Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері



бет85/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
хирка ответ 1-135 (1)

Операцияның жіктелуі
Операция жасау мақсатына, түбегейлілігіне кезеңіне,түріне, инфицирленуіне және эндобейне тәсілді қолдануына қарай ажыратады.
Жасалу мақсатына қарай операциялар диагностикалық және емдік болып бөлінеді.
Жедел операциялар науқас хирургиялық бөлімшеге түскен соң алғашқы сағаттар ішінде тез арада жасалады. Әдетте, жедел операция алғашқы 2 сағат ішінде жасалуы тиіс деп санайды. Жедел жасалатын операцияларға науқастар түскеннен кейінгі алғашқы минуттар ішінде науқас өмірін сақтау үшін реанимациялық шаралар да (трахеостомия, клапандық пневмотораксті ашық пневмоторакске айналдыру, сыртқы-ішкі қатты қан кетуді тоқтату) жатады.
Шұғыл операциялар науқас ауруханаға түскен соң алғашқы тәулік ішінде жасалады. Бұл операциялар, науқасқа диагноз қою, қосымша дерттерін анықтау және операцияға дайындау үшін қажетті, шектеулі мерзім ішінде жасалады. Осындай операциялар деструктивті-қабыну дерттеріне жасалған консевративтік ем нәтиже бермегенде, қан кету қайталанған кезде, механикалық сарғаю кезінде жасалады.
Жоспарлы операциялар – бұл операциялардың жасалу мерзімінің операцияның ақырына әсері жоқ және науқастың келісімі бойынша операция жасау мүмкіндігі бар болғанда жасала береді (обырды алып тастау, жарықты кесу
Диагностикалық операциялардың мақсаты - диагнозды қорытындылау, патологиялық үрдістің сатысын анықтау. Олар барлық клиникалық тексеру әдістерін қолданғанда, нақты диагноз қою мүмкін болмаған жағдайда жасалады. Диагностикалық операцияларға биопсия алу, арнайы және әдепкі хирургиялық әсер ету әдістері жатады.
Биопсия. Биопсия алу кезінде, морфологиялық зерттеу үшін, хирург өспенің,
не ағзаның бір бөлігін (incisio), не ісікті түгел (exciso) кесіп алады немесе ағзаға, не өспеге теріні тесу арқылы пункция жасайды.
Арнайы диагностикалықоперациялар - лапароскопия (laporus - тipi, scopios - қарау), торакоскопия (thorax - кеуде торы, scopios - қарау) - ішкі қансырауға күдік туғанда, қабыну немесе ісік бар кезде жасалады.
Диагноз қою мақсатында әдепкі хирургиялық операциялар – диагностикалық лапаротомия диагнозды анықтау үшін, басқа әдістердің жеткіліктілігіне байланысты, қазіргі кезде сирек қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет