеңі басталады. Уремия дамығанда науқастар
13-15-ші күні дүниеден өтуі мүмкін.
Гемотрансфузионды шоктың бастапқы белгілері көрінгенде қан құюды
тоқтату қажет, сәйкессіздік себебінің анықталуын күтпей, қарқынды терапи-
яны бастау керек.
• Жүрек-қантамырлык заттар ретінде строфантин-К, меруерттүлгликозиді,
АҚ төмендегенде - норэпинефрин, антигистаминді заттар ретінде дефенгидрамин, хлоропирамин немесе прометазин қолданады, глюкохор-
тикоидтарды (50-150 мг преднизолон немесе 250 мг гидрокортизон) кан
тамырлык қызметін ынталандыру және антиген-антидене реакциясын
баяулату мақсатында енгізеді.
• Гемодинамиканы, микроциркуляцияны қалпына келтіру үшін қан алма-
стырушы сұйықтықтарды қолданады: декстран (ор. мол. массасы 30 000-
40 000) тұзды ерітінділер.
• Гемолиз өнімдерін жою үшін Повидон+Натрий хлориді+калий
хлориді+магний хлориді+натрий гидрокарбонатын, натрий гидрокарбо-
наты немесе лактатын енгізеді.
• Диурезді куаттау үшін фуросемид, моннитол.
• Бүйрек қан тамырларының спазмын шешу үшін екі жақты белдік про-
каинды бөгетті шұғыл жасайды.
• Науқастарға тыныс алу үшін ылғалданған оттегі береді, тыныс
жетіспеушілігінде ӨЖЖ жүргізеді.
• Гемотрансфузионды шокты емдеуде 1500-2000 мл плазманы ағызып,
оның орнын жаңа мұздатылған плазмамен ауыстырумен, плазма алма-
стыруды жүргізу көрсетілген.
• Жедел бүйрек жетіспеушілігіндегі дәрі-дәрмектік терапияның тиімсіздігі,
уремияның плазмоферездің көрсеткішіне жатады.
Шоктың пайда болуы қай жерде орын алса, сол мекемеде реанимациялық
шаралар жүргізіледі. Бүйрек жетіспеушілігін емдеуді, қанның экстраренальды
тазалаушы арнайы бөлімшелерде іске асырады.