Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет200/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Asyl-analar

 
 
қайғырмаңыз, ұлыңыз өлсе, орнында мен бармын», – дейді. 
Сонда Зубәйда: «Орнында сендей бауыр қалдырған балаға қалай 
қайғырмайын, уа, мүміндердің әміршісі!» – деп жылайды. Оған 
қосылып егіліп Мамун да жылайды. Ұлын өлтіргеніне 
қарамастан, Зубәйда мен Мамунның арасында өте жақсы
құрметті қарым-қатынас қалыптасады. Зубәйда Мамунға: «Мен 
баламды жоғалтқанда, сені маған берген Аллаһқа шүкір! Мен 
ұлымды жоғалтқан жоқпын, орнында сен барсың», – дейтін. 
Мамун Ахмад ибн Халидқа: «Мен мұндай сабырға ие әйелді 
ешқашан көрген емеспін», – деген. 
Кейде Мамун Зубәйданың ұлын жоқтап шығарған өлеңдерін 
оқыған сайын, қайғыдан егіліп жылап, талықсып қалатын. 
Зубәйдаға Әминді өлтіруді қаламағанын айтып: «Аллаһтың 
атымен ант етейін! Мен ешкімге мұны бұйырмадым! Оған разы 
да болмадым! Аллаһым! Таһир ибн Хусейннің жүрегін жап!» – 
деп оның өз бұйрығынсыз бауырын өлтіргеніне нала болатын. Ал 
Зубәйда: «Уа, мүміндердің әміршісі! Сен екеуіңнің алдарыңда бас 
қосатын бір Күн бар! Аллаһ қаласа, сол күні сендерді Аллаһтың 
кешіруін үміт етемін!» – дейтін. 
Осылайша Зубәйда һижраның 216-жылы Бағдатта дүние 
салғанға дейін қалған өмірін құлшылық-ғибадатпен өткізеді. 
Аллаһ оған рақым етсін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет