«Қашықтан оқыту технологиялары» пәнін оқыту-әдістемелік кешен



бет2/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.72 Mb.
#143157
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:


1. Мультимедиалық окыту деген не? Қандай түрлері бар?
2. Технология деген сөздін мағынасы?

3. Мультимедиалық технология дегенді қалай түсінесіз?

4.Ақпараттық технологиа дегеніміз не?

5.Білім беру процесі



Дәріс 5.

Тақырыбы: ҚОТ-ны пайдаланудың негізгі бағыттары:моделдеу, есепке алу және бақылау, оқу үрдісін қолдану.

Мақсаты: ҚОТ-ны пайдаланудың негізгі бағыттары:моделдеу, есепке алу және бақылау, оқу үрдісін қолдану жайлы түсінік беру
Модельдеу-басқа жүйенің көмегімен физикалық және абстрактілі жүйені жүргізудің әртүрлі сипаттамаларын ұсыну В.И.Першиков.

Ақпараттық модель (Информационная модель; information model)

1) басқару жүйесінде – автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну;

2)мәліметтер базасында - тұтастық шектеулер жиынтығы;

мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау [1].

Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға – яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі “физикалық” тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық теңдеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық теңдеу формуласы болып қала береді.

Модель (фр. modele, ит. modello, лат. modulus - өлшем, үлгі) – бұл:


  • нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;

  • заттың кішірейтілген/ұлғайтылған түрдегі макеті;

- табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;

- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық/ақпараттық аналогы;

- анықталған шарттарда түп нұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;

- модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жаңа объект.



Ақпараттық модель – модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы.

Модельдеу – бұл:

- нақты бар объектілердің (заттар, құбылыстар, процестер) модельдерін құру;



  • нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру;

  • таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу.

Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің ажырамас бөлігі. Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.

Нақты қызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:



  • материалдық заттарды бейнелеу;

  • белгілі фактілерді түсіндіру;

  • болжамдар құру;

  • зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;

  • болжау;

  • басқару және т.с.с.

Ақпараттық модель-ақпараттық объектілер жиынтығы, олардың атрибуттары мен объектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығын, пәндік саланың динамикасының өзгерісін, пайдаланушылардың ақпаратты тұтыну сипатын анықтайтын пәндік саланың моделі. Алгоритм және программа – бұл ақапарттық моделдердің әртүрлі түрлері. Компьютерде жүретін кез келген процестің сәйкес ақпараттық модельді құрып, зерттеу өтуі мүмкін емес.

Білім берудің ұлттық моделі-жалпы білім беру моделі негізінде оның жатістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды:

  • мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу;

  • орта білім беру;

  • жоғары кәсіптік білім беру;

  • жоғарғы оқу орыннан кейінгі кәсіптік білім беру;

Ақпараттық модельдердің негізгі сандық бағаларының бірі оның күрделілігі.

Құрылымның күрделілігін оның ең кіші сипаттамасының ұзындығы ретінде түсіну керек (А.Н.Колмогоров бойыншы күрделілік).

Алгоритмнің күрделілігі оны орындауға жұмсалатын уақыт пен қажетті ресурстар (ЭЕМ, оның жады көлемі, қажетті аппараттық/ бағдарламалық жабдықтар) арқылы анықталады.

Құрастырылымды емес объектінің негізгі күрделілік бағасы оның шексіз көп элементтерінің болуымен байланысты. Элементтердің мұндай жиыны дискретті әрі үзіліссіз ұйымдастырылуы мүмкін.

Құрастырылымды емес объектілер негізінен сапалық жағынан бағаланады.

Егер объект күйі белгілі заңдылықтарға бағынып, бастапқы шарттармен бірмәнді анықталса, сәйкес детерминациялық модельдер белгілі физикалық, математикалық, экономикалық заңдар негізінде оның болжамдылығы тұрғысынан сандық бағалануы мүмкін.

Детерминациялық модельдер ортасынан күйі модельденуші объект күйі сияқты бастапқы шарттардың өзгеруіне сәйкес орнықты модельдер бөлінеді.

Модельденуші объектіге түрлі кездейсоқ әсерлердің ықпалын ескеріп, объект күйінің ықтимал (стохастикалық, индетерминациялық) моделін құру қажет. Ықтимал модельдің сандық бағасын ықтималдық теориясы мен математикалық статистика негізінде алуға болады.

Индетерминациялық модельдер орта мән (математикалық күтім), орта мәннің орташа ауытқуы (дисперсия) сияқты көрсеткіштермен сипатталады.

Модельдерді келесі параметрлер бойынша сандық бағалауға болады:

объектінің сыртқы түрін модельдеуде:

- физика-химиялық сипаттамалардан (өлшемі, салмағы, түсі т.с.с.) берілетін дәлдік (өлшеу қателігі);



  • пропорцияны, масштабты сақтау;

объект құрылымын модельдеуде:

нақты көрсеткіштер:

  • бейнеленетін элементтер мен олардың өзара байланыстарының

үлесі (пайыз);

- элементтер салмағы мен олардың арасындағы байланысты бейнелеу дәлдігі (дөңгелектеу қателігі);



  • объект құрылымын деталдау (ірілендіру);

ықтимал көрсеткіштер:

- элементтер санының орташа мәні мен бұл мәннен орташа ауытқуы (дисперсия);



  • орта бағалардың дәлдігі (сенімділік аралығы);

объект күйін модельдеуде:

нақты көрсеткіштер:

- объект қатысатын себеп-салдарлық байланыстарды ескеру дәлдігі

(есептеу қателігі);

- дискретті модельдер (дербес жағдайда сандық) көмегімен үзіліссіз процестерді модельдеуде дискреттеу қадамдары (кванттық уақыт периоды);



  • модельдеу процесінің уақыт параметрі бойынша бейнеленуінің пропорционалдылығы (теңөлшемділігі);

ықтимал көрсеткіштер:

- модельденуші объект күйі параметрлері таратылымының ықтимал заңдары;



  • объектінің бақыланатын күйі мен оның моделі арасындағы айырымның статистикалық мәнділік деңгейі.

Модельдерді келесі параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады:

  • модель мен объектінің ұқсастық алмасу дәрежесі (жоғары, орта,

ұқсастықтың төменгі дәрежесі);

  • модель бойынша объектіні тану дәрежесі (танылды, тануға болады,

танылмайды);

  • модель бойынша объект күйін алдын-ала болжау дәрежесі.

Компьютерде есептеу

Егер біз математикалық модельдеуді компьютерде атқаратын болсақ, машина есептеу барысында зерттеушіні қызықтыратын кез –келген мәліметті бере алады. Бұл мәліметтердің сенімділігі құрылған модельмен анықталады. Осы себеппен қолданбалы зерттеулерде ешқандай толық түрдегі, басқа сөзбен айтсақ, өндірістік есептеулерді құрылған программа көмегімен бірден орындауға болмайды. Ол үшін алдымен тесттік есептеулер кезеңін өткізу керек. Олар программаны түзету үшін ғана емес, алгоритмді құру мен оны программалық іске қосу барысында жіберілген қателерді тауып, түзетуге арналған.

Бұл алдын –ала есептеулерде математикалық модель де сынақтан өтеді, оның құбылысты қаншалықты дұрыс сипаттайтынын, шын өмірдегі жағдайға қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды. Ол үшін бір қатар сенімді өлшеу нәтижелері бар бақылау тәжірибелерін қайта есептеп, жауабын алынған нәтижелермен салыстырады.

Бұл жағдайлар параметрлерінің кіші шамалары үшін орындалады, яғни, толыққанды зерттеулер жүргізген кезде пайда болатын қиындықтар тумайды. Осы нәтижелерді есептеу, нәтижелерімен салыстыру арқылы математикалық модельді анықтауға, модель көмегімен алынатын болжамның дұрыстығына көз жеткізуге болады.



Нәтижелерді талдау

Бұл кезде модельде алынған нәтижелердің зерттелуші обектіге сәйкестігі талданады. Модель негізінде зерттеуші есептеу тәжірибелері көмегімен модель негізінде қойылған сұрақтарға жауап алып, тиісті талдаулар жасайды. Талдау барысында гипотезалық модель мен есептеу алгоритмі сәтті таңдап алынады ма деген сұраққа жауап беріледі. Егер модель зерттелетін обектіге сәйкес келмесе, модель құрудың бастапқы сатысында –ақ маңызды нәрселерді елемей кеткетніміз. Бұл жағдайға модельді анықтап, жетілдіруге тура келеді. Егер оның негізіндегі мүмкіншілігі жоқтығы анықталса, алғашқы берілген жағдайлар қайта қаралып, жаңа модель құрылады. Мысалы, алынған модель таңдалатын параметрлерді болса да анықталған параметрді есепке алу үшін барлық кезеңдерді қайталау керек. Зерттелетін объектіні жеткілікті дәрежеде толық және таңдап алынған критерийлер бойынша қажет етілген дәлдікпен сипаттаса, модеь құрылып, аяқталады деп есептеуге болады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютерде есептеу беруді қалай түсінесіз?

  2. Ақпараттық модель?

  3. Модельдерді қай параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады?

  4. Білім берудің ұлттық моделі дегеніміз не?

  5. Модельдеу деген не?

Дәріс 6.

Тақырыбы: Білім берудегі ҚОТ құралдарының сапасын бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер.

Мақсаты: Білім берудегі ҚОТ құралдарының сапасын бағалауға қолданылатын

жалпы тәсілдер туралы мәлімет алу.


Мектептер дамуының барлық кезеңдерінде оқытушының оқушы білімін бағалаудың тиімді жолдарын іздестіруі бірінші орынға қойылып отыр. Жеке тұлғаның өзінің іс-әрекетін өз бетімен анықтап, өзін-өзі дамыта алатын дәрежеге жетуі үшін білім беру мазмұнында ғана емес, сонымен қатар, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқушылардың білімін бағалау жүйесінде де жаңаша өзгерістерді де енгізу қажетті. Мұндай жаңа формалардың қатарына әр түрлі деңгейде саралап оқыту технологиясына сәйкес қарастырылған рейтинг жүйесімен бағалауды жатқызуға болады.

Бүгінгі дәстүрлі мектептерде қалданылып жүрген «5» балдық бағалау жүйесі оқушы білімінің толық көрсеткіші бола ала ма?



Бұл сұрақ кез келген оқушылар қауымының толғанысын туғызады. Бес балдық жүйесі деп айтылғанымен оқушылар біліміне «1», «2» балдық бағалары өте сирек қолданылады. Бұл балалар білімінің деңгейін емес, баланың «үрейін» ұшыратын, «қорқыныш» туғызатын құралға айналғаны баршаға мәлім. Осының әсерінен «халықаралық» деп аталған «3»-тің, алдыңғы қатарлылар санынан көрсететін «4», «5» бағаларының дәрежесі төмендеді. Осылайша оқушы біліміне қойылатын бағалар бір-бірімен байланысын жоғалтты. Оқу процесіне бағалар салыстырмалы түрде қойылап, оларға қойылатын талаптар сақталмады. Оқушы білімі мен оны бағалау арасында алшақтықтар пайда болды. Бұл жалпы оқу процесінің сапалық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты. Ал бағалар қойылатын талаптар қателердің санын және оқушының дұрыс емес іс-әрекетін көрсетуге бағытталады. Осыдан келіп «оқушы білімінің өлшемі, көрсеткіші болған бағаның бағасын қалай арттыруға болады?» деген заңды сұрақ туады. Осындай сұраққа шешуші қадамдарды оқытудың жаңа педагогикалық технологияларынан іздестірейік. Дәстүрлі оқыту кезеңдерінде оқушыға қойылған баға тапсырманың орындалуының дұрыстығымен өлшенеді. Сондай-ақ оқушылар тарауға бөлінген сабақтардың әр түрлі сағаттарында сұралып, жауабына сәйкес бағаланды. Алайда оқушы білімін бұлайша бағалауда тапсырманың қиындығы ескерілмеді, белгілі-бір кезеңдерге бөлінген нақты мақсаттардың орындалуын айқындау мүмкін болмады. Сондықтан оқушы білімін нақты бағалауда жаңа педагогикалық технология өз басымдылығын танытады. Мысалы, күнделікті тәжірибеде информатика сабағыны арналған әр түрлі педагогикалық технология бойынша тапсырмалардың картасын, кезең- кезеңнен тұратын мақсаттары түзілген кітаптарын қолданған пайдалы. Осыған орай мақсаттардың орындалуын бақылауда жүргізілетін болжау жұмыстары оқушылардың меңгерген білімін көрсетсе, онда берілген тапсырмалар олардың білім деңгейін анықтайды. Тапсырмалардың деңгейлік бағаланушы оқушылардың өзіне белгілі болғандықтан, олар алдын-ала өз мүмкіндігін, білімін анықтап, бағалай алады, ал мұғалім оқушының білім деңгейін көтеруде қандай талаптарды қосымша орындау керектігін ажыратып, түзетулер жүргізе алады. Пән бойынша оқушылар білімін бағалау мұғалімнің тақырып мазмұнына сәйкес деңгейлік талаптарды толық меңгеріп, ажырата білуін талап етеді. Осыған сәйкес күнделікті оқу процесіндегі орындалатын тапсырмаларды қиындық дәрежесіне қарай деңгейлеп, оқушыларға ұсыну қажет. Қазіргі жағдайда оқу құралдары жаңа педагогикалық технология талаптарына сәйкестендіріліп жазылмағандықтан мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауын қажет етеді. «Білім туралы» заңға сәйкес, мұғалім оқушының білім игеру деңгейінің мемлекеттік стандарттан төмен түспеуіне кепіл болу керек. Мұндай деңгейге оқыту технологиясы жан-жақты шыңдалу арқылы ғана қол жеткізуге болады – делінген, орта білім беру стандартының жалпы тұжырымдамасында. Стандарт белгілеп берген білім мазмұнының міндетті минимумын оқушының оқу жүктемесінің шетіне жеткен (максимум) көлемін оқушы дайындығына қойылатын талап деңгейін ескере отырып, жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне қолдану оқушы білімін бағалауда тиімді нәтижелерге қол жекізеді. Сондай-ақ жаңа буын оқулықтары жаңа педагогикалық технология талаптарына сәйкес жазылса, бұл нәтижелі білім беруге жасалған оң қадам болған болар еді. Оқушы біліміне баға төмендегі талаптарды ескере отырып қойылады :

- «қанағаттанарлық» баға Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көрсетілген математикалық даярлықтың міндетті деңгейіндегі үлгідегідей тапсыпмаларды шығару біліктілігін қамтамасыз еткенде қойылады.

- «жақсы» бағасы көп компоненттілігімен ерекшеленетін тапсырмалар-ды орындағанда, амалдар алгоритмін дұрыс құра білгенде, оқушы өз білімін тұтастай қолданып, іріленген кез келген материалды жүйелеп, реттеп, кері байланысты құбылыстарды орындай білгенде қойылады.

- «өте жақсы» бағасы оқушының игерген білімін тереңдету бағытындағы танымдық ізденіс жасап, түрлі логикалық операцияларды дұрыс орындай білгенде, өздігінен графиктер, диаграммалар құрып, программалармен еркін жұмыс істей білгенде қойылады.

Сабақ кезеңінде сыныптағы оқушылар көпшілігінің білімін тексеріп, бағалау мүмкін емес. Ал сұралып, баға алған оқушының келесі кезегі келгенше біршама уақыт өтетіні белгілі. Осы өткен уақыт аралығындағы оқушының меңгерген білімі туралы толықтай мәлімет алу қиындық әкеледі. Бұл қиындықтардан шығуда оқушылардың сыныптан тыс орындайтын тапсырмаларының атқаратын рөлі ерекше. Жаңа технология бойынша мақсат түзулерде көрсетілген міндетті тақырыптық тапсырмалар (Б1) сәйкесінше болжау жұмысы (Б2) арқылы тексеріліп, бағаланады. Мұндай бірнеше міндетті тақырыптық тапсырмалар жиынтығы (Б12+...) арқылы тарау бойынша оқушының саналық білім дәрежесі анықталып, бақылау жұмыстары арқылы тексеріледі. (Б123=>БЖ1) Оқушылар білімін бақылау мен бағалаудың бұл тәртібі 1-кесте арқылы көрсетілген. Осындай бақылаулар арқылы оқушы білімін тексеру жиілігі артады. Оқушының тапсымаларды орындаудағы жауапкершігі күшейеді.




Тарауға сәйкес

түзілген

мақсаттар



Мақсаттарға сәйкес тақырыптық, санамдық тапсырмаларды болжау және бақылау

«қанағаттанарлық», ( «жақсы», «өте жақсы»)

Тақырыптық болжау

Санамдық бақылыу жұмысы

М

М

М


Б1

Б2

Б3

Б123=>БЖ1


Оқушылардың тарау бойынша шығармашылық қабілетін арттыруда қосымша бөлімде танымдық (*), конкурстық (**) тапсырмаларды ұсынуға болады. Оқушы білімін дұрыс бағалау оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы толық түсіністікті орнатуға жағдай жасайды. Оқушы білімін бағалауда оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын орынды қолдану оқушының қабілетінің дамуына және толықтай ашылуына туғызылған қолайлы жағдай болады.



Соңғы жылдары жүгізілген педагогикалық зерттеулерде оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғада өзін-өзі басқару білім сапасын тексеру мен бағалаудың педагогикалық технологияларының ғылыми негіздерін жасау мәселесі болып табылады. Соңғы жылдары еліміздің барлық орта оқу орындарында оқу процестерінде әртүрлі деңгейде оны басқару басқаруға оқушылардың білімін тнксеру мен оның сапасын анықтауға бағытталған көп сатылы, көп баллды бақылау жүйелеріне негізделген статистикалық әдістер рейтинг жүйелерімен тестілеу кеңінен қолданылуда. Рейтинг жүйесі дегеніміз – көп балмен бағаланатын үздіксіз бақыланатын жүйені айтамыз. Бұл әдістің негізгі тиімділігі оқушы білімін тиянақтылығын қамтамасыз ететін жүйелі күнделікті бақылау. Бақылау жүйелері мынадай қағидаларға негізделіп құрылады:

  1. Білім адамның ойлау қабілетінің құрылымдық интегралдық қасиеттерімен сипатталады.

  2. Білім деңгейін сараптаудаоның сапасын анықтауда ойдан алынған коэффициенттер енгізілетін, бақылаудың шытырман жүйесін пайдалануға болмайды.

  3. Білім деңгейінің көрсеткіші балл түрінде қойылатын баға бақылаудың әртүрлі формаларына сайланып алынуы керек.

Тесттік бақылау. Тест сөзін ағылшын тілінен аударғанда «есеп, түйін, сұрақ» деген мағынаны береді. Оқушыға қойылатын тест сұрақтарының саны тексерілетін білімнің көлемін қамтитын және статистикалық заңдылықты қамтамасыз ететіндей мөлшерде шамамен 15 сұрақтан кем емес болуы қажет. Тест құруда мынадай принциптер орындалуы қажет:

  1. Тест сұрақтарының саны статистикалық заңдылықта қамтамасыз етілетіндей болуы керек. Сұрақтар тексерілетін тақырыптың пәннің мазмұнын біркелкі қамтуы, қысқаша тұжырымдалуы тиіс. Әр сұраққа берілетін жауаптардың саны – 5 болуы керек. Дұрыс емес жауаптың формасы дұрысқа ұқсас болуы тиіс.

  2. Тест сұрақтары біркелкі болу керек. Өте қиын, оңай сұрақтар мейлінше аз болу керек. Тесттің 1 сұрағы - 1 баллға бағаланады.

Мұғалімнің әртүрлі іс-әрекеттерімен оқушының бойына сіңірген білімі мен біліктілік дағдысын қалыптастыруда жүргізілген іс-шараларының нәтижесі оқушы білімін бақылап және бағалау нәтижесінде көрінеді. Білімді бағалау - берілген теориялық материалды меңгеру оны іс-жүзінде қолдана білу, қажетті жағдайда сызбаларын толық көрсете білу, оқушының өзіндік ой-пікірлері және ізденістері ескеріледі. Бағалану кезінде әрбір оқушының өзінің қабілеті ерекшеліктерімен және бейімділіктерімен де ерекшеленеді.
Бақылау сұрақтары:


  1. ҚОТ дан білімді бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер?

  2. Бағалау түрлері?

  3. Тестік форма арқылы тексеру?

  4. Тесттік бақылау?

  5. Білімді бағалау?



Дәріс 7.

Тақырыбы: Әртүрлі тәсілдер негізінде бақылау мен есепке алудың, компьютерлік оқытудың әдістері мен жолдарының, мазмұнының құрылымдары сапасын бағалау.

Мақсаты: Әртүрлі тәсілдер негізінде бақылау мен есепке алудың, компьютерлік

оқытудың әдістері мен жолдарының, мазмұнының құрылымдары сапасын бағалауды үйрену.

Бақылаудың қорытындыларын бағалау мен талдау оқытудың жоспарланған нәтижеллерімен оқушының қол жеткізген нәтижелерінің сапасын салыстыру болып табылмақ. Мұнда оқыту нәтижелері белгілерін дұрыс таңдаудың маңызы аса зор. Сондай – ақ, жауаптарды бағалау мен талдаудың тәсілдері де маңызды қызмет атқарады. Нақтырақ айтар болсақ талдаудың әділдігінің артуы жауаптарды әр элементтік талдаудың қолдануында жатыр.Бақылаудың барлық түрлерінде сияқты бұл ағымдық бақылауға да жалпы дидактикалық міндеттер тән.Мақсаттары мен әдістемелік құралдарына байланысты оқу процесінде тексеру бірнеше функцияларды орындауы мүмкін. Әдістеме мен дидактикада оқыту нәтижелерін тексерудің мынадай міндеттері бөлініп алынған: бейімділік, диагностикалық оқытушылық, тәрбиелік, себептік, дамытушылық, бақылаушылық, басқарушылық және басқалар. Кез келген тексеру бір сәтте бірнеше міндет атқаратындықтан олардың міндеттері бойынша тексерулерді бірыңғай бағалау тым күрделі. Алайда әр нақты жағдайда бақылаудың бір – екі басым бағыттарын бөліп алуға болады. Олар тексерудің құралдарымен және әдістерімен, мақсаттарымен ерекшеленеді.Оқыту нәтижелерін ағымдық тексерудің негізгі міндеттері, оның оқу процесіндегі ролін қарастыру. Осы бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер, оның маңызды міндеттері, мыналар болып табылады.


  1. Бақылаудың есептеу міндеті.

Ол оқыту нәтижелерін жүйелі анықтау арқылы көрініс тауып, әр оқушыға қатысты үлгерімін оқыту жұмысындағы кемшіліктер мен жетістіктерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді.

  1. Бақылау- түзетушілік және диагностикалық міндеттер.

Бұлар сыныптың дайындық деңгейін, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерін туындайтын тақырыптық түрлі сұрақтар арасында оқыту уақытын бөлу , оқыту әдістемесіне өзгерістер енгізу үшін «мұғалім-оқушы» орнына кері байланысын қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижелері оқытушыға оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді болдырмауға бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оқытушы оқушылардың білімі мен дағдысын анықтайды. Олар өз кезегінде жаңа оқу материалдарын игеруге негіз болады. Тексеру оқушылардың білім нәтижелерінің жағдайын анықтап қана қоймай, білім мен біліктілігін, кемшіліктер мен қателіктерін ашып көрсетуге міндетті. Оның диагностикалық міндеті осыдан көрініс таппақ.

Дәл қазіргі кезде оқытуда бақылаудың осы міндеттерінің маңызы аса зор. Әзірге пәндер мен оларды жаңа технологиялар арқылы оқытудың әдістемесі қалыптасу кезеңінде тұрғанда аталмыш маңыздылықтың мәні арта түседі.



  1. Бақылаудың оқытушылық міндеті.

Ағымдық бақылаудың аса маңызды міндеті оқушылар білімін тереңдетуге әсер етіп, негізгі қателіктерді көрсетеді. Оқытушы сыныптың назарын курстын маңызды дүниетанымдылық идеяларымен басты сауалдарға аударады. Бұл маңызды міндет сондай-ақ материалды бекітумен қайталау нәтижесінде оқушылардың біліктері мен дағдыларының, білімінің жағдайын тексеру процесі арқылы көрініс табады. Сынақтық тапсырмаларды орындау оқушылар білімін жүйелеп, кеңейте түседі. Өзін -өзі бағалау мен тексеру дағдыларын, оқу еңбегін тиімді пайдалануды қалыптастыруға жол ашады.

  1. Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті.

Ол оқушының одан ары оқу жұмысына өз білімін тереңдетуге ынталандырады. Оқытушы оқушының жұмысын бағалау арқылы оның дағдылары мен біліктерін, білімінің жағдайын анықтап қана қоймай, оқушыны оқу жұмыстарына бағыттап, қосымша себептер береді және танымдық әрекетке деген қажеттілігін дамытады.

Ағымдық бақылау оқу процесіне тікелей енгізіліп, негізінен оқу дайындығындағы олқылықтарды анықтап, оны жоюға бағыттайды. Оқушының білімін тереңдету мен байытуға қызмет етеді. Осы бақылау оқу материалының шағын бөлігін оқытумен бейнеленеді және тәртіп бойынша әр сабақта орындалады. Ағымдық бақылаудың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылар келесі оқу материалын толыққанды игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті.

Ағымдық тексерулердің тәрбиелік маңызы оқушыларды тәртіпке үйрету сынып және үй жұмыстарына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жүйелі еңбекке үйретуі, білімдер мен біліктерді игеруге, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс табады. Сонымен бірге ағымдық тексеруде оның оқушыларға психологиялық әсерін де ескеру қажет. Дұрыс қойылған жағдайда ол оқушыларды тікелей сабақта оқу еңбегіне дұрыс қарым - өатынасқа ынталандырады. Оқу нәтижелерін бағалаудың да үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оны дұрыс қолдану арқылы мұғалім оқушының өз білімдері мен біліктерін жетілдіруге, еңбек сүйгіштігін дамытуға, өз бетінше және шыншыл ойлауына, өз еңбегін өзі бағалауға және дұрыс бағалауға тұжырымдарын жасауға тұрақты түрде ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі тарау немесе тақырыпты оқытудың барлық кезеңдерінде өткізілуі болып табылады: Оқу материалымен танысу, білімдер мен біліктерді қалыптастыру мен дамыту оларды бекіту мен тереңдету. Бұдан шығатын қорытынды төмендегідей, ағымдық бақылау процесі барысында оқушылардан оқу материалын игерудің нақты кезеңімен қарастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талап етіледі. Білім мен білік әлі қалыптаспаған кезде оқу дайындығына талапты күшейту- оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі.

Бақылау оқушылардың білімдерін анықтау, бекіту және бағалау, яғни оқу процесіне қажетті түзетулерді енгізу және оның мазмұны, әдістері, тәсілдері мен ұйымдастырылу формаларын жетілдіру мақсатымен,оқу материалының қабылдану деңгейін, сапасын, және көлемін анықтау, оқытудағы жетістіктерді , білімдегі қалыс қалған жерлерді, жеке оқушылардың және бүкіл сыныптың дағды мен біліктері жайлы мәлімет алу болып табылады. Бақылаудың негізгі мақсаты - оқушылардың алған білімдерінің дұрыстығы, көлемі және нақтылығы деңгейін анықтау, танымдық әрекет сипаты, оқу процесіндегі оқушылардың өз бетінше жұмыс істей алу қабілеті, белсенділігі жайлы мәлімет алу, оларды оқытудың әдістері,тәсілдері мен формаларының тиімділігін анықтау болып табылады.

Оқушылардың оқу – танымдық әрекетіне басшылық функциясын орындай отырып, бақылау әрқашан баға қоюмен қатар келмейді.Ол оқушылардың жаңа материалды қабылдауға дайындық әдісі, оқушылардың білімді , дағды мен біліктерді қабылдауға дайындығын анықтау, оларды жалпылау және жүйелеу құралы ретінде қолданыла алады. Бақылау маңызды білім берушілік және дамытушылық мәнге ие.

Бақылаудың педагогикалық функциялары оқушылар жұмыстарындағы кемшіліктерді, олардын сипаты мен себептерін сол кемшіліктерді жою мақсатымен анықтау болып табылады. Мұғалімге оқушылардың оқушылардың білімді қабылдауы жайлы ақпаратпен қатар, олар қандай жолмен табылғаны жайлы ақпарат алу маңызды.

Бақылау сонымен қатар оқу процесінде үлкен тәрбиелеушілік роль атқарады.Ол орындалған жұмыс үшін оқушылармн қатар, мұғалімдердің де жауапкершілігінің артуына себепші болады. Оқушыларды жүйелі еңбек етуге және оқу тапсырмаларын ұқыпты орындауға үйретеді.

Жалпы, білімді тексеру оқушылардың білімдерін бекіту, нақтылау, түйіндеу және жүйелеу формасы болып табылады .

Білімді тексеру оқушылардың оқу әрекетін педагогикалық бақылаудың формасы болып табылады

Баға - бұл мұғалімнің оқу бағдарламасымен талап етілетін білімдерді, дағды мен біліктерді оқушылармен қабылдану деңгейән анықтау және баллмен, және сонымен қатар, бағалау жағдайларымен өрнектеу. Баға мұғалімнің оқыту әрекетін басқаруда үлкен мәнге ие болуымен қатар, ол оқу процесінің өзін жетілдіру және оқушыларды жан жақты тәрбиелеу мақсатына қызмет етуге тиісті.

Баға бұл оқушының оқу процесі барысында қол жеткізкен нәтижелерінің сапасын анықтау.

Оқушының үлгерімін бағалау ретінде оқушының білімдері мен біліктерін сипаттайтын белгілі бір көрсеткіштер жиыны түсініледі.

Педагогикалық энциклопедияда баға оқушылардың білімдерді, дағды мен біліктерді оқу бағдарламасы талаптарына сай қабылдау деңгейлерін анықтау ретінде қарастырылады.

Баға оқушылардың білім мен дағдыны қалыптастыру көлемін, деңгейін және сапасын есепке алады.Белгілі пән бойынша білім көлемі бұл - берілген ғылым негізінде жатқан және оқу бағдарламасымен берілген басты ұғымдар, заңдар мен заңдылықтар, идеялар мен теориялар жиынтығы. Басты теориялық білімдер көлемін игеру оқушыда белгілі мақсатқа бағытталған әрекеттердің қалыптасуына негіз болады: не алған мәліметтерді, ұқсастық бойынша, ұқсас жағдайларда жүзеге асыру, не алған білімдерді стандартты емес жағдайларда, күрделі ой есептерін шешуге бағыттау.

Әдістердің қайсысы қолданылса да, бүгінгі мектептегі оқу үрдісінде маңызды мәселенің бірі оқушылардың қалай түсінетіндіктерін анықтап тұру қажет болады. Ол жаңа тақырыпқа дер кезінде көшіп отыру үшін өте маңызды. Оның мақсаты адамды тәрбиелеу және оқыту. Мектептегі бақылау мен есептің ерекшелігі, оның әдісі және ұйымдастыру негізі осымен анықталады. Тексерудің барысында оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін сипаттайтын баға қойылады. Сол бағаны мұғалім талдай отырып тек оқушыны ғана емес, өзі оқытып жүрген материалды меңгеруде оқушы жіберген қателіктерден қорытынды жасайды, өз қызметіне кейбір өзгерістер енгізеді, жаңа әдістер, тәсілдер іздейді.

Сондықтан тексеру мен бағалаудың әділдігі едәуәр дәрежеде бүкіл оқыту үрдісінің табысты жүргізілуіне әсерін тигізеді. Білімді тексеру және баға қою әдісін меңгеру жас мұғалімдер үшін өте маңызды және қиын міндеттердің бірі болып табылады. Оқушыны бағалау оның қабілетсіздігін, жарамсыздығын дәлелдеп беру, емес бағалау арқылы оның неге көңіл аударуын, оқытудың жоғары сапалығы мен қабылдаудың ынталылығын, білімді беру мен сіңудің сапасын көтеру.

Оқушының үлгеруін есепке алу - көпқырлы құбылыс. Солардың ішінде ең кемі төрт функциясын айтуға болады: бақылау, оқыту, дамыту және ұйымдастыру.

Бірінші, өзіндік ерекшелігі бар оқушылардың үлгерімін есепке алудың міндеті бақылау барысында іске асады. Бұл алдындағы міндет ретінде орындалады. Оның табысты болуы мұғалім мен оқушының бірлігі мен ынтымағына байланысты: мұғалімнен оқушыға, қайта мұғалімге(«қайтарым» оқу материалын игеру дәрежесіне байланысты.)

Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды. Осы күнделікті, әр кездегі бақылаудың нәтижесінде оқытушы жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді.

Екінші оқытушылық функциясы - оқушының оқуына ықпал жасау. Үлгерімді есепке алудың оқытушылық функциясының екіжақтылық сипаты ар. Тәрбиелік жағынан оқушының оқуын есепке алу білімге деген көзқарасын, білімді саналы, ұжымда сергек дамгершілік қатынас, ой, пиғыл, жақсы дәстүр қалыптастыруы тиіс. «Білім алуға бар күш –жігерімізді аямаймыз», «Бізде сыбырлап айту болмайды» т.б.

Оқытушылық функциясында көп жағдайда оның табысты болуы оқуға оқушының өзінің жағымды қатынаста болуына байланысты. Білімін есепке алудың оқушының моральдық, адамгершілік ерік-жігері, интеллектілік күш –қуаты жеке баснының қасиеттері қалыптасады. Олай болса мұғалім оқушының білімді саналы қабылдауына, жауапкершілікпен қарауға, сынып ұжымын білім алуға ынтымақтығын, бірлігін ұйымдастырып, білім дәрежесін көтереді.

Үшіншіден дамытушылық функциясы жоғарыда айтылғандардың жағымды әсерінен пайда болады. Оқудың барысын есепке алу оқушының рухани және күш қуатының дамуына, есінің, ақыл –ойының және тілінің дамуына бүкіл дене мүшелерінің қабілетінің дамуына мүмкіншілік береді.

Төртіншіден үлгерімді есепке алу оқушылардың тәртібін ұйымдастыруға ықпал жасап, дұрыс бағыт сілтейді, оқуға деген қатынасты жақсартып, бірін – бірі түсінуге жетіседі, ұйымдастыру функциясының оқуды есепке алудағы негізгі оқушылардың өз бетімен күн режимін түсініп, уақытты дұрыс пайдалану, бірізділік, әр тапсырманы орындау, кәтап оқу, т.б. мәселелерді дұрыс түсінуі.

Дұрыс есепке алуды шешуді ұйымдастыру табысқа жетудің кілті.

Оқушының білімін есепке алудың табысты болуы төмендегі шарттарды орындауға да көпшілік жағдайда тәуелді болады.

Бірінші орынға есепке алудың әржақтылығы тұрады. Ол оқушылардың толық білім алуына, дағдыларын, іскерлігін, толық қамтуға мүмкіншілік береді. Қазақстанның бүгінгі білім беріп жатқан мектептерінде ол тереңдігімен, оны жеткізудің түрлерімен: нақтылық, образдылық, тіл, мәдениеті және еңбектену, бүгінгі күннің талабына сәйкестігімен, тұрақтылығымен т.б. ерекшеленуі тиіс.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімді есепке алуда, әр пәннің өзіндік ерекшелігін есепке алу қажет. Мысалы географиядан картаны білу, онымен жұмысістеуді есепке алумен ерекшеленеді.Әрине, бұл жеке пән әдістемесінің әрекеті.

Екінші шарты - есепке алудың үздіксіздігі. Ол есепке алудың жана жақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені ол анда- санда емес, ұзіліссіз әркез, бірізділікпен бүкіл оқу – тәрбие жұмысының барысында сабақтың мазмұнына және әдістемесіне жоғары талап қоюға жоғары мүмкіншілік береді. Ол есепке алудың сапасына білімді игеру тетігі ретінде, күш беріп, оқу – тәрбие жұмысында іскерлікті, жеке бастың сапалық жағын қамтамасыз етуге белсенді қатынасуға мүмкіншілік береді.

Үшінші шарты - есепке алуды жекелендіру. Өйткені мұғалім есепке алуды әр оқушының өзіндік ерекшелігін есепке алу , бір бірінен ажырату, жеке жұмыс істеу, оның табысы мен кейбір кемшілігін көріп өсуіне басшылық жасау үшін жүргізіледі. Бұл шарт жұмыс істеу үшін әр оқушыға есепке алуды түсініп, сыйлап, бағалауға ынталық білдіруі керек. Алғашқы үш шарт міндетті түрде, төртінші - әділеттікт талап етеді.

Есепке алудың жариялылығы тәрбиеге қатысты болады. Оушыға бағаның өлшемін білу, не үшін қойылғанын түсіну қажет. Оның дағдысын, іскерлігін, білімін, үниетанымын, пәнді меңгеруін тиянақтап, дамытуға жол сілтейді.

Есептің нақтылығы, әрекеттілігі - бұл шарттың әрекеттілігі есеп жүйесінде - белгілі нәтиже беретіндігіне, сол үшін де есеп жүйесі жасалады.

