Пуццоланды портландцемент (30-50% минералды химиялық белсенді қоспалары бар) - иондары бар ортада, орташа қатаң климатта пайдалануға болады.
Шлакты порландцемент құрамында ≈ 60% - дай домна шлагі болады, мұндай цементті қатаң климатты аймақта пайдалануға болмайды.
Цемент материалдары: C3S – сумен шабыт әрекеттеседі, тез қатады,
Qгидр = 501,6 Дж/г.
C2S (2СаО SiO2) - өте баяу қатады, сумен баяу әрекеттеседі, Qгидр = 259,2 Дж/г.
C3A - өте тез қатады, Qгидр = 836 Дж/г.
C4AF – баяу қатады, Qгидр = 418 Дж/г, беріктігі C3S қарағанда жоғары.
Өте аумақты бетонды құрылыс жұмыстарын жүргізгенде C3A және C3Sминерал мөлшері аз болуы керек.
б)Гипстік байланыстырушы материалдар (CaSO4 · 2H2O)
Құрылыстық гипс алу үшін қажетті шикізат табиғи гипс болады .
2CaSO4 · 2H2O 2CaSO4 · H2O + H2O
Гипске су құйғанда оның қозғалғыштығы кенет төмендейді. Оның қатаю мерзімін қажеттілігіне байланысты арттыратын немесе төмендететін заттар қосуға болады.
Қыздыру арқылы алынған жартылай гидратты гипске (алебастр) бура, алюмокалий ашудасын қосса ақ түсті болады, оны жасанды мәрмәр алу үшін пайдаланады.
Гидравликалық әктің минаралдық құрамында силикаттар, ферриттер, кальций алюминаты кіреді. Оны темірбетонды конструкциялар әзірлеуде, температура өзгерісі жиі болатын (суынып-еріп) ортада болатын қондырғылар әзірлеуге пайдалануға болмайды. Оны төменгі сапалы бетон әзірлеуде, ылғалды ортада жұмыс істеуге ғана қолданады.
в) Магнезиалды байланыстырушы материалдар
Бұл үшін шикізат каустикалық магнезит (MgO) және каустикалық доломит (CaCO3 MgCO3) қолданылады. Магний оксидінің ерігіштігін арттыру үшін MgCl2, MgSO4 тұздары қолданылады. Магнезиальды байланыстырушы материал оте гигроскопиялы, сондықтан оны металл ыдыстарында не арнайы қағаздан жасалған қаптарда сақтайды. Бұл байланыстырушылардан бұйым әзірлегенде осы заттарды көбіне ағаш үгінділеріне сіңіреді. Осы байланыстырушылардан жылу изоляцияланған бұйымдар, мүсіндер әзірлеуде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |