Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет15/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   200
Asyl-analar

 
 
емшілік істерінде, рұқсат сұрау мәселелерінде әйел адамға 
қатысты арнайы баптар арналғандығы. 
Тіпті Әсмә Язидқызы әс-Сәкуния (Аллаһ оған разы болсын) 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп, әйел мәселесіндегі көпшілікті 
толғандыратын сұрақтар жайлы ойын ашық, батыл жеткізе 
білген. Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сені Аллаһ тағала еркектер 
мен әйелдерге бірдей жіберді. Саған иман келтірдік. Біз, әйелдер 
тобы, кемшін, шектелген күйде, күйбең тіршілікпен үйде 
отырамыз, еркектердің көңілін жай таптыратын орынбыз
олардың балаларының қызметкеріміз, еркектерге әйелдерге 
қарағанда көп артықшылықтар берілген. Мысалы: жұма 
намазы, жамағат намазы, ауру-сырқауды зиярат ету, қажылық 
жасау, жаназа намазына қатысу және олардың ең абзалы – 
Аллаһ жолындағы күрес. Уа, Аллаһтың елшісі! Бізге олардікіндей 
сауап бар ма?» – дейді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
сахабаларына бұрылып:
«Мына әйел кісінің не айтқанын естідіңдер ме? Дін 
жайында мұнан артық сұрақ бар ма?» – деген. 
Демек, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз құқығын талап еткен әйелді, 
өзіне тиісті дәрежені сұраған әйелді мақтаған. Сосын ол (с.а.с.) 
Әсмә Язид қызына: «Жақсылап ұғып ал және басқа әйелдерге де 
түсіндір: расында, әйелдің күйеуіне бағынуы, оны разы қылуы 
және онымен келісуі осылардың бәріне (еркектерге берілген 
артықшылықтарға) тең болады», – деп айтты
1

Демек, Исламда әйелді көтермелеу жай көзқарас күйінде 
қалып қоймай, жүзеге асырылды.
1
Әт-Тирмизи, Жиһад: 5, 19. 


20
 
 
I. 
БӨЛІМ 
 
ҚҰРАН КӘРІМДЕ ЖӘНЕ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет