Әсмәнің күйеуі Зубәйр ибн Аууам жорыққа мінетін жалғыз
атынан басқа ештеңесі жоқ кедей жігіт болатын. Бұл атты Әсмә
күтіп, баптайтын. Кейіннен Пайғамбарымыз (с.а.с.) қиын
тұрмыстарын ескеріп, оларға Мәдинаның шетінен күнкөріске
жарайтын біраз құрма бағын ажыратып береді. Зубәйр атты соғыс
өнерін өте жетік меңгерген батыр жауынгер еді. Ұлының да
әкесіне ұқсауын қалаған Әсмә Абдуллаһты атқа мінуге жараған
кезінен бастап-ақ Зубәйрға қосып шайқастарға жіберетін.
Бұл – сол кездегі аналардың ұлдарын ержүректілікке
шыңдауының көрінісі. Абдуллаһ ибн Зубәйр осындай ана
тәрбиесінің арқасында бірегей батырлығымен және ілімімен
танылған төрт Абдуллаһтың бірі болды. Бұл төрттікке Ибн
Зубәйрмен бірге, Абдуллаһ ибн Аббас, Абдуллаһ ибн Омар және
Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас кіреді. Аллаһ оларға разы болсын!
Сондай-ақ Әсмә ұлын Айша анамыздың үйіне жиі жіберетін.
Осылай Абдуллаһ уақытының көп бөлігін Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) үйінде өткізетін. Оның бұл үйде жиі болуы себепті Айша
Умму Абдуллаһ (Абдуллаһтың анасы) деп аталған.
Әсмә Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезіндегі, әкесі Әбу Бәкірдің,
Омар, Осман халифалардың (Аллаһ оларға разы болсын)
тұстарындағы түрлі жағдайлардың куәсі болған. Ол бүлікшілер
Османның үйін қоршауға алған кезде халифаны қорғауға ұлы
Абдуллаһты жібереді.
Сонымен қатар Әсмә – Муғауия халифалығының да куәгері.
Муғауия (Аллаһ оған разы болсын) дүниеден өткеннен кейін
халифалық таңдау жолымен емес, мұрагерлік арқылы Язидқа
өтетін болғанда, Әсмәнің ұлы Абдуллаһ оған байғат (келісім
антын) беруден бас тартып, әділетсіз жолмен құрылған үкіметке
қарсы көтеріліс бастайды. Көптеген адам Абдуллаһқа байғат
береді, тіпті біраз ғалымдар «ресми халифа Абдуллаһ ибн Зубәйр
болды» деген де пікір білдірген. Бірақ ұзақ уақытқа созылған
қақтығыстың нәтижесінде умәуилер мемлекеті зубәйрилерді
жеңіп, жетпіс үш жастағы Абдуллаһ ибн Зубәйр ең ақырында
177
Достарыңызбен бөлісу: |