«Не әңгіме болып жатқанын білесің бе? Әйелім әрі немере
ағамның қызы Уммул Бәнин:
«Мына қасыңызда қаруын түгел бойына асынып отырған
бәдәуи кім? Неге күзетсіз отырсыз?» – деп сұратыпты. Мен оған:
«Қорықпа, бұл – Хажжаж», – дедім деп мұнысымен өзінің
Хажжажға сенетінін жеткізгісі келеді. Уммул Бәнин қызметкерін
күйеуіне қайта жіберіп:
«Сіздің Хажжажбен мұндай жағдайда отыруыңызды мүлдем
қаламаймын. Өйткені ол Аллаһқа бойсұнушы, ақиқат
жақтаушыларын өлтірген. Осындай ұлы адамдарды өлтірген
жанмен оңаша қалуға қорықпайсыз ба? Мен үшін сіздің
жаныңызда өлім періштесінің болуы Хажжаждың болуынан
жақсырақ», – деп айтқызады. Мұны естіген Хажжаж Уммул
Бәниннің халифаны өзіне қарсы қоюынан қауіптеніп:
«Әйелдердің сөзіне көңіл аудармай-ақ қойыңыз, уа,
мүміндердің әміршісі! Әйел деген – райхан, қаһарман емес.
Оларға сырыңды ашып, айла-тәсіліңді айта берме. Өйткені
олардың ойлары келте, шешімдері әлсіз және оларға алдыңда
арашашы болуға жол берме, олармен көп отырма. Бұл сіздің
ақыл-парасатыңыз бен қадір-қасиетіңізге кереғар келеді», – дейді.
Бұл Хажжаждың әйел жайлы білдірген ойы еді. Оның бұл
сөздерінен Уммул Бәнин хабардар болады.
Хажжажбен сұхбатын аяқтаған соң, Уәлид ибн Абдул-Мәлик
Уммул Бәнинге кіреді. Бірақ Уммул Бәнин күйеуіне еш нәрсе
деместен, тек:
«Уа, мүміндердің әміршісі! Мен Хажжаж ибн Юсуфтың қадір-
қасиеті жайлы көп естігенмін. Мен оның алдыма кіріп, маған
сәлем беріп шыққанын қалаймын», – дей салады.
Ертеңіне Хажжаж ибн Юсуф Уәлид ибн Абдул-Мәликке
келгенде, халифа оған: «Уммул Бәнинге кіріп, сәлем беріп шық»,
– дейді. Хажжаж: «Кірмей-ақ қойсам қайтеді?» – деп
қашқақтайды. Бірақ халифаның қайта бұйыруымен оның алдына
кіруге мәжбүр болады. Алдына барып кіруге рұқсат сұраған оны
250
Достарыңызбен бөлісу: |