Сөйтіп, бұл жобаны бастамас бұрын Зубәйда өзінің бас
есепшісімен ақылдасады, есепші оған:
«Егер бұл жұмысты бастасаң, саған үлкен қаражат керек
болады», – дейді. Сонда Зубәйда нартәуекелге бел буып:
«Әрбір балтаның соққысы бір динарға түссе де, жұмысқа
кірісіңдер», – деп нұсқау береді. Көп кешікпей тауды үңгу
жұмыстары да басталады.
Істің басталуынан көп өтпей-ақ бас есепші Дауд Зубәйдаға
келіп: «Бүгінгі күнге дейін осы жұмысқа төрт жүз мың дирһам
жұмсалды», – дейді. Зубәйда алған бетінен қайтпай: «Бұл
сөзіңмен сен нені меңзеп тұрсың? Мені кеткен малға бармақ
тістеп өкінеді дейсің бе, жоқ әлде осы қайырлы істен қайтарғың
келе ме? Қанша мал жұмсалса да, барып осы істі жалғастыр!» –
деп оны қайта жөнелтеді. Сөйтіп, Зубәйданың демеушілігімен
мамандар сондай бір көлік құралдары, көтергіш машиналар,
динамит сияқты қопарғыш заттар жоқ заманда тынымсыз
еңбектің арқасында қара қолдың күшімен тауды жарып, Харам
мешітінің аумағына су жеткізеді. Бір кездердегі Зубәйда
қаздырған осы каналды Сауд Араб мемлекеті осы күнге дейін
жаңартып пайдаланумен келеді.
Жұмыс аяқталып, істің басы-қасында жүрген адамдар есеп-
қисап беру үшін Зубәйданың алдына кіреді. Адамдардың алғысы
мен дұғасына бөленер бұл еңбегінің жеміс бергеніне Зубәйда
қатты қуанады.
Есеп алудан бұрын Зубәйда әуелі: «Маған сол каналдың
суынан алып келіңдер», – деп су алдырады. Содан соң есеп-қисап
жазылған дәптерлердің сиясын әлгі сумен жуып өшіріп,
есепшілердің алдына көп мал-дүние беріп: «Мынадан есепсіз
алыңдар, есеп Есеп күні болады», – деп, өзінің шексіз
ризашылығын білдіреді.
Ендігі кезекте Зубәйда қажылық жасаушылар үшін Бағдаттан
Меккеге барар жолдың ат шалдырар қашықтығының әрбір
жерінен су көздерін ашуды бұйырады. Ол су көзі табылмаған
261
Достарыңызбен бөлісу: |