Есепке алудың бізге белгілі төрт түрі бар. Алдын ала есепке алу және материалды бөлімді белгілі курста бастар алдында мұғалім оқушылардың білімін, дағдысын, іскерлігін, анықтап алу үшін жүргізеді. Сыныптан жеке оқушының білімін алдын ала тексру мұғалімге жұмысын дұрыс жоспарлауға, оқушылардың білетіндерімен ұштастыруға мүмкіншілік береді. Ал оқушыға білгендерін жаңа материалды қабылдауға жетістіреді, тәжірибе жинақтайды. Ол үшін мұғалім алдын ала олардың жұмыстарымен танысады, әңгімелеседі, ата – аналармен кеңеседі, сол сыныпқа сабақ бертін басқа мұғалімдердің сабағына қатынасады, бқның пайдасы бірігіп жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.

Күнбе – күнгі есепке алу - мұғалім тарапынан күнделікті жүргізіледі. Ол оқушылардың күн сайын сабаққа әзірленуіне, сергектікке тәрбиелесе, мұғалім өз жұмысына талаппен қарауға, өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Күнделікті есепке алу бақылау жұмысында жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. Оның маңыздылығы оқушылардың ынтасын көтеріп, білімге деген ниетін, қажеттілігін туғызады. Әрине, ол мұғалім үшін өте иын жұмыс, бірақ өте қажет жұмыс болып саналады. Күнделікті бақылау негізгі есепке алу , оқушылардың оқуға, білім алуға жауапкершілігін қамтамасыз ететін, үнемі оларды еңбек етуге жетелейтін құрал.

Оқытудың нәтижесін тексеру оқыту үрдісінің негізгі компоненті болып табылады. Тексеру нәтижесінде оқушылардың материалды меңгеру нәтижесін сипаттайтын баға қойылады.

Оқушылардың оқу үлгерімн есепке алу – көпқырлы құбылыс. Бақылау оқыту үрдісінің бір бөлігі болғандықтан білімдарлық, тәрбиешілік, дамытушылық, функциялар атқарады, бірақ бақылаудың негізгі фунциясы – диагностикалық.Дидактикаға белгілі мынадай бақылау түрлері бар: күнделікті, мерзімді, қорытынды. Күнделіті бақылаудың маңыздылығы оқушылардың ынтасын көтеріп, білімге деген ниетін, қажеттілігін туғызады, үнемі еңбек етуге жетелейді. Мерзімді бақылау әр тоқсанның сонында үлкен бағдарламаның тараулары өткенде жүргізіледі, онда күнделікті бақылау да есепке алынады.

Бақылау әдісі дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың жүйелі т.рде жүргізілетін өзара байланысты диагностикалық іс -әрекеті, соның нәтижесінде оқу үрдісінде кері байлнысты қамтамасыз етеді. Қазіргі дидактикада бақылаудың мына әдіс терін атауға болады: ауызша бақылау, жазбаша бақылау, практикалық бақылау әдісі, дидактикалық тесттер т.б.

Ауызша бақылау әдістері - әңгімелесу, оқушының әңгімесі, түсіндіру, мәтінді оқу, технологиялық картаны, схеманы оқу, тәжірибе туралы айту. Ауызша бақылауды оқушының монологиялық жауабы құрайды. Сабақта күнделікті ауызша ауызша бақылау жүргізіледі. Тәжірибелі мұғалімдер әртүрлі сұрау сабағын жүргізеді.

Дидактикалық тесттер оқыту нәижесін тексеруде жаңа әдістердің бірі болып саналады. Дидактикалық тест дегеніміз оқушылардың білім дәрежесн меңгеретін белгілі материал бойынша стандартты тапсырманың жиынтығы.Ең алғашқы тесттер 21 ғасырдың аяғында пайда болды. Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер 20 ғасырда тестіні кеңінен пайдаланған. Тест мына талаптарға сай болуы керек: объективті, сенімді, белгілі өлшемді қамтамасыз ету. Сенімді дегеніміз тестті бірнеше рет қайталағанда көрсеткіші бір нәтижені береді. Белгілі нәтижені қамтамасыз ету дегеніміз тестті жасаған адам белгілі бір қабылдау деңгейін анықтайды. Тесттің бірнеше түрлері бар.

Оқушылар білімін тексеру мен дұрыс бағалау - жауапты міндет. Егер тексеру мен бағалау бір жүйеге келтірілмей, қалай болса солай жүргізіліп, оның сұрақтары кездейсоқ алынса , онда тыңдаушылардың іс -әрекеттері тиянақты білім алуға бағытталмай, берекесіздік пайда болады. Әрбір тақырыпты өткенде оқушыларға соған қатысты қандай материалды біліп, қандай сұрақтарға жауап бере алуы қажет екені алдын ала таныстырылуы қажет.

Сонымен дұрыс ұйымдастырылған тексеру мен бағалау оқушылар біліміндегі кемшіліктерді дер кезңнде байқап, оны жоюға, келешектегі істелетін жұмыстарды сыныппен немесе жке оқушылармен, әлде белгілі бір оқушылар то бымен ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ сабақтың жоспарына негіз болып, неге баса назар аудару қажеттігін анықтауға, сөйтіп, бүкіл оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Бақылау сұрақтары:


  1. Бақылау деген не ?

  2. Бақылаудың түрлері?

  3. Ауызша бақылау әдісі?

  4. Бақылаудың шарттар?

  5. Бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер, оның маңызды міндеттерін атаңыз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет