63
«Сендерге Аллаһтың елшісіне азар беруге және өзінен
кейін оның әйелдеріне үйленуге болмайды. Егер (олай
істесеңдер
), ол – Аллаһтың алдында зор (күнә)
»
1
.
Оларға Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы болу міндеті жүктелген.
Олар Аллаһ тағала тарабынан бір-бірімен жалғасқан нұсқау-
бұйрықтар алған.
«Ей, Пайғамбар әйелдері! Сендерден кім ашық арсыздық
істесе, оның азабы екі еселенеді. Бұл Аллаһқа оңай.
Сендерден кім Аллаһқа, Оның елшісіне бойсұнып, ізгі амал
жасаса, оған сауап екі рет беріледі. Әрі біз оған мол ризық
дайындап қойдық. Ей, Пайғамбар әйелдері! Сендер басқа
әйелдердің біреуіндей емессіңдер (яғни
өзге әйелдермен бірдей
емессіңдер)
. Егер тақуалық қылсаңдар, (бөгде еркектерге)
назданып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар адам
сендерден дәмеленеді. Ендеше, тура сөз сөйлеңдер. Өз
үйлеріңде отырып, алғашқы жәһилият дәуіріндегідей ашық-
шашық жүрмеңдер. Намаз оқыңдар, зекет беріңдер, Аллаһқа
және Оның елшісіне бойсұныңдар. Ей, пайғамбар үй-іші!
Аллаһ сендерден ластықты (яғни күнәларды)
кетіріп, сендерді
тазартуды қалайды. Сондай-ақ үйлеріңде оқылған Аллаһтың
аяттары мен хикметті еске алыңдар. Расында, Аллаһ
(құлдарына)
Жұмсақ, (олардың жағдайларынан)
толық
Хабардар»
2
.
Біздің пәкиза аналарымыз осы берекелі жүкті
абыроймен
арқалап өткен. Сөйтіп, Пайғамбар (с.а.с.) жұбайларының
тұлғалары Құранда мәңгі сақталған.
Онымен бірге тіләуат
етілетін ғибадатқа да айналған.
Олар Пайғамбарымызды (с.а.с.) ешқашан дүние тіршілігі мен
оның сән-салтанатына алмастырған жоқ. Аллаһ тағаладан:
1
«Ахзаб» сүресі, 53-аят.
2
«Ахзаб» сүресі, 30-34 аяттар.