Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Қан препараттары (альбумин, протеин, фибриноген, тромбин, фибронолизин, криопреципитат, интерферон және гамма глобулин)



бет23/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

32.Қан препараттары (альбумин, протеин, фибриноген, тромбин, фибронолизин, криопреципитат, интерферон және гамма глобулин).
Альбумин
Альбумин плазманы фракциялау жолымен алады. 100 мл ерітінді
құрамында 5, 10, 20 г нәруыз (альбумин 97%) бар ерітінді түрінде қолданады.
5%, 10%, 20%, ерітінділерін, 50, 100, 250, 500 мл сыйымдылықтығы флакон-
дарда шығарады. Оларды флакондарға құйғаннан кейін, 60 °С сулы мон-
шада 10 сағат бойы (сарысулық гепатиттің жұғу каупін болдырмау) пасте-
ризациялайды. Препарат айқын онкотикалык қасиетке ие, суды ұстап тұру
кабілеттілігінен АҚК жоғарылатады, шокқа қарсы әсер етеді.
Альбуминді шоктын әртүрлі түрінде, күйікте, өспелі аурулары бар
науқастардағы гипо протеинемияда және гипоальбуминемияда, ауыр және
ұзак іріңді-кабыну үрдістерінде, плазмоферезді жүргізгенде тағайындайды.
Канның және эритроцитарлы массаның трансфузиясына альбуминді
косқанда қан жоғалту кезінде, постгеморрагиялык анемияда айкын терапевтік
әсер көрсетеді. Препараттың гипоальбуминемия кезіндегі трансфузиясына
көрсеткіші альбумин мөлшерінің 25 г/л аз болуы.
Дозасы: 20% ерітінді - 100-200 мл; 10% - 200-300мл; 5% - 300-500 мл
және одан артык. Препаратты минутына 40-60 тамшы жылдамдыкпен, шок
кезінде сорғалатып енгізеді. Биологиялық сынаманы жүргізу керек.
Альбуминнің трансфузиясына салыстырмалы карсы көрсеткіш - ауыр
өтетін аллергиялык аурулар.
Протеин
Протеин - адам плазмасының тұрақты пастерленген нәруыздарының
4,3-4,8% изотониялық ерітіндісі болып есептеледі. Оның құрамына аль-
бумин (75-80%) және тұрақты а және В-глобулиндер (20--25%) кіреді.
Нәруыздардың жалпы мөлшері 40-50 г/л құрайды. Терапевтік касиеті
бойынша протеин плазмаға жақын. Флакондарда 250-500 мл шығарылды.
Протеиннің қолданылуына көрсеткіш плазмаға ұқсас. Гипопротеинемиясы
бар науқастарға препараттың күнделікті дозасы - 250 -500 мл ерітінді.
Препаратты бірнеше күн бойына енгізеді. Ауыр шок кезінде, көлемді қан
жоғалтуда дозасы 1500-2000 мл жоғарылауы мүмкін. Протеинді міндетті
түрде донор қанына немесе эритроцитарлы массаға қосып қолданады.
Тамшылап, ауыр шок кезінде немесе АК төмендегенде - сорғалатып
енгізеді.
Криопреципитат қан плазмасынан дайындап, флакондарда 15 мл-ден
шығарады. Препараттың кұрамында антигемофильді глобулин (VIII фактор),
фибрин тұрактандырушы фактор (VII фактор), фибриноген бар. Препаратты
канның ұйытушы жүйесінің бұзылысымен зардап шегетін наукастардағы
VIII фактордың тапшылығында (гемофилия А, Виллебранд ауруы) кан кетуді
тоқтату және алдын алу үшін колдануға көрсетілген.
Протромбни комплексі
Протромбни комплексін кан плазмасынан дайындайды. Препарат
кұрамында канның ұйытушы жүйесінің II, VIII, IX, X факторлары көп
мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Гемофилия В, гипопротромбинемиямен,
гипопроконвертинемиямен ауыратын наукастардағы кан кетуді токтату және
алдын алу үшін колданады.
Фибриноген
Фибриноген кұрамында концентрацияланған түріндегі фибриногені бар
плазмадан алады.
Туа және жүре пайда болған гипо- және афибриногенемиямен ауыратын
наукастарға, сонымен қатар профузды кан кетуде, операциядан кейінгі кан
кетудін алдын алу үшін, босану уақытында және одан кейін емдеу және алдын
алуда колданады.
Тромбин
Тромбинді плазмадан дайындайды, онын құрамына тромбин, тромбо-
пластин, кальций хлориді кіреді. Флакондарда ұнтақ түрінде шығарылады.
Көлемді жараларда, паренхиматозды ағзаларға операция жасау кезіндегі
капиллярлык паренхиматозды кан кетуді тоқтату үшін жергілікті колданады.
Иммунологиялық әсер ететін препараттар
Донор қанынан иммунологиялық әсер ететін препараттар дайындай-
ды: У-глобулин (стафилокка карсы, сіреспеге қарсы, кызылшаға қарсы),
кешенді иммундық препараттар - адамның калыпты иммуноглобулині
(IgG+IgA+IgM) және т.б. Оларды сәйкес ауруды басынан өткізген немесе
иммунизацияланған донордың антидене титрі жоғары плазмасынан дайын-
дайды. Ампула түрінде шығарып, бұлшык ет ішіне немесе вена ішіне енгізу
үшін қолданады (сәйкес көрсеткіштерінде).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет