Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет191/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   200
Asyl-analar

 
 
Харижидің жарақатына байланысты оның әйелі Ғазалә Харижия 
басқарған-тұғын. Бұл әйел жорықтардың бірінде таң намазын 
Хажжаж билік жүргізіп отырған Куфаға барып оқуға және 
бірінші ракағатта «Бақара» сүресін, ал екінші ракағатта «Әлі 
Имран» сүресін оқуға қасам ішеді. Сөйтіп, іс жүзінде де Ғазалә 
әскерімен Куфаға келіп, анты бойынша екі ракағат намаз оқиды. 
Оның бұл әрекетіне Хажжаж түк істей алмайды. Осыны бетіне 
басқан Уммул Бәнин Хажжажды тұқырта: «Саған назары түскен 
ақынды Аллаһ өлтірсін! Ғазалә Харижия қалаңа келіп, мешітіңде 
намаз оқығанда, қолыңнан түк келмей, сарайыңда қарап отырған 
жоқсың ба? Сен өстіп әйелден жеңіліп тұрып, әйелдердің 
артынан сөз өрбітесің бе?» – деп жер-жебіріне жете келе, 
қызметкерлеріне «Оны шығарып жіберіңдер», – деп бұйырады. 
Оның алдынан шыққан Хажжаждың жүруге халі болмай, 
аяғын әлтек-тәлтек басып қалған еді. Сосын ол есін жиып, 
Уәлидке келеді. Халифа оған: 
– Не болды, түрің өзгеріп кетіпті ғой? – дейді. Хажжаж: 
– Уа, мүміндердің әміршісі! Барғаннан Уммул Бәнин ауыз 
жаппады. Тіпті бұдан гөрі жердің жарығына түсіп кеткенім 
жақсы еді. Аллаһтың атымен ант етейін! Ешбір әйелді мұндай 
шешен сөйлейді деп ойлаған емеспін, – дейді. 
Сонда Уәлид: 
– Ей, Хажжаж! Ол Абдул-Азиз ибн Маруанның қызы ғой, – 
депті оған. 
Міне, осындай ұлы тұлғалы әйел, Уәлид айтқандай, әкесінен 
тәлім алған еді. Оның әкесі: «Менің иман келтірген, Аллаһтың 
ризық Беруші екеніне сенген, сөйте тұрып, сараңдық қылған 
мүмінге таңым бар», – дейтін. 
Осындай әкеден тәлім алған Уммул Бәнин: 
«Әрбір адамның өзіндік құмарлығы бар. Ал менің 
құмарлығым – мал-дүние жұмсау және үлестіру. Аллаһтың 
атымен ант етемін! Туыстық қарым-қатынас, жақсылық және 


253
 
 
жұбату мен үшін аш кездегі тамақ пен шөл қысқан кездегі 
сусыннан да жақсырақ», – деп айтатын. 
Өзі айтқандай, бұл әйелдің құмарлығы садақа тарату еді. Ол 
бұдан ләззат алатын. Ол біреуге садақа берудегі ләззатты 
аштықта желінген тамақ пен шөліркеп ішілген сусынның 
ләззатынан да жоғары санайтын. 
Оған «Сен көрген нәрселердің ең жақсысы не?» деген сұрақ 
қойылғанда: «Аллаһтан келген нығмет», – деп жауап берген. 
Сондай-ақ ол: «Мен жақсылықта болмаса ешкімді күндеген 
емеспін», – дейтін. 
Сонымен қатар Уммул Бәнин адами көзқарасы жоғары 
парасатты жан еді. Тіпті ол дұшпандары туралы да тура 
көзқараста қалатын. Солардың бірін айтсақ, сол тұста оның 
көкесі Абдул-Мәлик ибн Маруанға қарсы елде көтеріліс орын 
алады. Көтерілісшілердің басында Мусғаб ибн Зубәйр (Абдуллаһ 
ибн Зубәйрдің інісі) болды. Мусғаб көптеген жақтаушыға ие 
болып, умәуилер мемлекетінің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. 
Мусғабтың ақыны Ғұбайдуллаһ ибн Қайс әр-Руқайят деген кісі 
еді. Мусғаб ибн Зубәйрді жұртқа таныстыруда, адамдарды оның 
жағына өтуге үгіттеуде үлкен рөл атқарады. Ол тілі өте әдемі, 
өлеңдері шымыр, сөздері әсерлі ақын еді. Оның үндеуімен 
адамдар топ-топ боп келіп, Мусғабтың жасағына қосылып 
жатады. Ақын Ғұбайдуллаһ ибн Қайс Мусғабты мақтап, Абдул-
Мәлик ибн Маруанды әжуалайтын. Бірақ бұл көтеріліс 
кескілескен соғыстардың нәтижесінде жеңіліс тауып, Мусғаб ибн 
Зубәйр өлтіріледі. Көтерілісшілер жанышталғаннан кейін халифа 
Абдул-Мәлик, Мусғабтың үгітшісі, ақын Ғұбайдуллаһ ибн 
Қайсқа іздеу салады. Оны тірідей не өлідей әкелген адамға 
сыйлық тағайындайды. Ғұбайдуллаһ жасырынып бой тасалап 
жүреді. Ол өзіне қорған болар адам іздеп, Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) жақын туысының бірі Абдуллаһ ибн Жағфар ибн Әбу 
Талибке барады. Бұл Абдуллаһ өте жомарт кісі еді. Тіпті ол 
жомарттықта Хатим Таи жомарттан да жоғары болған. 


254


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет