Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері



бет87/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
хирка ответ 1-135 (1)

133. Операцияның инфицирлуіне байланысты жіктелуі. Атипті, типтік және арнайы операция түрлері. Операция кезеңдері: оперативті араласу, оперативті қабылдау, операцияның аяқталуы.
Инфицирленуіне қарай барлық операциялар шартты түрде төрт дәрежеге бөлінеді;
1. Таза-асептикалықоперациялар-бұл қуысты ағзаларды тілмей,жоспарлы түрде жасалатын операциялар
2.Инфицирлеу қаупі бар таза операцияларшартты түрде асептикалық операцияларбұл микробтар кездесуімүмкін ағзалардың қуысын тілу операциялары,сонымен бірге жасырын инфекциямен жанасатыноперациялар.
3.Жоғары дәрежеде инфицирленетін операциялар-шартты инфицирленген-бұл микрофлорамен тікелей жанасатын жағдайлар.
4.Өте жоғары дәрежеде инфицирленетін операциялар-инфицирленген.
Түріне қарай
Типті
Атипті
Типтік (стандартты) және атиптік операцияларды ажыратады. Типтік операцияларды нақты өңделген схемалар, жедел араласулардың әдістемелері бойынша орындайды.
Атиптік жағдайлар жедел емдеуге қажеттілікті туғызған патологиялықтПроцестің әдеттен тыс сипаты болғанда пайда болады. Оған ауыр жарақаттық зақымдану, әсіресе қосарланған, біріктірілген жарақаттар, оқ тиген жарақат жатады. Бұл жағдайда операциялар өзінің стандартты шегінен шығып, хирургтан операцияның көлемін анықтаған кезде, платикалық элементтерді орындауда, бір уақытта бірнеше ағзаларда: қантамырларда, қуысты ағзаларда,сүйектерде, буындарда т.с. араласуларды іске асыруға шығармашылық шешімдерді талап етеді.

Типті-санның ортаңғы үштен бір бөлігінде аяқты келте кесу,ойық-жара ауруында асқазанның 2/3бөлігінің типті резекциясы жасалады.Атипиялық-өте сирек жасалады және хирургтыңжоғары тәжірибелік қабілетінің белгісі болып табылады.


Арнайы диагностикалық операцияларлапароскопия, тораскопия-ішкі қансырауға күдік туғанда,қабыну немесе ісікбар кезде жасалады.
Хирургиялық операция үш этаптан тұрады:
Операция жасайтын ағзаға жету жолы.
Операцияның тәсілі.
Операцияны аяқтау.
Операция жасайтын ағзаға жету жолы – зақымданған ағзаны жалаңаштау үшін және жоспарланған хирургиялық манипуляция үшін қажетті жағдай жасау.
Операция жасайтын ағзаға жету жолдарына қойылатын талаптар мынадай:
жету жолы үлкен болмауы тиіс;
анатомиялық түрғыдан негізді болуы тиіс;
физиологиялық түрғыдан қолайлы болуы тиіс;
науқасқа косметикалық нүқсан келтірмеуі тиіс.
Операция тәсілі – операцияның негізгі кезеңі. Осы кезеңде қажетті емдік және диагностикалық манипуляциялар жасалады.
Операцияның емдік әсеріне байланысты операциялар мынадай типтерге бөлінеді: ағзаны алып тастау (эктомия);ағзаның бір бөлігін алып тастау (резекция);бұзылған арақатынастарды қалыпқа келтіру.
Операцияны аяқтау – хирургиялық операцияның маңызы жоғарыдағы кезеңдерден кем емес кезеңі.
Табылған патология мен операцияның сипатына, инфекциялық ластану дәрежесіне байланысты операцияның аяқталуы әртүрлі болуы мүмкін:
жараны қабатына сәйкестендіріп жауып тігіп тастау.
жараны қабатына сәйкестендіріп дренаж қалдырып тігу;
жараны тампон қалдырып жартылай (ішінара) тігу;
жараны жоспарлы ревизия ықтималдығын ескере отырып тігу;
жараны тікпей ашық қалдыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет