Қаша шолу §1 Байланыстырушы материалдың жалпы сипаттамасы Бейорганикалық байланыстырушы заттар


§7 Цементті-бетондық жабын қабаты оның ұзақ мерзімді қолдану мүмкіндігін арттыру жолдары



бет10/10
Дата07.09.2023
өлшемі123.31 Kb.
#476829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
лекция - 13

§7 Цементті-бетондық жабын қабаты оның ұзақ мерзімді қолдану мүмкіндігін арттыру жолдары.

Цементті-бетондық төсеніш ауыр жүк тасымалдайтын жолдар құрылысы ісінде пайдалыналынады. Оның кемістіктері:



  • құрылысқа жұмсалатын қаржы;

  • жерасты жұмыстарын жүргізу кезінде оны бұзу және қайта орнына келтіру қиынға түседі.

Цементті-бетонның бүліну түрлері:

  • бетінің қобырсуы (бетонның қату кезін дұрыс қадағаламағандықтан және оның құрамының дұрыс даярланбағандығынан болады);

  • сызаттануы (проектілік мөлшерінен ауытқу, негізінің деформацияға ұшырауы);

  • бетондық плиталардың біріктіретін тігістерінің және олардың шеткі аймақтарының бүлінуі, алғашқы екі фактордың бірігіп әсер етуінен болады.

Цементті-бетонды ұзақ мерзімді қолдану мүмкіндігі мыналарға байланысты:

  • проектілік шешімнің дұрыстығы;

  • технологияның орындалуы;

  • жөндеу жұмыстарының дер кезінде және сапалы жүргізуіне .


Бетондық қоспаға қойылатын талап:
1) толықтырушылар:

    • құмның ұсақ фракциясы 5%-дан аспауы және органикалық қоспалар болмауы тиіс;

    • суға шайылған жұмыр тастар мен арнайы ұсатқыштардан өткен қиыршық минералдарда мөлшері 2%-дан аспауы тиіс.

  1. су құрамында қышқыл, сілті және органикалық еріткіштер болмауы тиіс, шалшық сулы (pН > 4) пайдалануға болмайды судағы тұз концентрациясы 5г/л-ден аспауы тиіс.

  2. цемент – портландцемент 260-300 кг/м3 бетонға.

  3. қоспалар: цементті – бетонның суыққа төзімділігін арттыру үшін қарағай-самырсын типті ағаштарды айдау өнімдері (0,01-0,025% цемент массасының) және бетондың қоспаның қозғалғыштығын арттыру үшін (цемент массасының 0,1-0,2%-ы) қағаз –целлюлоза және оны гидролиздеу өндірісінің қалдықтары қосылады.


Бетонның қатуы кезіндегі күтім. Цементті-бетонның ұзақ мерзімді қолдануға жарамды болуы оның қату кезін дұрыс жолға қоюға байланысты (бетондық қоспаны суды тез жоғалтудан сақтау, судың буланып ұшып кетуі оның бетінде сызаттардың пайда болуына әкеліп соғады).
Ол үшін бетондық қоспаны тегістеп, нығыздап болғаннан кейін бір сағаттың ішінде оның бетін полиэтилен пленкасымен немесе ылғалды материалдармен жабу қажет. Ал, 5-10 сағаттан кейін, бетон беті қатқанда оны қалыңдығы 5-6 см ылғалды құммен жауып, су сеуіп тұру қажет, әрине бұл режим климаттық жағдайларға тәуелді болады.

Бұл тараудан (ХІ) не білдіңіз?


  1. Байланыстырушы заттар: кеуекті, гидравликалық.

  2. Бетон, құрамы, қасиеттері, коррозиясы және одан қорғау.

  3. Темір-бетон, коррозиясы және одан қорғау тәсілдер

  4. Асфальто-бетон төсеніштің бұзылуы және одан қорғау.

  5. Цементті-бетондық жабын қабаты, оны қолдану мерзімін арттыру жолдары.

  6. Құрылыстың байланыстырушының қату теориясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет