Асыл аналар


ХАДИСТЕРІНДЕ АТАЛҒАН ӨНЕГЕЛІ ӘЙЕЛДЕР



Pdf көрінісі
бет16/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   200
Asyl-analar

ХАДИСТЕРІНДЕ АТАЛҒАН ӨНЕГЕЛІ ӘЙЕЛДЕР 
Ибраһимнің әйелдері Сарра және Ажар 
Ибраһимнің келіні 
Айюбтың әйелі 
Мұсаның анасы және Әсия Музахимқызы 
Билқис 
Мәриям Имранқызы 


21
 
 
ИБРАҺИМНІҢ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ)
ӘЙЕЛДЕРІ САРРА ЖӘНЕ АЖАР 
«Аллаһым, егер Саған және пайғамбарларыңа иман келтірген 
болсам және күйеуімнен басқадан ар-намысымды сақтаған 
болсам, мені мына бұзықтан құтқар».
«Демек, Аллаһ бізді құрдымға тастамайды»
Бұл – адамзат тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, 
пайғамбарлардың атасы Ибраһимнің әйелдері Сарра және Ажар 
жайлы әңгіме. Сарра он алты жасында Ибраһим пайғамбарға 
тұрмысқа шыққан. Сарра көз тұнар сұлулықтың өзі еді. Тіпті 
адамзат тарихында ең сұлу әйел Хауа анамызды есептемегенде, 
одан сұлу ешкімнің болмағаны жайлы айтылады. Сарра 
Ибраһимге иман келтірген, оның әрі әйелі, әрі ізбасары болды. 
Ол Ибраһиммен бірге Ирактан Шамға, Мысырға, Палестинаға 
қоныс аударған. Сарраның дәрежесін ашып көрсеткен уақиға 
Мысырда орын алған-ды. Ибраһим мен Сарра Мысырға көшіп 
келеді. Ол жерде бір жауыз, қатыгез патша билік құрып отырған-
ды. Ел құлағы елу емес пе, патша өз мемлекетіне бүкіл 
адамзаттың ең сұлу әйелі кіргенін естиді. Бұл жаңалықтан 
хабардар болған залым патша есекдәмеге беріліп, зұлым ойға 
кетеді. Патшаның надандығы сондай, ол әйелге деген құрмет, ар-
намыс, абыройға көңіл бөлмейтін, ешқандай жауапкершіліксіз
адамгершілік қасиетке сүлесоқ қарайтын тоңмойын болатын. 
Арам ойын іске асыру мақсатымен Сарраны иемденгісі келіп, 
оны алып келуге жұмсаған әскеріне: «Қасындағы еркектен 
сұраңдар, оған кім болады екен, егер күйеуі болса, өлтіріңдер!» – 
деп бұйырады. 
Әскер Ибраһимге келгенде, пайғамбар олардың суыт жүрісін 
сезеді. Әскерлер: «Мына әйел кімің болады?» – деп сұрағанда, 
Ибраһим: «Қарындасым», – деп жауап берді. Сосын Ибраһим 
Сарраға: «Егер сенен сұраса, менің қарындасым екеніңді айт. 


22


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет