Асыл аналар



Pdf көрінісі
бет52/200
Дата09.12.2022
өлшемі1.38 Mb.
#466915
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   200
Asyl-analar

 
 
оның өмірінде тыныш тіршілік белестері басталады. Бірақ көп 
ұзамай, бір күні ол тыныш тіршілігіне нүкте қойған түс көреді. 
Бұл түс Хадишаны беймаза күйге түсіріп, бойында үміт шоғын 
үрлейді. Ол түстің орындалуын тағатсыздана күтеді. Ол түсінде 
Мекке көгінен шыққан Күн шұғылалы сәулесімен жер-жаһанға 
нұр шашып тұрғанын көрген-ді. Ояна сала толғанысы мен жүрек 
дірілін басып, аздап өз-өзіне келген соң, немере ағасы Уарақа ибн 
Нәуфәлдың үйіне барады. Бұл кісі ақиқат жолын іздеушілерден 
болатын. Оның көзқарасы дұрыс әрі таза еді. Ол өзін сол кездегі 
құрайыштардың сиынып, табынатын пұт-мүсін тәріздес жалған 
құдайларынан аулақ ұстайтын. Ол Мәриямұлы Исаның дінін 
қабылдап, бірқұдайшылдықты ұстанатын. 
Хадиша оған өзінің түсін айтқанда, Уарақа:
«Сен көрген Күн мен оның сәулесінің шұғыласы, бұл – ең 
соңғы пайғамбардың дүниеге келуінің және оның сенің үйіңе 
кіретіндігінің белгісі, демек, сен оған тұрмысқа шығасың, ей, 
қарындасым!» – дейді. 
Бұл сөздерді естігенде, Хадишаның тұла бойын тебірену мен 
толқыныс билеп алады. Абыржулы күйде ештеңе сезбей өз-өзіне: 
«Мен кезінде өзімді балаларымның тәрбиесі мен кәсібіме 
бағыштап, құрайыш тайпасының небір беделді де құрметті 
ерлерінің бетін қайтарған едім. Егер мені осы үмбеттің 
пайғамбарымен отау құру күтіп тұрған болса, бұл басқа мәселе! 
Бұл жоғарыдан жіберілген Тәңірімнің рақымы және мұның 
артында игілік бар», – дейді. 
Осыны айтып, ол желбегейін жамылмастан жүгіріп қасиетті 
Қағбаға келіп, тауап ете жүріп, Аллаһтан әдеттегіше саудасының 
берекесін емес, осы түстің орындалуын сұрады. Осыдан бастап 
оның көңілі алабұртып жай таппай, әлдебір нәрсені іздеп, бір 
жайтты күткендей аласұрады. 
Күндер өте келе құрайыштардың арасындағы әңгімелерден 
қой бағуды кәсіп еткен, әрі көкесі Әбу Талибқа көпжанды 
отбасын асырауға қолғабыс жасайтын Мұхаммед деген жас жігіт 


67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   200




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет