5
АЛҒЫ СӨЗ
Жалпы, қоғамымыздың жартысын әйелдер құрайды. Ол
(әйел) –
ана, ол – жар, ол – перзент, ол – әпке-қарындас. Ер адам
әйелді тәрбиелесе, әйел балаларды –
қоғамның болашақ
мүшелерін тәрбиелейді.
Әйелдердің қоғамдағы рөлі мен орны жөнінде жазылған бұл
еңбек адамзат тарихында аттары алтын әріппен жазылған
ардақты аналарымыздың өмірінен үзік-үзік сыр шертетін тарихи
тәмсілдерден,
кейінгі
ұрпаққа
үлгі
боларлық
өнегелі
әңгімелерден тұрады. Осы еңбекті тәмамдауға мүмкіндік
берген
Аллаһ тағалаға шүкірлік етіп, қолдап-қуаттап көмек көрсеткен
азаматтарға шексіз алғысымызды білдіреміз.
Жинаққа негіз ретінде әз-Зәһәбидің «Сиәр аъләмун-нубәлә»,
Ибн әл-Әсирдің «Усдул-ғаба», «әл-Кәмил фит-тарих», Ибн
Сағдтың «әт-Табақатул-кубра», Ибн Хажардың «әл-Исаба фи
тәмйизис-сахаба» және Ибн Кәсирдің «әл-Бидәя уән-ниһая»
сияқты тарихи кітаптары пайдаланылды.
Кітапқа оқырманның ой-желісін әңгіме арнасынан бөлмеу
мақсатында кейбір қысқартулар енгізілді. Мысалы:
– Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.)
аты аталған кезде
әрбір мұсылман «салла Аллаһу ъаләйһи уә сәлләм» (оған
Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) деп тілек-дұға айтуы
тиіс. Біз оны «(с.а.с.)» деп, ықшамдалған түрде бердік және
Аллаһтың елшісіне пайғамбарлық міндет жүктелуден
бұрынғы
уақиғаларда ол кісіге қатысты «(с.а.с.)» дұғалығын келтірмей,
оны айтуды оқырманның еншісіне қалдырдық.
– Пайғамбарлардың бірінің есімі аталғанда, «аләйһис-сәләм»
(оған сәлем болсын) деп тілек-дұға айтылуы қажет.
Олардың
есімдері өте көп кездесетіндіктен, әңгіменің басында ғана
«аләйһис-сәләм» деген сөзді келтіріп, кейінгісін оқырмандардың
еншісіне тастадық.