Қаша шолу §1 Байланыстырушы материалдың жалпы сипаттамасы Бейорганикалық байланыстырушы заттар


§2 Құрылыстық байланыстырушының қату теориясы



бет2/10
Дата07.09.2023
өлшемі123.31 Kb.
#476829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
лекция - 13

§2 Құрылыстық байланыстырушының қату теориясы.

Дене немесе материал дейтін түсінік оның қасиеттерімен тығыз байланысты. Құрылыс материалдарының қасиеті оның химия-минералогиялық құрамына, құрылысына, материал құрамындағы басқа заттармен арақатынасына тәуелді. Осы материалдардың әртүрлі қасиеттерінің жиыны техникалық қасиеттері деп аталады. Ол үш топқа бөлінеді:


Химиялық қасиеттерге: ерігіштік, кристалдау, коррозияға түсу, ауадағы тұрақтылығы, адгезия, коогезия, контракция, жылуды сіңіру, шығару, жанғыштық жатса; физикалыққа: тығыздық, кеуектілік, жылуөткізгіштік, суыққа, қызуға төзімділік, жану, жарыққа төзімділік т.т. жатады.
Механикалық қасиеттер: беріктілік, деформациялану, аққыштық, суықтан, ыстықтан сынғыштық, үгілгіштік.
Байланыстырушы материал-жартылай өңделген өнім. Ол құрылыста бетондық қоспа әзірлеу барысында қайта өңдеуге түседі. Оларды қолдану жағдайы әртүрлі болуына байланысты қататын бетонның сапасы да әртүрлі болады. Сондықтан байланыстырушы материалды таңдауды конструкцияның эксплуатациялау жағдайына байланыстыру қажет.
Құрылыстық байланыстырушының қату теориясын 1923 жылы академик А.А. Байков жасады. Осы теория бойынша қату үдерісін үш сатыға бөледі:

  • дайындық сатысы (қанығу) бұл кезеңінде байланыстырушының беттік қабаты еріп, заттардың қанық ерітіндісінен олардың гидраттары түзіледі. Мысалы, құрылыстық гипстің гидратациясы былай жүреді.

CaSO4 ∙ 0,5H2O + 1,5H2O → CaSO4 ∙ 2H2O

  • коллоидтану сатысы, байланыстырушының гидратты формасының ерігіштігі сусыз күйіндегісінен әлдеқайда кем болады.Сондықтан сусыз қосылыстары қаныққан ерітінді, гидратты күйінде - аса қанық ерітінді түзеді. Аса қанық күйі тұрақсыз болғандықтан еріген заттың артық мөлшері гель күйінде ерітіндіден бөлінеді.Соның нәтижесінде байланыстырушы қамыр қата бастайды.

  • Кристалдану кезінде гель дегидратацияланады, артық су буланып шығады.Осы сатысында байланыстырушы қамыр тас тәрізді денеге айналады. Бұл келтірілген сатылар бірінен кейін бірі жүреді деген сөз емес, бәрі қатарласып өтеді.

Осы сатылардың біреуіне әсер ететін фактор жалпы байланыстырушы материалдың қату жылдамдығын өзгертеді. Байланыстырушының ерігіштігін арттыратын зат қосу қанығу сатысының (I) жылдамдығын арттырады. Ал, байланыстырушы заттардың еру өніміне суда нашар еритін зат қосу заттың кристалдану орталықтарының санын көбейтеді.Байланыстырушы материалдың қату үдерісінің жылдамдығын арттырады.
Байланыстырушы материалдың бір-бірімен ілінісу мерзімін арттыру үшін қату үдерісін кемітетін заттар – казеин, жануар тектес желім тағы басқа қосылады. Осы беттік химиялық белсенді заттар байланыстырушы материалдардың қатты бетіне адсорбцияланып, судың сіңуін баяулатады.

Байланыстырушылар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет