180
жұбатады
1
. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзіне Әсмәнің көңілі
көтеріліп, марқайып қалады.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) ылғи да жас Исламның алғашқы
өкілдеріне, діндерін қорғауда мүшріктермен арпалысып,
имандарын шүберекке түйіп жүрген
мұсылмандарға жандарына
медеу
болар
сөздер
айтып,
қолтықтарынан
демеп,
қайраттандырып отыратын. Әсіресе олардың Аллаһ жолында
атқарған еңбектерін елеп-ескеріп, игі
істеріне мақтау білдіріп
көңілдерін көтеретін.
Уақыт ағын судай зымырап өте береді. Мәдинада Әсмә мен
Жағфардың отбасында үш перзент тәрбиеленіп жатқан еді. Бір
күндері Жағфар қосалқы қолбасшылардың бірі ретінде Мута
шайқасына қатысады. Алдыңғы
қолбасшы мерт болған соң,
Жағфар әскер басшылығын өз қолына алып, Ислам туын мықтап
ұстап, қайнаған күш-қайратпен ерен ерлік көрсетеді. Кескілескен
ұрыста екі қолы кесіліп, аттан құлап түскенше Ислам туын жерге
түсірмей, оны иегімен қысып ұстап тұрады. Ол осы өжет
ерлігінің сыйы ретінде «Самғар Жағфар» дәрежесіне қол
жеткізеді. Өйткені Аллаһ тағала оның Мута шайқасында кесілген
екі қолын жаннатта екі қанатпен айырбастап берген. Ол
осы
қанаты арқылы жаннаттың өзі қалаған жерінде ұшып жүре алады.
Бұл Аллаһтың оған Қияметке дейінгі берген сыйлығы ғана. Ал
Қиямет күнгі сыйы неше есе көп болады – ол бір Аллаһқа ғана
аян.
Мута шайқасында Жағфармен қатар Исламның біртуар
батырлары Абдуллаһ ибн Рауаха,
Зәйд ибн Харисалар да
өлтіріледі, Аллаһ оларға разы болсын! Жағфар шәһид болғанда,
Пайғамбарымызға (с.а.с.) оның қазасы жайлы уахи келеді. Бұл
жайтты Әсмә Умайсқызы былайша әңгімелейді:
1
Ибн Сағд, Табақат: 281.