Асыл аналар


«(Мұхаммед!) Олар таласып, қайсысы Мәриямды



Pdf көрінісі
бет42/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   200
Asyl-analar

«(Мұхаммед!) Олар таласып, қайсысы Мәриямды 
кепілдігіне алу үшін қаламдарын (өзенге) лақтырған кезде 
сен қастарында болған жоқсың»
1
, – деген. 
Бұл ұстаздардың арасында Зәкәрия да бар еді. Барлық 
ұстаздардың қаламы өзен ағысымен кетеді де, жалғыз 
Зәкәрияның ғана қаламы ағысқа қарсы жүзеді. 
Сөйтіп, Зәкәрия Мәриямға кепіл болып, оны тәрбиесіне алады. 
Уақыт өте келе Мәриям дүниелік істерден баз кешіп, өзін Тәңірі 
ғибадатына бағыштап, Аллаһқа жан-тәнімен құлшылық етіп, елге 
ізгілігімен танылады. Діншіл, ғибадатшыл Мәриямның бойынан 
кереметтер бой көрсете бастайды. 
Бір күні Зәкәрия қыс мезгілінде Мәриямның бөлмесіне 
кіргенде оның дастарқанында тұрған жаздық жеміс-жидектерді 
көреді. Ол уақытта бүгінгідей жеміс-жидектерді сақтаудың алуан 
тәсілдері және сақтау құралдары болмаған. Тіпті Зәкәрия бұл 
кереметтің бір емес, бірнеше рет куәсі болады. «Зәкәрия оған 
(Мәриямға) михрабқа қашан кірсе де, оның алдынан бір 
ризық-несібе көретін»
Ал бұл әдеттегі азық емес-ті. Зәкәрия Мәриямнан: «Бұл сенде 
қайдан пайда болды, ей, Мәриям?!» – деп сұрағанда, ол: «Бұл – 
Аллаһтан», – деп жауап береді. Аллаһ тағаланың сол әйелге 
көрсеткен құрметі сондай, тіпті оған періштелер Раббысының 
алдынан ризық әкелетін. Иә, «Аллаһ қалаған пендесіне есепсіз 
ризық береді»
2

1
«Әлі Имран» сүресі, 44-аят. 
2
«Әлі Имран» сүресі, 37-аят. 


53
 
 
«Кім Аллаһтан қорықса, (Аллаһ) оған шығар жол береді 
және оны өзі ойламаған жерден ризықтандырады»
1

Мәриямды тәрбиелеп өсірген Зәкәрия оның бойындағы 
осыншалықты қасиеттерді көріп, көңілі ауып, өзі де бір бала 
сүйгісі келеді. Бұл кезде ұлы Яхия (аләйһис-сәләм) әлі туылмаған 
еді. Ол Аллаһтан Мәриямдай ізгі ұрпақ сұрап: «Раббым, маған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет