Қаша шолу §1 Байланыстырушы материалдың жалпы сипаттамасы Бейорганикалық байланыстырушы заттар



бет3/10
Дата07.09.2023
өлшемі123.31 Kb.
#476829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
лекция - 13

а) Карбонатты әк. Әктасты күйдіргенде оның массасы 44% -ға көлемі 14%- ға кеміп, кеуекті күйге күйге айналады (СО2-нің бөлінуі себепті). Пайда болған әк сумен әрекеттесіп, сөндірілген әкке айналады.
Құрылыстық әк ерітіндісі қабырғаларды штукатурлағанда,цемент-әк кірніш қалағанда, силикатты кірпіш өндірісінде қолданылады.
Әкті алу үшін доломит (CaCO3· MgCO3) және әк тас қажет. Алынатын әктің қасиеттері алынған шикізат құрамындағы сазды қоспаларына байланысты. Сазды қоспаның негізгі құраушысы – каолинит (AI2O3 · 2SiO2 · 2H2O).

Кальций силикаты мен алюминаты сөндірілмеген известің қоспасы ретінде болады. Осы заттардың мөлшеріне байланысты әкті жеңіл (кеуекті) және гидравликалық деп бөлінеді.
Кеуекті әк: 90-95% - (MgO, CaO), ал 5-10% - кальций силикаты мен алюминаты, ол сумен шабыт әрекеттеседі.

Бұл әк құрылыста кірпіш қалағанда құммен араластырылып және әктеу жұмыстарында пайдаланылады. Гидравликалық әктің 20-30% , 70-80% - кальций силикаты және алюминаты құрайды.
ә) Гидравликалық байланыстырушығасиликатты портландцемент жатады. Портландцемент жұмсақ климатты иондары болмайтын аумақта құрылыс қондырғыларын салуда пайдаланылады. Силикатты цемент – портландцементті алу үшін қажетті шикізат – известь тасы мен саз 3:1, немесе мергель ( ≈ 20% сазы бар известь тасы ). Термиялық өңдеуден (14500С) өткізген кезде известь тасы мен саз айырылу реакцияларына түседі.Түзілген өнімдер химиялық табиғаттарына қарай қайта әрекеттесіп, пештен цементтік клинкер алынады. Оның минералдық құрамы төмендегідей болады.(Кесте 11.1) Цемент сапасына оның құрамындағы күйдірілген магний оксиді көп әсер етеді. Өйткені, оның гидраттануы баяу жүреді де, түзілген бетонның жарылуына әкеліп соғады. Сондықтан оның мөлшері шектеулі болады (ω(MgO) 5% )

Кесте 11.1. Клинкердің минералдық құрамы




аты

Формула
(минералды белгілеу)

ω, %

Үш кальцийлі силикат

( )

40-65 %

Екі кальцийлі силикат

( )

15-40 %

Үш кальцийлі алюминат

( )

5-15 %

Төрт кальцийлі алюминат

( )

10-20 %

Моно кальцийлі алюминат

СаО (CA)

80 %




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет